- Презентации
- Презентация ко Дню языков народов Республики Казахстан
Презентация ко Дню языков народов Республики Казахстан
Автор публикации: Кусаинова У.Р.
Дата публикации: 27.10.2016
Краткое описание:
1
2
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Тілдер мерекесіне арналған «Тіл – білімнің кілті» атты интеллектуалды сайыс (8-11 сыныптар)
4
Сайыстың өтілу барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі - Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі «Тіл – білімнің кілті» атты интеллектуалды сайысымызды Тілдер мерекесіне арнаймыз.
5
Сайыстың мақсаты: 1.Жас ұрпақтың ана тілін сүюге, қадірлеуге баулу, логикалық зерделеу қабілетін жетілдіру. 2. Оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, сөйлеу мәдениеті мен дүниетанымын кеңейту. 3. Жас буынның Отанын, туған жерін, тілін сүюге тәрбиелеу.
6
Бүгінгі сайысымыз 7 кезеңнен тұрады. Олар: 1. Таныстыру. 2. Сөздерден сөз жасау. Сөйлем құрастыру. Шығармашылық жұмыс.«Синквейн» стратегиясы бойынша 5 жол өлең құрастыру. 3. Топ жетекшісі және 1 мүшесі үшін «Әріптер сайысы» 4. Жеті жұрттың тілін біл 5. Зымыран сұрақтар. 6. Айшықты сөздер. 7. Айтар тілек, ұсыныс.
7
Әділ қазылар алқасымен таныстыру Мектеп директор қызметін атқарушысы: Қаби Г. А. Оқу ісінің меңгерушісі: Канапина А. С. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Барамбаева К. А.
8
1-сайыс. Таныстыру. Топ атауы. Топтың ұраны. Топ жетекшілері топтың аты және қатысушыларымен таныстырады, хормен ұранын айтады.
9
2- сайыс Сөздерден сөз жасау. Сөйлем құрастыру. Шығармашылық жұмыс. «Синквейн» стратегиясы бойынша 5 жол өлең құрастыру.
10
3-сайыс: Топтың жетекшілеріне және 1 мүшесіне арналған «Әріптер сайысы».
11
4-сайыс Жеті жұрттың тілін біл
12
5- сайыс. Зымыран сұрақтар. Қазақ тілі пәні бойынша берілетін сұрақтарға дұрыс және жылдам жауап беру. Әр топқа 7 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
13
6- сайыс. «Айшықты сөздер» Бұл тапсырмада бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі . Әр топқа 3 тұрақты сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. 1 топқа: 1.Қабағынан қар жауды. 2.Бетінен оты шықты. 3.Ит өлген жер.
14
2 топқа: 1.Төбе шашы тік тұрды. 2.Көзді ашып-жұмғанша. 3.Таяқ сілтем жер.
15
3 топқа: 1.Төбесі көкке жетті. 2.Ине шаншар жер жоқ. 3.Қой аузынан шөп алмас.
16
7 сайыс - Айтар тілек, ұсыныс. Үй жұмысы ретінде берілген. Әр топ өз жобасын қорғайды.
17
III. Әділ-қазылар алқасынның қорытынды сөзі. Марапаттау.
18
IV. Мұғалімнің қорытынды сөзі: Тіл байлығы – әр елдің мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Олай болса, ана тілімізді құрметтейік, қадірлейік! Тіл болашағы сендердің қолдарыңда! Сайысқа қатысқандарыңызға көп-көп рақмет! Сау болыңыздар!