7

Презентация по теме Бесік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:

1
Дайындаған: Ақсу қаласының №4 орта мектебінің 10А сынып оқушысы Трушина Влади...
Дайындаған: Ақсу қаласының №4 орта мектебінің 10А сынып оқушысы Трушина Владимира Ғылыми жоба: БЕСІК – ДҮНИЕГЕ ЖАҢА КЕЛГЕН ПЕРІШТЕНІҢ АҚ ОТАУЫ
2
Ғылыми жобаның мақсаты: Бесікті ата - бабаларымыздың өмірінде алған орны тура...
Ғылыми жобаның мақсаты: Бесікті ата - бабаларымыздың өмірінде алған орны туралы түрлі пікірлерді келтіре отырып, бүгінгі ұрпақтың бойына мәдени мұраларға деген көзқарасты қалыптастыру, тәуелсіз елімізге деген патриоттық сезімдерін дамыту болып табылады.
0
 
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер біз осы бабаларымыздан қалған ең қымба...
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер біз осы бабаларымыздан қалған ең қымбат мұралардың бірі – бесікті сол кездегі ата - бабаларымыз сияқты қастерлеп, оның қасиетін, құдіретін келер ұрпаққа жеткізер болсақ олардың бойына рухани құндылықтарды бағалай білетін ұлттық және патриоттық санасы жоғары тұлға қалыптасады.
4
Зерттеудің теориялық және практикалық мәнділігі: Зерттеудің теориялық мәнділі...
Зерттеудің теориялық және практикалық мәнділігі: Зерттеудің теориялық мәнділігі: бесік туралы ғылыми жоба немесе курстық жұмыс дайындағанда көмекші құрал болады. Сонымен қатар оқушыларға мәлімет жинауға септігін тигізеді. Зерттеудің практикалық мәнділігі: оқушыларға бесікті қолданганда немесе кездестіргенде көмегін тигізеді және өз елінің ертедегі тұрмысымен танысады.
5
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі: - бесік туралы тәлімдік, тәрбиелі...
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі: - бесік туралы тәлімдік, тәрбиелік көзқарастарға талдау жасалды, - бесіктің ата - бабаларымыздың өмірінде алған орнын көрсету, - бесіктің бөліктері мен түрлері жайында түсінік берілді, - бесікті жаңа ғасыр талабына қарай қолдануы Жұмыстың орындалу әдістері: Тарихи деректермен танысу, оларды жинақтау, қорыту, салыстырмалы талдау жасау, тұжырымдау.
6
Бесік дегеніміз не? Бесік— нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек. Бесікті Орт...
Бесік дегеніміз не? Бесік— нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек. Бесікті Орталық Азия мен Кавказ, Үндістан, Қытай жерін мекендейтін халықтардың басым көпшілігі пайдаланады. Тек әр түрлі үлгіде жасалады. Бесік баланың тазалығына өте қолайлы, өйткені арнайы орнатылатын түбек пен шүмек бала дәретін жайылдырмайды. Бесік туралы көрші атамыз былай деген:
7
Бесіктің түрлері ЖЕЛ БЕСІК ЖЕР БЕСІК ТАЛ ҚАРАҒАЙ ҚАЙЫҢ ИІП ЖАСАЛҒАН ТІК ЖАСАЛ...
Бесіктің түрлері ЖЕЛ БЕСІК ЖЕР БЕСІК ТАЛ ҚАРАҒАЙ ҚАЙЫҢ ИІП ЖАСАЛҒАН ТІК ЖАСАЛҒАН Жасалуы бойынша
8
Бесіктің жасалуы Бесіктің екі басын тұтас қайыңнан, талдан иіп, не төрт бөлек...
Бесіктің жасалуы Бесіктің екі басын тұтас қайыңнан, талдан иіп, не төрт бөлек қарағайдан қиыстырып доға тәрізденіп жасайды. Ортасынан бір шабақ салып, шабақтар үстіне тақтай төсеп, оның түбек орнататын жерін дөңгеленіп ояды. Бесіктің доға тәрізденген екі басы дәл төбесінен жіңішке жұмыр арқалықпен біріктіріледі. Бесік бөлшектері бір-бірімен желім, ағаш шегелерімен қосылады.
9
Бесіктің пайдасы Баланы бесiктен шешкен кезде сәби керiлiп-созылып, рахаттана...
Бесіктің пайдасы Баланы бесiктен шешкен кезде сәби керiлiп-созылып, рахаттанады. Сәбидің тұла бойы таза болып, тазалыққа бойы үйренеді. Бесіктегі баланың денесіне дымқыл, сыз дарымайды. Құрғақ болады. Ол мықты денсаулық кепілі. Әрі қол-аяғы сыптай болып өседі. Бесік белгілі бір ритммен ғана тербетіледі. Баланың жүйкесі бір жүйе, тәртіпке түседі. Бесіктегі балаға ана әлдиі әбден сіңеді. Қайырымды мінез қалыптасады. Бесік жырын тыңдаған баланың қанына ұлттық қасиет дариды. Бесік сәбиді сырттан келетін кері энергия немесе тiл-көзден сақтайды.
10
Баланы бесікке салу дәстүрі. Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке с...
Баланы бесікке салу дәстүрі. Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке салады. Бесікті адыраспанмен аластап шығады.Бұл ырым баланың ұйқысы тыныш болу үшін және жын – шайтанды қуу мақсатымен өткізіледі. Бесікке салу рәсіміне әйелдер шақырылады, олар кәделерін ала келеді. Бесікке салу жолы ауылдағы өнегелі әжелерге, әйелдерге тапсырылады. Бір-екі келіншек бесікті жақсылап жабдықтаған соң, «тыштырма» жасайды
