7
  • Презентации
  • Презентация Серпінді сенім, көтеріңкі көңіл күй

Презентация Серпінді сенім, көтеріңкі көңіл күй

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:

1
Мектеп – гимназия психологы : Орынбекова А.К. Серпінді сенім, Көтеріңкі көңі...
Мектеп – гимназия психологы : Орынбекова А.К. Серпінді сенім, Көтеріңкі көңіл күй (11 сынып оқушылары )
2
Мамандық таңдауда жауапкершілігін қалыптастыру. Оқушының кәсіби бағдарының т...
Мамандық таңдауда жауапкершілігін қалыптастыру. Оқушының кәсіби бағдарының табандылығын қалыптастыру, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау. МАҚСАТЫ
0
 
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Сәлемдесу “Біздің топтың жүрегі”
Сәлемдесу “Біздің топтың жүрегі”
4
М П С Д Ә Т 	Ойын. “Берілген әріптерден 	мамандықтарды ата” Осы әріптерден к...
М П С Д Ә Т Ойын. “Берілген әріптерден мамандықтарды ата” Осы әріптерден келетін мамандықтарды ата.
5
Ойын: “Мамандықты тап”
Ойын: “Мамандықты тап”
6
Ситуациялық сұрақ.   Уақыты 10 минут :   « Ситуациядан шығу»   Мақсаты: логик...
Ситуациялық сұрақ.   Уақыты 10 минут :   « Ситуациядан шығу»   Мақсаты: логикалық ойлау арқылы кез келген жағдайдан шыға білу. Нұсқау: Бұл ойынға өз еркімен маған 3 адам керек. Қалғандары бақылаушылар болады. Ойынның мәні : үш дос бір жерде кездесу туралы келісу керек. Бірақ олардың бірі-сақау, бірі-соқыр, енді бірі –саңырау. Кездесетін жерді тек сақау ғана біледі. Ол өзінің достарына қайда қашан бару керектігін түсіндіру керек.   Талдау: Ситуациядан шығу оңай болдыма? Сен осы кездесуді қалай түсіндірер едің?
7
«Күншуақ» жаттығуы. 	Бұл жаттығудың шарты бойынша, әр қатысушы берілген А4 бе...
«Күншуақ» жаттығуы. Бұл жаттығудың шарты бойынша, әр қатысушы берілген А4 беттеріне күн шуақтын суретін салады. Өзінің алдына қойған мақсатын және сол мақсатқа жету жолдарын жазады. Қатысушылардың әрқайсысы өз мақсаттармен таныстырады. Уақыт 10 мин беріледі.
8
«Стрессті қалай жеңуге болады?» Ойын барысы: Ортаға оқушылар шығады. 1. Оқушы...
«Стрессті қалай жеңуге болады?» Ойын барысы: Ортаға оқушылар шығады. 1. Оқушыларға шар үлестіріледі, психолог, оқушылардың бір шетінен «Сендердің қандай жағдайда ашуларың келеді?» деген сұрақ қояды. Оқушылар сол сәттерімен бөлісіп шарды үрлейді, әр бір оқушының айтқан сөзінен кейін шар үрлене береді, шар үлкейе береді, үйге барсам ата - анам ұрсады, мектепке келсем сынып жетекшім оқушылар алдында сынайды, осы сөздердің бәрі айтылады, оқушылар үлкен болып шыққан шарды жарады. Сосын оқушыларға екінші шар үлестіріліп, психологтың алдынғы сөзді қайталануы бойынша үрленіп, үлкейеді, «Ата - анам мені үнемі жақсы болсын дейді сол үшін, ұрсады, мұғалімім мені болашақта жақсы азамат болсын дейді, сол үшін сынайды»деген сөздерден кейін оқушылар шардың желін ақырындап шығара бастайды. Шардың ішінде желі қалмайды. Релексация: «Бұл ойыннан қандай ой түйдіңдер?» оқушылар өз ойын айтады. ІІІ. Ойынды аяқтау Ортаға барлық оқушы шығып, шеңбер құрып тұрады. Психолог. Мінеки оқушылар стресс осылай жиналады, ол жинала берсе сенің денсаулығыңа, алда болатын ҰБТ - ға дайындығыңа, психологиялық дұрыс қалыптасуыңа өте зиянды, сол үшін бойларыңдағы жағымсыздық қасиет тудыратын сөздерді дұрыс қабылдап, стреске ұшырамауларыңа тілектеспін. Енді мына жарқыраған күннің шуағы астында, ҰБТ - ға сеніммен баруға байланысты, бір біріңе тілек тілеңдер. Шеңбер бойындағы оқушылар бір шетінен бастап келесіне өз тілегін білдіреді. Барлық оқушының тілегі бітеді.
