7
  • Презентации
  • Презентация «Егеменмін, тәуелсізбін, азатпын». 8 класс

Презентация «Егеменмін, тәуелсізбін, азатпын». 8 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:

1
“Ақсу қаласының №3 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты”ММ Сынып сағаты...
“Ақсу қаласының №3 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты”ММ Сынып сағаты Тақырыбы: «Егеменмін, тәуелсізбін, азатпын». 5-6-8 “Ә” сыныбы Сағитова Майра Оңалқанқызы 2016-2017 оқу жылы
2
Мақсаты: Оқушылармен бірге Қазақстан Республикасының құрылу тарихына шолу жа...
Мақсаты: Оқушылармен бірге Қазақстан Республикасының құрылу тарихына шолу жасап, бүгінгі күнге дейінгі жетістіктері жайлы жан-жақты ақпарат беру, “Желтоқсан құрбандарының” ерлігін үлгі ете отыра, оқушыларды елжандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке, ұйымшылдыққа баулу.
0
 
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
-Қайырлы күн, балалар! Аман-есенсіңдер ме! Арайлап атқан әрбір күн сендерге н...
-Қайырлы күн, балалар! Аман-есенсіңдер ме! Арайлап атқан әрбір күн сендерге нұрын, жылулығын шашсын, жақсылық әкелсін деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатымызды бастаймыз. Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің Отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң. Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі. -Баларлар, айтыңдаршы, біздің Отанымыз,ол-... (балалардан жауап алу) -Қазақстан қандай мемлекет?
4
1986 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы...
1986 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы болды. Сол пленумда Д. Қонаев бірінші хатшы қызметінен босатылып, орнына бұрынғы Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г. В. Колбин сайланды. Бұл студент және жұмысшы жастардың бейбіт мақсаттағы шеруіне әкеп соқты. Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев Геннадий Васильевич Колбин
5
6
7
8
Бүгінгі таңда біздің елімізді бүкіл жер шары таниды. Еліміз күллі әлемге әйгі...
Бүгінгі таңда біздің елімізді бүкіл жер шары таниды. Еліміз күллі әлемге әйгілі болды. Бұл тәуелсіздіктің, азаттықтың, егемендіктің арқасы. Қазір біз сендермен бейбіт, тату-тәтті күн кешудеміз. Бұл тыныш өмір, азаттық пен егемендік сыйлаған ержүрек батыр ұл-қыздардың арқасы. Олар: Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев т.б.
9
Осы боздақтарды 1 минут үнсіздікпен еске алайық! Желтоқсан оқиғасы өзінің қай...
Осы боздақтарды 1 минут үнсіздікпен еске алайық! Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамның есінде мәңгі сақталады. 27 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев апаларымыз бен ағаларымыз қатысты. Желтоқсан құрбандарының өмірбаяны мен таныс болыңыздар.
10
Қайрат Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков 1966 жылы 13- наурызда Жамб...
Қайрат Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков 1966 жылы 13- наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, «Бiрлiк» ауылында дүниге келген. Қайрат Шу қаласына таяу жердегi Новотроицк (қазiргi Төле би)  селосындағы шопан балаларына арналған мектеп-интернатта оқыған. 1983 жылы Киров атындағы орта мектептi бiтiрiп, ауылында жұмысшы болып iстейдi. Ал, 1984 – 1986 жылдары әскерге барып, азаматтық борышын өтеп қайтады. 1986 жылы №33635 әскери бөлiмшесiнiң кепiлдiгiмен Алматы сәулет-құрылыс институтына оқуға түседi. Желтоқсан көтерiлiсiне қатысқаны үшiн Совицкийді өлбірдің деп жазықсыз жала жабылып, өлiм жазасына кесiледi. Кейiннен бұл жаза 20 жылдық кесiмге ауыстырылды.  Қайраттың хаты: Бақ түссе- маңдайымнан, тас түссе-талайымнан, көріп алдым, маған өлім қорқынышты емес, өйткені адалдығым одан биік тұр.Әнеукүнгі кездесуде менің «приговорымды» алдыңдар ма? Талғаттың суретін неғып тастап кетпедіңдер. Ақша салып кеттіңдер ме? Келесіде Талғаттың, Рахат пен Асхаттың суреттері болса, ала келіңдер. Кездесуге  кірер  алдында, бір тал роза гүлін ала келіңдерші.Скоро мейрам ғой. Жазмыштан озымыш жоқ. Барлық таныстарға, туыстарға, достарға менен сәлем. Беттеріңнен сүйдім. Сәлеммен Қайрат.1988 жылы Қайраттың камерасынан оның өлi денесi табылғанымен, құпия қазаның арты ашылмады. 1996 жылы Қайрат Рысқұлбековке елiмiздiң ең жоғары наградасы – «Халық Қаһарманы» атағы берiлдi.
