7

Сауат ашу Цц дыбысы мен әрпі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:

1
Пәні: Сауат ашу 9.12.2013ж.   Сабақтың тақырыбы: Ц дыбысы мен әрпі. Сабақтың...
Пәні: Сауат ашу 9.12.2013ж.   Сабақтың тақырыбы: Ц дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға Ц дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілгенді оқу мен жазуға үйрету. Дамытушылық: Ц дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушылардың білімі мен тілін, сөздік қорларын дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа, тазалыққа, өнерге тәрбиелеу. Әдісі: ойын, сұрақ-жауап, түсіндіру. Түрі: аралас сабақ Көрнекілігі: слайдтар, кеспе әріптер, оқулық, дәптер, ойындар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру (1 слайд) Балалар, бүгін ерекше күн. Себебі, сабағымызға көп қонақтар келіп отыр. Олай болса, қонақтарымызбен сәлемдесейік. Құтты қонақ келіпті, төрімізге еніпті. Амандасу үлкенге, тәрбиенің басы ғой. Ал, кәнеки бәріміз, сәлем дейік үлкенге Сәлеметсіздер ме, апайлар мен ағайлар! ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.(2 слайд) *Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?(щ) *Щ дыбысы қандай дыбыс?(дауыссыз, қатаң) *Щ дыбысына байланысты қандай сөздер білесіңдер?(щи, борщ, щетка,ащы,тұщы) *Тақтаға осы сөздерді жеке – жеке жаздыру
2
ІІІ. Жаңа сабақ.(3 слайд) Жұмбақ Аяғын жерге тірей қалып, Шеңбер сызды шыр ай...
ІІІ. Жаңа сабақ.(3 слайд) Жұмбақ Аяғын жерге тірей қалып, Шеңбер сызды шыр айналып. (Циркуль) Оқушыларды ц дыбысымен таныстыру.(4 слайд) *Ц қатаң дауыссыз дыбыс. Ц дыбысы орыс тілі арқылы енген кірме сөздерде кездеседі.Ц дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі. *Ц дыбысына байланысты суреттер көрсетіп, оларды буынға бөлдіріп, ц дыбысының сөздің қай жерінде кездесетінін оқушыларға анықтату. *Цех, цирк, концерт, цифр сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
0
 
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
ІҮ. Сергіту сәті(5 слайд) Дөңгелене тұрамыз, Керегені құрамыз. Уықтар боп...
ІҮ. Сергіту сәті(5 слайд) Дөңгелене тұрамыз, Керегені құрамыз. Уықтар боп иіліп, Шаңыраққа киіліп Достық үйін құрамыз. Ү. Оқулықпен жұмыс(6 слайд) “Цирк”мәтінін оқу *Оқушыларды тізбектей оқыту *Тапқышбектің шарындағы шашылған буындарды оқып, дыбыстайды * “Концерт” тақырыбына әңгіме құрастыру. Мыс: Досан домбырамен күй тартты. Маржан “Айгүл” би тобына қатысады. Айбек өлең оқыды. т.б ҮІ. Өз өнерлерін көрсету(7 слайд) * Балалар, З дыбысын өткенімізде қандай өлең жолын жаттадық? * Қане,асықпай бәріміз қосылып айтайық. (Қазақстан – менің Отаным) Асыл өлкем, ерекше, Қазақстан мекенім! Бәрімізге белгілі, Сенің қандай екенің, Биік болсын шоқтығың, Атыңды айтам қуана. Желбірейді көк туың, Төбемізде мәңгілік. * Өте жақсы айттыңдар балалар, бұл өлең жолын сіздер Тәуелсіздік мерекесіне арнап айттыңыздар - деп есептеймін. ҮІІ. Дәптермен жұмыс(8 слайд) * Ауада көрсету, жазу. *Дәптерге жазбас бұрын, не айтуымыз керек? *Балалар, Ц әрпінің бас әрпін жазу үшін И әрпін еске түсірейік, доғал түрде бастап, көлбеу таяқшаны екі ілмек арқылы жазып, ырғашақ саламыз. *Кішкене ц әрпін екі ырғашақты қосып жазу арқылы ілмек салып жазамыз. * Міне, балалар бұл үлгілер дәптерімізде тұр, енді көркем етіп жазайық.
4
ҮІІІ «Кім шапшаң?» ойыны арқылы сабақты бекіту (9 слайд) *  Бос торкөзге Ц...
ҮІІІ «Кім шапшаң?» ойыны арқылы сабақты бекіту (9 слайд) *  Бос торкөзге Ц әрпін қойып, сөздерді оқимыз * Сонымен Ц қандай дыбыс? * Цирктен сіздерге кімдердің, нелердің ойындары ұнайды?           ІХ. Мадақтау(10 слайд) * Оқушыларды қатысымына қарай мадақтау    Х. Үйге тапсырма * “Цирк” мәтінін оқу, жазуларын аяқтау.
 
 
X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте её своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить презентацию