- Презентации
- Пезентация Суицидтің алдын алу
Пезентация Суицидтің алдын алу
Автор публикации: Бейсенбаева Ж.Н.
Дата публикации: 01.04.2016
Краткое описание:
1
Суицидтің алдын алу. 1. Оқушының мінез-құлқы. 2. Отбасы жағдайы 3 .Ата-ана және мұғаліммен қарым-қатынасы 4. Достары және сыныптастарымен араласуы 5. Күн тәртібінің сақталуы 6. Сыныптан тыс іс-шаралар мен үйірмелерге қатысуы. 7. Оқушының өзін-өзі ұстауы
2
“Суицидтік мінез-құлық өмір түйсігі мен өлім түйсігі арасындағы ішкі өзара іс – қимыл салдары болып табылады”. Бұл адам үшін өмірдің мән – мағынасының жойылуы, өмірге деген құштарлығының төмендеуі. Әсіресе психологиялық қиындықтарға қарсы тұру қиын. Басына қиыншылық түскен адам өзін әртүрлі ұстайды. Біреулер уайым - қайғыға салынып, бойындағы үрей мен қорқынышты жеңе алмайды, ақыр аяғында о дүниеге аттанады. Ал енді біреулер болса бәрін соның ішінде ең бастысы психологиялық ауыртпалықты жеңіп, көп жағдайда өз өмірлерін құтқарып қалады. Суицид- өте қауіпті дерт.
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
58,6 % - отбасынан, 27% - достарынан, 13% - жолы болмаушылықтан. Ең қауіпті айлар: Мамыр мен қараша. Суицидтің себептері:
4
«Өзін- өзі бағалау» тестінің қорытындысы . Мақсаты: Оқушылар өздерін қаншалықты деңгейде бағалайтындығын анықтау.
5
Балалардың отбасылық және ішкі мәселелерін ашық талқылаңыздар. Отбасылық жанжалдарға балаларды араластырмаңыздар. Баланы тыңдай, оның сұрақтарына жауап бере, оның мәселелерін талқылай білу қажет. Оның өмірінде немқұрайлы емес, шынайы қатысу қажет. Оған сеніңіз, кездейсоқ еркелігін кешіріңіз. Балаларыңызға шынайы мақсаттарды қоюға және оларға қол жеткізуге ұмтылуға көмектесіңіз. Кедергілерді жеңуге міндетті түрде жәрдемдесіңіз. Баланың үйдегі, мектептегі және даладағы құқықтары мен міндеттерін нақты анықтай біліңіз. Бұл жерде дөрекілік емес, табандылық қажет. Оны кемшіліктері үшін айыптамаңыз, кінәламаңыз, оны қорқыныш, жалғандық, жауласу әлеміне жолатпаңыз. (Әрекетті сынға алуға болады, бірақ адамды емес!) Жастардың кез-келген құнды оң бастамаларын сөзбен және іспен қолдаңыз. Ешқандай жағдайда күш қолданатын жазалауды қолданбаңыз. Өсіп келе жатқан балаларыңызды жақсы көріңіз, қамқоршыл болыңыз және өте маңыздысы, олармен әдепті болыңыз. Бір-біріңізді балаға билік етумен бопсаламаңыз. Қиын сәтте жанында болатын қамқоршы, жақсы көретін адамға көп нәрсе тәуелді. Ол потенциалды суициденттің өмірін құтқарып қалуы мүмкін. Ата-аналар мен педагогтарға арналған кеңестер
6
Мектепте: Жетістікке жетуге шынайы мүмкіндіктер ұсыныңыз, Балаға үнемі қызығушылық таныту, оның бастамаларын қабылдау және қолдау, Өткендегі қателіктері мен шалыс басуларына көңіл аудармай, мінезінің оң жақтарына назар салыңыз, Үнемі баланы қолдап, қайраттандырып, мақтау қажет, оны ешқашан сынға алмай,оған арсыздық көрсетпеу қажет, Баланың қолынан келетін тапсырмаларды таңдай отыра, оның сенімсіздігінің, қателік жіберуден және сәтсіздіктен, жаңа істен қорқудың алдын алу, Оған нақты мақсаттарды қоя білу және оның жетістіктері мен сәттіліктеріне шынайы баға беру. БАЛАЛАРДА ӨЗІНДІК ҚАДІРЛЕУ МЕН ЖЕКЕ АДАМГЕРШІЛІГІН ДАМЫТУҒА ҚАЛАЙ ЖӘРДЕМЕДЕСУ КЕРЕК
7
Барлық сәтсіздіктерді саған артса, ренішті, Жетістіктерін байқалмаса, ренішті, Егерде саған сенбесе, ренішті, Сенің қолыңнан келетін істі басқа адамға тапсырса, ренішті, Басқалары қызықты нәрсемен айналысқанда, сені жабырқаңқы, ез болған іспен айналысуға мәжбүрлегенде, ренішті, Түсінікті және қызықты іс машақатқа, құтыла алмайтын іске айналғанда, ренішті, Үшінші тұлғалардан өзің туралы «жаңашылдық» білгенде, ренішті, Өз шаруаларымен жүріп, сен туралы ұмытқанда, ренішті, Сенен күмәнданса, ал сенде ақталу мүмкіндігі болмағанда, ренішті, БАЛА ҚАШАН РЕНЖИДІ
8
Оқшаулануға, Қарым-қатынаста шеттеуге, «Қатынастарды анықтау» ұмтылысына, бұл қақтығысқа ауысуы мүмкін, Қоршаған жағдайды «қара түстерде» көруге деген ұмтылысқа, Рационалдыдан эмоционалдық ауытқудың артуына, Жүйке-психикалық шиеленісудің артуына, Белсенділіктің төмендеуіне, Танымдық белсенділіктің реніш объектісіне аударуға және, нәтижесі ретінде, түскен ақпаратты дұрыс бағалаудың шектелуіне әкеледі. РЕНІШТЕР НЕГЕ ӘКЕЛЕДІ
9
Егер баланы үнемі сынға алса, ол жек көруді үйренеді. Егер бала араздық ортасында өмір сүрсе, ол агрессияға үйренеді. Егер де баланы мұқатса, ол тұйық болады. Егер де бала жазғыру жағдайында өссе, кінә сезімімен өмір сүруге үйренеді. Егер де бала шыдамдылық ортасында өссе, ол басқаларды қабылдауға үйренеді. Егер баланы жиі көтермелесе, ол өзіне сенуге үйренеді. Егер де баланы жиі мақтаса, ол қайырымды болуға үйренеді. Егер бала адалдықта өмір сүрсе, әділ болуға үйренеді. Егер бала әлемге деген сенімде өмір сүрсе, ол адамдарға сенуге үйренеді. Егер бала қабылдау ортасында өмір сүрсе, ол әлемде махаббатты табады. БАЛАЛАР ӨМІР СҮРУДІ ӨМІРДЕН ҮЙРЕНЕДІ