- Презентации
- Презентация Менің тұңғыш президентім
Презентация Менің тұңғыш президентім
Автор публикации: Блялова А.А.
Дата публикации: 20.09.2016
Краткое описание:
1
МЕНІҢ- ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІМ
2
Балалық шағы 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді. Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.
4
Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді. Отбасында Сұлтан деп аталған ұланның балалық шағы соғыстың сұрапыл жылдарына және соғыстан кейінгі ауыр кезеңге тұспа-тұс келді.
5
Менің балалық шағымның аспаны
6
Нұрсұлтан өз әкесінің ешқашан қол қусырып қарап отырмағанын көріп, оған үнемі көмектесуге ұмтылды. Үйде де, бақшада да, алма бағында да әкесінің жанында болып, картоп пен алма өсіруге жәрдемдесті. Нұрсұлтан мал жайғарумен айналысты, әкесімен бірге тауға барып, шөп шапты.
7
Жастық шағы Теміртауға оралғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев өмірбаянының «жалынды» кезеңі басталды. 1960 жылы 3 шілдеде сол кезде Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы және бірден бір домна пеші іске қосылды. Бұл Қазақстан Магниткасы – Қарағанды металлургия зауытының өмірге келген күні болып саналады. Қазақстанның алғашқы шойынын қорытуға тәжірибелі шеберлермен бірге жас металлург Назарбаев та қатысты.
8
Отбасы
9
10
Зайыбы, Сара Алпысқызы Назарбаева, 1992 жылғы ақпаннан – Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының негізін салушы және президенті. Бүгінде «Бөбек» – республиканың тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге, шет елдерде де мойындалған ең белсенді қайырымдылық қоры.
11
Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызы (1963 ж.т.), үлкен қызы. Екі ұлы және қызы бар. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Саяси ғылымдар докторы. Қазақ, орыс, ағылшын, итальян және неміс тілдерін меңгерген. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоғамдық Қорының директоры. ҚР Парламенті Мәжілісінің 5-шақырылымдағы депутаты. Әлеуметтік-мәдени даму комитетін басқарады.
12
Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы (1967 ж.т.), ортаншы қызы. Ұлы мен қызы бар. 1989 жылы А.В.Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтын бітірді. Қазақ, орыс, ағылшын және итальян тілдерін меңгерген. 1998 жылы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтында іскерлік әкімшіліктендіру магистрі дәрежесін алды. 2007 жылы докторлық диссертация қорғады. 2004 жылдан бері Қазақстан-Британ техникалық университеті директорлар кеңесінің төрайымы. Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қорын басқарады.
13
Назарбаева Әлия Нұрсұлтанқызы (1980 ж.т.), кіші қызы. Қазақстандағы және шетелдердегі мектептер мен университеттерде оқыды. ҚазМЗУ-ді бітірген. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін меңгерген. Екі қыз тәрбиелеп отыр. «Европа плюс» радиосында директордың көмекшісі, «ТұранӘлемБанкте» заң департаментінің стажері, Нұрсұлтан Назарбаевтың хатшысы болып жұмыс істеді. «Элитстрой» құрылыс компаниясының басшысы.
14
Немерелер ортасында
15
16
17
Астана Отанымның жүрегі
18
19
20
Менің Ата Заңым
21
Менің Президентім
22
23
24
1 –желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні
25
Мерекелеріңіз құтты болсын!