- Презентации
- Педагогика пәні бойынша Тәрбие заңдылықтары және принциптері Презентация материалы
Педагогика пәні бойынша Тәрбие заңдылықтары және принциптері Презентация материалы
Автор публикации: Кабимолдина А.К.
Дата публикации: 18.11.2016
Краткое описание:
1
Тәрбие принциптері, заңдылықтары.
2
Жоспар: 1. Тәрбиенің заңдылықтары 2. Тәрбиенің принциптері
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Тәрбиенің негізгі зандылықтары. Педагогикалық құбылыс пен үрдіс арасындағы байланысты заңдылықтар деп атайды.
4
1. Тәрбиенің қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, демократиялық принципті іске асыруына, адам құқығын қорғау мәселелеріне тығыз байланыстылығы.
5
2. Тәрбиенің оқыту мен білім берудің сапасына байланыстылығы.
6
3. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу бірлігі.
7
4. Педагогикалық процестегі ұжым мен жеке адамның өзара байланысы.
8
Тәрбиенің принциптері. Принцип дегеніміз - адамның іс-әрекетінде басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережесі. Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің іргетасын қалайтын негізгі қағидалар:
9
4. Педагогикалық процестегі ұжым мен жеке адамның өзара байланысы.
10
1. Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы. 2. Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу 3. Тәрбие барысында жеке тұлғаға қойылатын талап пен көрсетілетін құрметтің бірлігі.
11
4. Тәрбиелік ықпалдардық тізбектестігі, жүйелілігі, үздіксіздігі. 5. Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін есепке алу. 6. Баланы ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу
12
7. Тәрбие процесінде мұғалім, мектеп, отбасы және қоғамдық ұйымдардық күш-қуатын үйлесімді педагогикалық бірізділікке бағыттау. 8.Өзін-өзі тәрбиелеуді көбіне ұнамсыз жайды сезініп, сонымен күресуден бастайды.
13
Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері: • Жеке міндеттеме - бел гілі мерзім аралығында өзі атқаратын міндеттерді таңдап алып, есеп жүргізу, өзіне-өзі қызмет көрсету. Иландыруға ұқсас өзін-өзі міндеттеу әдісі. Оны бала өз кемшілігін жою үшін қолданады. Үй тапсырмасын әркез орындауға, таза жазуға, оларды байсалдылықпен ойланып істеуге жаттығып, оны әр уақытта қайталап, орындауға күш-жігерін жұмылдырады. Оқушы белгілі бір міндетін орындауда енжарлық көрсеткенде өзін-өзі міндеттеу, өзіне-өзі бұйыру әдісін қолданады. • Өзіндік есеп беру - қоғамдық жұмысты атқару, баланың өз іс-қылығына жауаптылығы, жолдастарымен тәжірибе алмасуы. • Өз іс-қылығына талдау жасау - өзінің кейбір қылықтарына сын көзбен қарап, себебін білгісі келуі, оны жоюға тырысуы. • Өзін-өзі бақылау - кемшіліктерін болдырмау үшін жағымды мінез-құлықтарын дамыту мақсатында күнделік жүргізу.
14
Өзіне баға беру - мінез-құлықтарының кемшіліктерін жою үшін баланың өзін-өзітәрбиелеуі. К.Д.Ушинский жасаған өзін-өзі тәрбиелеу ережелері: • Өте сабырлылық, тіпті болмағанда, сыртқы сабырлықты сақтау. • Турашылдық. • Ойлы әрекет. • Шешімділік. • Өзің туралы қажет болмаса, бір сөз айтпау. Санасыз бос уақыт өткізбеу. • Не істесең де еріктісің, бірақ, кездейсоқ істен сақ бол. • Қажетті немесе керекті іспен ғана айналыс, көрсеқызар болма. • Бітірген ісіңе еш уақытта мақтанба. • Әркез ағыңнан жарылма, өз ісің туралы өзіңе жауап беріп отыр. • Бұл журналды ешкімге көрсетуші болма.
15
Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері: Өзін-өзі сендіру. Оқушы өзін жақсы ұстап, жаман қылық жасамауға сендіреді. Өзін-өзі сынау әдісі - дөрекілігі үшін өзін қатты сөгіп, сынға алу. Өзін-өзі тәрбиелеуде - өзін ойша өзгенің орньша қою арқылы өзгемен санаса білудің (эмпатия) үлкен тәрбиелік мәні бар. Өзін-өзі жазалау әдісі - алдына қойған міндетті орындау, ауытқымау.
16
Өзін-өзі тәрбиелеудің құрамды бөлімдері: • өз кемшілігіне сын көзбен қарау, мақсат қою. • өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасын жасау. • әдістерін анықтау. • аутотренинг - жеке тұлғаның өзіне жаттығу жүйесін әзірлеуі. • өзін-өзі бақылау.
17
Қайта тәрбиелеу - тәрбиелік ықпалдар жүйесі барысында құлықтық даму мен іс-әрекеттегі ауытқуларды түзетіп, қоғамның моральдық талаптарына сай тұлға сапаларын қалыптастыру
18
Үй тапсырмасы Спорт ұжымындағы балаларды тәрбиелеу жолдары және әдістерін қарастыру
19
Назарларыңызға рахмет