- Презентации
- Ашық сынып сағаты, Ата-ана ,ұстаз ,оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту, ата-аналармен жұмыс
Ашық сынып сағаты, Ата-ана ,ұстаз ,оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту, ата-аналармен жұмыс
Автор публикации: Жумабекова Б.Т.
Дата публикации: 01.06.2016
Краткое описание:
1
«Мен сенің өміріңнің жалғасымын» Ашық тәрбие сағаты
2
Тәрбие сағатының мақсаты : Ата-ана ,ұстаз ,оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту, оқушыларды ата-аналарын сыйлауға, құрметтеуге үйрету.
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Алфавиттің «А» тұрады басында, Әрқашанда «Ә» тұрады қасында. Байқадың ба «Б»тұрады үшінші, Ал осының сыры неде түсінші? «А» деген ол-аналар ғой ардақты, «Ә» деген ол-әкелер ғой салмақты. «Б» деген ол-балалар ғой әдемі, Біздің үйде үшеуі де кәделі. Алшақ кетпей сондықтан да расында, Тұрады олар алфавиттің басында . (Ж.Әбдірашев)
4
«Сөз асылы-мақал» сыңарын тап Әдепті бала ата-анасын мақтар, … Ана сүтін ақтамағанды, … Әкесі тұрып ұл сөйлегеннен без, … Үйінде ұл-қызы бардың , … Биікке шықсаң көзің ашылады, … Жығылып жатып … Әдепті бала –арлы бала, … Ауру қалса да … Ұяда не көрсең , … Ата-баланың …
5
Алтын сандық Шарты : Әр отбасы алтын сандықтан сөздер алып, оқушыларға сөздің мән-мағынасын ашып береді.
6
«Өнерлі өрге жүзер» Шарты: Қазір отбасы өз өнерлерін ортаға салады. Ата-аналар «Балам», « Ұлым», «Қызым» деген сөздерден басталатын, ал балалар «Анам», «Әкем» деген сөздерден басталатын 4 жолды өлең құрастырады.
7
Келесі, құрметті ата-аналар балаларыңыз «Менің ойымша» кестені толтырады ,ал біз сіздермен музыка тыңдап,қимыл –қозғалыс жасап, яғни билеп «Тақия тастамақ» ойынын ойнаймыз. Музыка тоқтағанда тақия кімнің басында болса, сол кісі сұраққа жауап береді.
8
«Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын. Немересіне ертегі айтып беретін әженің азайуынан қорқамын, Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді болса да шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке, шеше жоқ» Бауыржан Момышұлы
9
10
Өткізген қазақ тілі мұғалімі: Жұмабекова Бибігүл Төлешқызы Тасөткел орта мектебі