- Презентации
- ЧЕЧЕРНОБЫЛЬ ОҚИҒАСЫ 1986 ЖЫЛЫ 26 СӘУІР
ЧЕЧЕРНОБЫЛЬ ОҚИҒАСЫ 1986 ЖЫЛЫ 26 СӘУІР
Автор публикации: Омарханова А.Т.
Дата публикации: 31.03.2016
Краткое описание:
1
Чернобыль оқиғасы 1986 жылы 26 сәуір 30 жыл
2
ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫ, Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында, 1986 ж. сәуір айында АЭС-тің 4-энергоблогында апат болды. Ч. а-ның нәтижесінде Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, адамдар өміріне қауіп төнді. АЭС-тен радиусы 30 км. жерде тұратын халық басқа жерлерге көшірілді. 1986 жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок залалсыздандырылып, оғашталды. Апатты залалсыздандыруға Қазақстан азаматтары да тартылды. Радиоактивті түтін аймақтан асып, 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Оның зардабы қаншалықты ұзаққа баратыны әлі белгісіз қалып отыр .
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Чернобыль жер картасы
4
1986 жылы сәуірдің 26-ы күні апат шыққан Чернобыль АЭС-нің №4 блогы маңындағы қауіпті радиация барын ескертетін белгі. Украина, 23 сәуір 2013 жыл.
5
Чернобыль АЭС-і апаты 1986 жылы сәуірдің 26-сында Чернобыль атом электр станциясында болған апат салдарынан Еуропаның 10 аса мемлекетінің 145 мың шаршы шақырым жері радиоактивті заттармен ластанып, миллиондаған адам зардап шекті. 1986-1992 жылдар аралығында Қазақстаннан 35 мыңнан астам адам Чернобыль апат салдарын жоюға жіберілген Жас баланың газтұтқысы мен аяқ киімі. Чернобыль атом электр станциясы маңындағы иен қалған Припят қаласы. 4 сәуір 2011 жыл 1986 жылы сәуірдің 26-сында Чернобыль атом электр станциясында болған жарылыстан кейін түсірілген алғашқы фотолардың бірі. Мұрағаттағы сурет Апат аймағындағы ғимараттардың бірінде қалған кітаптар. Украина. Мұрағаттағы сурет.
6
Чернобыльдің түбіндегі иен қалған Припят қалашығының саябағы, Украина. Сәуір, 2010 жыл.
7
Чернобыль аймағы, Украина. Мұрағаттағы сурет
8
Чернобыль оқиғасынан кейінгі мәліметтер Астана қаласындағы «Чернобыль одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Омарбаев былай дейді: «Бұған дейін 13 664 адам тіркеуде едік. Қазіргі тізімде тек 571 адам ғана қалыпты. Денсаулығымыз жиі сыр беріп қалатын болып жүр. Әйтсе де, әлеуметтік көмек, дәрі-дәрмекпен қолдау сияқты мемлекет тарапынан қолдаудың бар екенін айтқан жөн. Аллаға мың да бір шүкір, үнемі назарда ұстап келе жатқан Елбасына рахмет!». Чернобыль апатының 30 жылдығына орай дайындық жұмыстары басталып та кетіпті. Астана қаласының әкімдігі тарапынан ақшалай көмек көрсетіліп, төсбелгі мен естелік кітап шығару да жоспарланып отыр екен. Бұдан басқа, «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, облыстық, аудандық әкімдіктермен, мәслихаттармен және мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен 1986-1989 жылдары Чернобыль апаты салдарын жоюға қатысқандарға, сондай-ақ, өзге де радиациялық апаттар мен ерекше тәуекел ардагерлерінің ерлігіне тағзым ету шараларын өткізу жоспары құрылуда көрінеді. Сол сияқты, мұндай шараларды өткізу өзге де елдердің қоғамдық ұйымдарымен жүргізілуде екенін айта кеткен жөн.
9
Чернобыль оқиғасынан кейінгі 2016 жылғы көріністері
10
Назарларынызға рахмет!!!