11
Ләззат Асанова Асанова Ләззат Алтынайқызы (27.07.70, Алматы облысы Жаркент  а...
Ләззат Асанова Асанова Ләззат Алтынайқызы (27.07.70, Алматы облысы Жаркент  ауданы Айдаралы ауылында дүниеге келді.. —25.12.86  қайтыс болды , Алматы) — Желтоқсан көтерілісінің (1986) құрбаны. 1985 ж. Алматыда П.Чайковский атынд. муз. уч-щеге оқуға түскен. Алматыда 1986 ж. 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп-төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа Алаңға (қазіргі Республика алаңы) алғашқы ереуілшілер қатарында “Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!” деген ұранмен шықты. 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы  қаласында болған оқиғаларға түпкілікті баға беру жөнінде республика Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы құрған комиссия мүшесі Ф.Игнатовтың мәліметтеріне қарағанда, Ләззаттың мәйіті бірнеше күннен кейін музыкалық уч-ще жатақханасынан табылған да, ол туралы жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлген деген қауесет таратылған. Осыған қарамастан мәйітті Алматы облысы Панфилов ауданындағы Ақжазық кентіне Ішкі істер министрлігі мен Мемл. қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған. Ләззатты жерлеудің алдында денесін ақ жуып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қолынан қаза тапқан.
12
ҚАЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВ ЖЕЛТОҚСАН ҚҰРБАНДАРЫ ЛӘЗЗАТ АСАНОВА
ҚАЙРАТ РЫСҚҰЛБЕКОВ ЖЕЛТОҚСАН ҚҰРБАНДАРЫ ЛӘЗЗАТ АСАНОВА
13
ЕРБОЛ СЫПАТАЕВ СӘБИРА МҰХАМЕДЖАНОВА
ЕРБОЛ СЫПАТАЕВ СӘБИРА МҰХАМЕДЖАНОВА
14
Осы оқиғаға қатысты деген жалған жаламен 99 адам сотталды. 264 адам жоғары о...
Осы оқиғаға қатысты деген жалған жаламен 99 адам сотталды. 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан, 52 адам коммунистік партия қатарынан шығарылды, әр түрлі жазалар берілді. Қазіргі күнде 16-17 желтоқсандағы оқиғаға қатысқаны үшін жазаланған азаматтар Президенттің жарлығымен ақталды.
15
ЖЕЛТОҚСАН ҚҰРБАНДАРЫНА МЫҢ ТАҒЗЫМ
ЖЕЛТОҚСАН ҚҰРБАНДАРЫНА МЫҢ ТАҒЗЫМ
16
1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі ту...
1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды.
17
1991 ж. 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент сайланды. НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
1991 ж. 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент сайланды. НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
18
ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
19
20
Астана – Тәуелсіздік және бірлік символы
Астана – Тәуелсіздік және бірлік символы
21
Алда ЕХРО 2017 көрмесі
Алда ЕХРО 2017 көрмесі
22
Міне,осы бір жан тебірентер сәтте Қазақ елінің еркіндігі, бостандық жолына ба...
Міне,осы бір жан тебірентер сәтте Қазақ елінің еркіндігі, бостандық жолына бас тіккен азаматтар, туған елінің тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өткен  желтоқсан  батырлары  Қайрат Рысқұлбеков, ЛяззатАсанова, Ербол Сыпатаевтың  рухына  тағзым  етіп, еске алу – ұлттық  парызымыз. Біздің бүгінгі бақытты күндерімізге жеткізген, желтоқсанның ызғарына кеудесін тосқан, дүниені дүр сілкіндіріп бостандық туын желбіреткен Желтоқсан құрбандарының  есімдері  ешқашан  ұмытылмайды. Қазақстан! Туды алтын дәуірің, Алғандайсың жұлдыздардың жарығын Алтын заңың құтты болсын қымбаттым Туған күнің құтты болсын алыбым! Армандарды жақындатқан тым алыс Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс Егемендік ел бақыты ертеңі О, халайық құтты болсын қуаныш! Міне, оқушылар осы оқиғадан кейін біздің Қазақстанымыз өзінің тәуелсіздігін алды. Қазақстанның тәуелсіздік алғанына биылғы жылы 23жыл толғалы отыр. Басы аяғы 20 жылда еліміз ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер биігінен көрінді. Әлемнің өркениетті мемлекеттері Қазақстанды танып білді. Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Еуразия кіндігі атанып отырған елордамыз-Астанамыз бар. Егеменді Қазақстан-біздің мемлекетіміз, Отанымыз. Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, Қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.
 
 
X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте её своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить презентацию