9
Жаттығу «Күн шуақты алаңқай» Мақсаты: қатаюдан арылу, жылы достық қарым-қатын...
Жаттығу «Күн шуақты алаңқай» Мақсаты: қатаюдан арылу, жылы достық қарым-қатынасты қалыптастыру. Нұсқау: елестетіңіз, күн шуақты шалғын алаңқайда дем алып отырмыз. Күн шуағы сіздің көздеріңңізге қарайды. Көздеріңізден беттеріңізге қарай жылжиды. Алақандарыңызбен сипалаңыздар. Ол ары қарай маңдайыңызға, мұрныңызға, аузыңызға, бетіңіздің ұшына, иегіңізге түсті. Одан кейін мойыныңыздан, қолыңыздан, денеңізден, арқадан сипап өтті. Күн шуағы сізді жылытты. «Күн шуақты алаңқай» қызыл-сары, хош иісті, әсем гүлдерге толы. Сіз өзіңіздің ұнатқан гүліңізді жүрегіңізге түйіп, жылы лебізіңізді, тілегіңізді білдіріңіз. Талдау: Көңіл-күйіңіз қалай? Бүгінгі тренинг-сабақ ұнады ма? Қандай әсер алдыңыз? Мақсаттарға жеттік пе? Оқушылар бір-бірінің арқасына стикер жабыстырып, тілек жазады және алдарындағы жатқан эмоция бейнесін таңдап, тренингтен алған әсерлері жайлы әңгімелейді.
10
Рөлдік ойын: «Болашаққа саяхат» Мектеп бітіргеннен кейін 10 – жылдан кейінгі...
Рөлдік ойын: «Болашаққа саяхат» Мектеп бітіргеннен кейін 10 – жылдан кейінгі көрініс. -1-ші топ: «Қоғамда өз орнын тапқан адамдар» -2-ші топ:«Өз орнын таба алмағандар»
11
“Ең негізгісі – қандай маман болсаң да адал, еңбекке қабілетті, зейінді, ойлы...
“Ең негізгісі – қандай маман болсаң да адал, еңбекке қабілетті, зейінді, ойлы болуың қажет. Тек сонда ғана қандай мамандық болса да, зор және маңызды болмақ” А.С.Макаренко
12
Топтық тапсырма «Мамандықты жарнамалау» Әр топ өз таңдаулары бойынша маманд...
Топтық тапсырма «Мамандықты жарнамалау» Әр топ өз таңдаулары бойынша мамандықты таңдап алып, оны плакатқа салу арқылы жарнамалайды. Жарнама, сол мамандық оқушылардың бойына қызығушылық танытатындай жасалынуы қажет. (уақыты 7 минут)
13
Мамандық таңдау көріністері Екі қыз бала мамандық таңдау тақырыбында әңгімеле...
Мамандық таңдау көріністері Екі қыз бала мамандық таңдау тақырыбында әңгімелесіп келеді. Қызғалдақ сен мектепті бітірген соң кім болғың келеді? Мен кім болатынымды дәл айта алмаймын, мұғалім болмаймын, себебі жүйкемді тоздырады, химия өндірісіне бармаймын, себебі, онда улы заттар болады, денсаулығыма зиян келеді. Менің таңдаған мамандығым денсаулығыма зиян келмейтіндей және қызық болуы керек. Мамандығым жан – жануарлармен байланысты, жолда көп жүретін болса екен деп ойлаймын. Онда сен циркте істеуің керек ғой. Ал маған қандай жұмыс болса да бәрібір, тек ақысы көп болса болды. Қызғалдақ ойланып қалды. Циркте істей алатындай талантым бар ма? Айжан дұрыс айтқан, қабілетің болмаса, еңбек ақы көлемін ойлап қойған жөн шығар. Мен балалар дәрігері боламын. Балаларға дәріні байқап беру керек. Сәл қателессең , баланы уландырып аласың. Дәрінің аттарын атай бастайды. Ой, Анар сенімен сөйлесу қиын екен. Кілең латынша сөйлейсің. Ол менің болашақтағы арманым, жұмысым ғой. Әлия сен неге тіс дәрігерін қаладың? Сәуле соны қалаған соң, мен де... Бірақ керек емес пәндерді көп оқытады дейді, ағылшынның тіс дәрігеріне керегі не? Ой – пікірмен бөлісу Мамандық таңдаудағы екі көзқарасты салыстырайық. Қыздар мамандықты немен бағалап тұр? Сен мамандықты қалай таңдадың және өзіңді шығармашылықпен қалай жетілдірер едің? Сендердің пікірлерің қандай? (Оқушылар өз ойларын ортаға салады).
 
 
X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте её своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить презентацию