7

Сынып сағаты Тақырыбы: М.Мақатаев 6-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:

1
Мұқағали Мақатаев (1931 -1946 ж.ж)
Мұқағали Мақатаев (1931 -1946 ж.ж)
2
Мұқағали Мақатаев (1931 -1946 ж.ж) Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауы...
Мұқағали Мақатаев (1931 -1946 ж.ж) Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Шын аты Мұқаметқали екен, аты пайғамбардың есіміне ұқсап кеткен соң, кейін ақын өз атын Мұқағали деп өзгертіп алады.Әкесінің аты Сүлеймен, анасының аты Нағима. Жанұяда Мұқағали, Қалимахан, Қалибек, Тоқтарбай, Көрпеш есімді балалары болған. Мұқағали баста-уыш класты Қарасаз өңіріндегі шағын ауылдарда оқып, орта мектепті Нарынқолдағы интернаттан бітіріп шыққан.
0
 
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Ол XX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқа...
Ол XX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақыны. Әкесі соғыста қаза тауып, анасы мен әжесінің тәрбиесінде өсті. 1948-1949 жылдары ҚазМУ-дың филология факультетінде оқыған. К.Маркс атындағы кеңшарда (қазіргі «Текес») ауылдық кеңес хатшысы, мектепке мұғалім болды. 1952-1962 жылдары Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілінің мұғалімі, Қазақ радиосында диктор, Шалкөде ауылында Қызыл отау меңгерушісі, Нарынқол ауданында «Советтік шекара» газетінің (қазіргі «Хан-тәңірі», жауапты хатшысы, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналдарында әдеби қызметкер. Жазушылар одағында поэзия бөлімінің кеңесшісі қызметтерін атқарды.1970 жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылданып, 1973-1974 жылы Мәскеудегі Әдебиет және өнер институтында оқыды. Ақынның тұңғыш өлеңдері «Қырман басында», «Қойшы бала - Әкітай» аудармасы «Советтік шекара» газетінде жарияланды (1949ж). «Інімнің ойы», «Шебер» өлеңдері «Жастық жыры» атты жинаққа енді (1951ж). Мұқағали шығармалары оқушының жүрегіне сәуле түсіреді. Өйткені ақын туған жерін, туған халқын, ана тілін жанындай сүйді.Оның кез келген шығармаларынан жердің, елдің биік рухы сезіледі. Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: «Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!»-деген еді («Қазақ әдебиеті», 18.3.1960ж.). Мақатаевтың «Ильич», «Ақ қайың әні», «Ару-ана», «Мавр», «Аққулар ұйықтағанда», «Қырандастар», Чили-шуағым менің», «Шекарада», «Большевиктер», «Өмірдастан», «Арман», «Шолпан», «Досыма хат», «Отаным, саған айтам», «Райымбек! Райымбек!»,«Қашқын», «Моцарт.Жан азасы» атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирик. өлеңдерінде адам өмірінің мәні, әсемдік пен сұлулық, тазалық, ерлік, елдік, туған жер турасында терең толғаған. Ақын өмірінің соңғы кезеңінде жазған «Моцарт.Жан азасы» реквиемі пәлсапалық мазмұны, психологиялық тіні өзгеше туынды. «Табыт үні», «Халық үні», «Жесірлер үні», «Бесік жыры» аталатын 4 бөлімді туындының әрбір бөлімінде бірде табыт, бірде жесір-Ана, бірде Жер-Бесік атынан Өмір мен өлім туралы философиялық пайымдаулар айтылған. Ақын Моцарт тағдырын тілге тиек ете отырып, өмір туралы өз жанының оптимистік рухын, әрбір адамның жан түкпіріндегі арман-әнін жеткізеді. Ақын қай тақырыпта жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады.,ол туралы: «Мен жырлаймын, Сырласамын, Сыры бір замандаспен мұңдасамын.Көгендеп жыр қосағын. Келмейді жыр жасағым» немесе «Тіпті де мен емес-ті «Мен дегенім... Өзгенің жаны-сырын ұғу үшін. Өзімді зерттегенді жөн көремін»-дейді. Мұқағали шығармашылығының тіні «өзін-өзі» зерттеуден тұрады. Мұқағали поэзия құдіретін адамдық асыл сезіммен байланыстыра қабылдайды.Өмірдегі жақсылық, махаббат атаулының негізі де осы аяулы сезімінде.
4
Туған жері
Туған жері
5
Жас кезі
Жас кезі
6
7
Шығармашылығы
Шығармашылығы
8
Мұқағали өлеңдері
Мұқағали өлеңдері
9
Нені аңсаймын?.. Туған өлке, туған жұрт, сені аңсаймын, Heгe аңсаймын, білме...
Нені аңсаймын?.. Туған өлке, туған жұрт, сені аңсаймын, Heгe аңсаймын, білмеймін, неге аңсаймын Ұл де, мейлің, адасқан құл де, мейлің, Сені аңсаймын, туған ел, онан сайын! Қуат берген дәмің мен тұзың маған, Қаймағыңды аңсаймын бұзылмаған. Гүлін сүйем, шалғынның бүрін сүйем, Үнін сүйем масаңның ызыңдаған. Сені аңсаймын, қайнаған ақ бастаулар, Ақ бас таулар - самайын ақ басқандар. Сені аңсаймын, қазіргі ақ бас шалдар, Бұрынғы өреден құрт ап қашқандар, Су кешіп, жалаң аяқ от басқандар!