11
«Тыштыртыма» ырымын жасау
«Тыштыртыма» ырымын жасау
12
Бесік жырлары Сәбидің тәрбиесіне бесік жырының орны бөлек. Бесік жырында ұлтт...
Бесік жырлары Сәбидің тәрбиесіне бесік жырының орны бөлек. Бесік жырында ұлттық тәрбиенің үздік үлгісі жатыр. Соңғы жылдарда бесік тербетіп отырып бесік жырын айтып отыратын әже, ана азайды. Баланы ұйықтатар алдында әр ананың «Бесік жырын» айтуы жөн, өйткені «Баланың есту сезіміне аса көп әсер беретін- бесік жыры. Жас балаға қазақтың «Әлди, әлди, ақ бөпем» деген жыры көбінісе айтылады Әлди, әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем, Әлдилейін жата ғой, Тәтті ұйқыға бата ғой..
13
Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар. 1. Бос бесікті тербетуге болмайды. 2. Б...
Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар. 1. Бос бесікті тербетуге болмайды. 2. Бесікті сатуға болмайды. Бесікті саудаламайды. Айтқан бағасына сатып алу керек. 3.Кез келген адамға беруге болмайды. 4.Аяқ астына тастауға болмайды. 5.Бесіктің өзін отпен аластап қояды. 6.Бос бесікті еш уақытта жабусыз қалдырмау керек.. 7. Бесіктің теріс жағына отырмайды. 9.Бесік жасайтын шеберлер ынсапты болуы тиіс. Киелі дүниенің бағасын аспандатпауы керек.
14
Бесікті жаңа ғасырда қолдануы Қазір баласын бесікке бөлейтін ата-ана аз. Тіпт...
Бесікті жаңа ғасырда қолдануы Қазір баласын бесікке бөлейтін ата-ана аз. Тіпті «бесік зиян…» дейтіндер де бар. Бұл баяғы кеңестен қалған көзқарас. Бүгінгі таңда қазақтың қасиетті бесігі қолданыста жоқ. Ара-тұра көргеніміз болмаса, қазіргі әрбір қазақтың шаңырағында, төрінде тұр деп ауыз толтырып айта алмаймыз. Ата-баба аманатының бірі киелі бесік ғасырдан-ғасырға жетіп, тек бүгінгі ұрпақтың көзіне оғаш көрініп, қолданыстан шығып қалғаны өкінішті.
15
Қорытынды: 20 сұхбаттасқан әйелдердің арасында 40 пайызы бесікті колдану кере...
Қорытынды: 20 сұхбаттасқан әйелдердің арасында 40 пайызы бесікті колдану керектігін айтты, ал 60 пайзы бесікті қолдануға қарсы шықты. Бесік үшін Бесікке қарсы - бесіктегі бала таза жатады - Бесіктегі баланың қан айналымы бұзылады - Бесіктегібала жылы жатады - Бесіккесалудың жұмысы көп - Бесікте баланы ұйықтатуға ыңғайлы - Қазіргі заманда памперстар бар - Ананыңқолы бостау болады - Қазір жаңаша коляскалар бар - Бесіктен бала құлап қалмайды - Баланың денсаулығына зиянды - Экология жағынан таза бұйым - Бесікте бала қозғалмай жатады - Бесікте жатқан балаға вирус, аурулар жұқпайды - Бесікте жатқан бала дамымайды
16
Зерттеулердің нәтижелері 10 сынып оқушылардың 90%сұрақтарға дұрыс жауап берді...
Зерттеулердің нәтижелері 10 сынып оқушылардың 90%сұрақтарға дұрыс жауап берді. Өйткені мектепте қазақ тілі сабақтарында қазақтың салт- дәстүрлерімен танысады. Өкінішке орай, өзге ұлттың адамдардың көбі, қасында тұрған қазақ халқының салт –дәстүрлерін білмейді № Сұрақтары Дұрыс жауапбергендер 10 сынып Қазақ тұрғындары Орыс тұрғындары 1 Как называется у казахского народа обычай Укладывания ребенка в колыбель? (Бесікке салу) 90% 100% 10% 2 Как называется колыбель у казахского народа? (Бесік) 100% 100% 30%
17
Зерттеулердің нәтижелері Қорытынды: Қорытынды: сұрақтың жауаптарын зерттегенд...
Зерттеулердің нәтижелері Қорытынды: Қорытынды: сұрақтың жауаптарын зерттегенде, қазіргі отбасыларында бесік өте аз қолданданатын туралы айтуға болады. № Сұрақтар 10 сынып Қазақ тұрғындары Орыс тұрғындары иә жоқ Білмеймін иә жоқ Білмеймін иә жоқ Білмеймін       жоқ 1 Пользуются ли казахской колыбелью в современных семьях. 10% 50% 40% 20% 60% 20% 2% 14% 84% 2 Знаете ли колыбельные песни? 70% 30% - 80% 20% - 70% 30% -
18
Қорытынды Менің ойымша, ұлттық салт - дәстүрлерді ешқашан ұмытуға болмайды, ө...
Қорытынды Менің ойымша, ұлттық салт - дәстүрлерді ешқашан ұмытуға болмайды, өйткені тілін білетін, салт – дәстүрлерін сақтайтын ғана халық, халық бола алады.Сондықтан қазіргі жастарға ұлттық салт –дәстүрлерін ұмытпау үшін көбірек әр – түрлі өткізілетін іс –шараларға қатысу керек. Қасында тұрған халықтың салт- дәстүрін білуміз керек. Сонда ғана біздің елімізде бүгінгідей тиыштық, татулық болады. Осы жұмысымның нәтижесі: мұғалімге көмекші құрал ретінде кішкене ғана кітапша шығардым.
 
 
X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте её своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить презентацию