- Презентации
- Психологический на казахском языкеСіз қандай ата-анасыз
Психологический на казахском языкеСіз қандай ата-анасыз
Автор публикации: Пернеев А.С.
Дата публикации: 08.11.2016
Краткое описание:
1
Сіз қандай ата – анасыз? Баланы “ақ парақ” десек, сол парақтағы жазу – біздің балаға берген тәрбиеміз. Сол тәрбиенің бала бойында қаншалықты дәрежеде екенін білу мақсатында тест сұрақтарын ұсынамыз.
2
1 Балаңыздың ата – аналар жиналысы болатын болды: А. Міндетті түрде барамын. Ә. Оған уақытымды кетіргенше, басқа шаруамды бітіргенім артық. Б. Өткенде де бармаған едім, енді бара салайын. 2. Балаңыздың оқулығы жоқ. Ол досынан сұрап келмек болды. Түңгі сағат он. Үйде сізден басқа ешкім жоқ. А. Міндетті түрде ертіп барамын. Ә. “Таңертең ерте барып, біреуден көшіре сал”,- деймін Б. Өзін жіберемін.
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
3. Балаңыз біреудің затын жымқырып алып келеді, А. Біреудің затына тимеуді алдын ала ескертемін. Ә. Міндетті түрде қайта апарғызамын. Б. “Жабулы қазан жабулы күйде қалсын” деп жылы жауып қоя саламын. 4. Баланың күнделігін тексеру. А. Міндетті түрде күнде тексеремін. Ә. Кездейсоқ көріп қаламын. Б. Мүлде қарамаймын.
4
5. Баланың сабаққа дайындалуын қадағалау: А. Міндетті түрде. Ә. Қолым тигенде Б. Мүлде қадағаламаймын. 6. Баланы жұмсау... А. “Баланы бес жасқа дейін патшадай сыйла, бес жастан кейін құлдай жұмса” деген принципті ұстанамын Ә. Кейде жұмсаймын. Б. “Баланың ісі шала” деп, мүлде жұмсамаймын.
5
7. Балаңыз мұғалімді жамандап, оның сөйлеген сөзін, қозғалысын салып келемеждеді. Сіздің көзқарасыңыз? А. Ұстаз туралы ұғымды күн ілгері қалыптастырамын. Ә. Мән бермеймін. Б. Қосыла күліп, көршіге айтуға асығамын. 8. Балаңыз туған күн кешіне бармақ болды, А. Мүлде жібермеймін. Ә. Екінші рет жібермейтінімді ескертіп, бір жолға жіберемін. Б. Рұқсат сұрамай – ақ, кете береді.
6
9. Балаңыз темекі шекті... А. Темекі, наша, арақ сияқты ғасыр дертіне апарар жолдың қауіпті екенін күн ілгері ескертемін. Ә. Жаман әдетін көргеннен кейін шара қолданамын. Б. Мән бермей, байқамаған боламын. 10. Балаңыз мектептің мүлкін сындырады. А. Міндетті түрде жазалап, сынған нәрселерді қайта қалпына келтіремін. Ә. “Сынса сынар, адамнан артық емес” деп қоя саламын