10
Музаға Отырғанын қарашы күйім келмей, Қайда кеттің? О, Муза! Құйын желдей. А...
Музаға Отырғанын қарашы күйім келмей, Қайда кеттің? О, Муза! Құйын желдей. Аузымды ашсам өкпемнен жел үреді, Қаңыраған иесіз диірмендей. Мұздатады жанымды бұйым көрмей. Жел үреді желпініп, көрік-кеудем, Күйім келмей отырмын неліктен мен?! О, Муза! Қайдасың сен желік берген? Жалын мен отқа ғана ерік берген Серігім, қайдасың сен сеніп келген? Дәптер жатыр парағы аударылмай, Аударылмай шынымен қалғаны ма-ай! Ойлар жатыр еңсемді бір көтертпей, Тонна-тонна қорғасын салмағындай. О, Муза! Әуреге салғаның-ай! Күтемін сенен үміт, сенен жігер, Қисаң маған, биік пен тереңді бер! О, Муза! Маған алыс сөреңді бер! Ғайыптан кел де, мені демеп жібер.
11
Мен сені сағынғанда... Мен сені сағынғанда, Қарамай жауындарға, дауылдарга,...
Мен сені сағынғанда... Мен сені сағынғанда, Қарамай жауындарға, дауылдарга, Қарсы қарап жүземін ағындарға, Кеудемде қимылдаған жаным барда, Мен сені сағынғанда, Бір минут та қақым жоқ дамылдарға. Мен сені қызғанамын, Қызғаныштан мұз шайнап, Тұз жаладым. Шаңқылдап алдымнан шық, Ана-қыран, Алыстан келеді ұшып мұзбалағың. Тәкаппар ең, өрлікке бола туған, Жет тездеп, Дауыл тұрғыз қанатыңнан. Сен - мендік, мен - сендікпін, ана-қыран, Қыранбыз, қырандардан жаратылған! Сағыныштың сағымын жамылғанда, Қарамай қара нөсер қағынғанға, Саған ұшам, Қалмайды сабыр жанда, Мен сені сағынғанда, сағынғанда...
12
Көктем де келер Көп кешікпей көктем де келер енді, Көгеретін тіршілік көгере...
Көктем де келер Көп кешікпей көктем де келер енді, Көгеретін тіршілік көгереді. Қу бұтағы арса-арса кәрі еменге, Келер көктем, білмеймін, не береді? Көп кешікпей көктем де келер енді, Көгереді ауылдың төңірегі. Ерте кеткен досымның қабірі тұр, Келер көктем, білмеймін, не береді? Көп кешікпей көктем де келер енді, Барлық нұрын көл-көсір төгер енді. Сағынышын сарыққан, жапа-жалғыз, Менің жесір жеңгеме не береді? Көгереді... Барлығы көгереді: Ой да, қыр да, даланың төбелері. Әлі құрып баратқан ауру досқа, Осы көктем, білмеймін, не береді? Көп кешікпей көктем де келіп қалар, Есінетіп, есіртіп, ерікті алар. Азан-қазан аспанның қоңырауы, Жақсылықтан тұрса игі беріп хабар...
13
Хат Саған таныс адыр, қырқа, беттегі, Жыңғыл, жусан, тобылғылар көктеді. Рақ...
Хат Саған таныс адыр, қырқа, беттегі, Жыңғыл, жусан, тобылғылар көктеді. Рақатта іші-сырты ауылдың, Қуантсаңшы сен де, сәулем, кеп мені. Сағынышым - тек өзіңсің бір ғана, Ұшып жетті, қарлығаш та, тырна да, Саралақаз жұмыртқалап үлгірді, Кеше екеуміз асыр салған жылғаға. Ең алғашқы нөсер де өтті себелеп, Әлдеқашан гүлге қонды көбелек. Байлық, бақыт - бәрі де бар ауылда, Әттең, сәулем, тек сен жоқсың не керек?!
14
Мұқағали суреттері
Мұқағали суреттері
15
«Мұқағали Мақатаев – адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен к...
«Мұқағали Мақатаев – адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жаршысы. Оның өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын қуаныштан туған»
16
Шынында Мұқағали Мақатаевтың лирикалық поэзиясы – заманымыздың кешегі де, бүг...
Шынында Мұқағали Мақатаевтың лирикалық поэзиясы – заманымыздың кешегі де, бүгінгі де талаптарымен үндесе, күбірлесе, ымдаса, жымдаса алған өршіл де дауылды жыр үлгісі.
17
Мұқағали Мақатевты танымайтын жан жоқ. «Еңбектеген баладан еңкейген кәріге» д...
Мұқағали Мақатевты танымайтын жан жоқ. «Еңбектеген баладан еңкейген кәріге» дейін біледі десек, қателеспеспіз.
18
Мұқағали — өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы қазақ халқының ұлттық ме...
Мұқағали — өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы қазақ халқының ұлттық мектептері мен дәстүрлерін жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен, қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі.
19
Мұқағали жайлы естеліктер
Мұқағали жайлы естеліктер
20
Мұқағали ағамыз достарымен
Мұқағали ағамыз достарымен
21
Оң жақтағы жас жігіт-Мұқағали Мақатаев
Оң жақтағы жас жігіт-Мұқағали Мақатаев
22
Мұқағали атындағы мұражай
Мұқағали атындағы мұражай
23
Ақын ағамыз отбасымен
Ақын ағамыз отбасымен
24
25
 
 
X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте её своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить презентацию