- Презентации
- Пезентация на тему Адамгершілік тәрбиесі-рухани құндылық
Пезентация на тему Адамгершілік тәрбиесі-рухани құндылық
Автор публикации: Мужинова К.Г.
Дата публикации: 10.04.2016
Краткое описание:
1
2
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Аты-жөнім: Мужинова Құралай Ғилажқызы Білімім: жоғары Х.Досмұхамедов атындағы АМУ 2011-2014жж Мамандығым: Бастауыш сынып мұғалімі Жұмыс орным: Б Нысанбаев атындағы орта мектеп Сабақ беретін сыныбым: 2 сынып
4
Ғасырлар бойғы ата-бабамыз сақтап келген ұлттық жәдігерлерімізді ұрпаққа жеткізу. Сонымен қатар, келешек ұрпақтың ұлттық тәрбиеге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру.
5
“Бала тәрбиесі-бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тəрбиелеу үшін əркімнің өз тəжірибесімен танысу керек.” Мағжан Жұмабаев
6
Салт-дәстүр - ұлтымыздың ғана еншісіне бұйырған, тағдырымен бірге таңбаланған тәңірдің тартқан сыйы. Халқымыздың ұлылығын айқындайтын, адами болмысының өзара қарым-қатынасындағы өзгелер өңешін үзе тамсана таңырқайтын сыпайылық пен сыйластық үлгілерінің үздік ұстанымдары, қастерлеуге тұрарлық қазақи мінез-құлық тағылымдары ұлттың рухын биіктетеді, маңайын мойындатады. Кеңпейілділіктің, жомарттықтың, қонақжайлылықтың, бауырмалдықтың, жанашырлықтың, ізеттіліктің, кішіпейілділіктің, адамгершілік өлшемдерімен астасып жатқан тағы басқа да алуан түрлі тәлім аларлық жағымды қасиеттерден халқымыздың кенде емес екендігіне өзге ағайындардың бұрыннан беріп қойған бағасы, бәтуалы ой-пікірі, оң көзқарасы дәлел.
7
Ұлттық тәрбие ұядан басталса....
8
9
10
11
Жас ұрпақтың бойындағы жат қылықтың бәрін заманның азғаны деп итере салатын ата-аналарға ойланатын уақыт келді. Күйбең тіршілікті бір сәтке ысырып қойып, балаңыздың іс-әрекетіне зер салып көріңізші. Түптеп келгенде ұлттық тәрбиенің іргетасы отбасында қаланатынын ұмытпайық!
12
“Қазақстан -2050” стратегиясында Бала тәрбиелеу- болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек. “Мәңгілік ел” жолдауында Оқу-тәрбие үдерісі оқушылардың патриотизмін, адамгершілік нормаларын, ұлтаралық келісім мен төзімділігін, физикалық және рухани дамуын, заңды құрметтеуін қалыптастыру міндетін алға қоюымыз керек. Бұл құндылықтар жалпы оқу-тәрбиежұмысының негізі, бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндердің арқауы болуы тиіс. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу, қазақ тілі, дүниетану, математика, еңбекке баулу, бейнелеу өнері пәндерін оқытуда басым мақсаттарды басшылыққа аламын.
13
Нәтижесі Бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша тілін дамытады, яғни сөзді қорын байытады. Ұлттық тәрбие, рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ халқының салт-дәстүрі негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. 2-4 сыныптарда берілген тақырыптар ата-ананы құрметтеуге, елін-жерін сүюге, отансүйгіштік қасиеттерін оятады. Нақыл сөздерді, шешендік сөздерді талдауда негізі ойды табу, өмірде қолданысқа енгізуге дағдыларын қалыптастыру көзделеді.
14