- Презентации
- Презентация Жаным толған жақсылық (3 сынып)
Презентация Жаным толған жақсылық (3 сынып)
Автор публикации: Нурлыбаева С.Ж.
Дата публикации: 11.04.2016
Краткое описание:
1
Сабақтың тақырыбы: Жаным толған жақсылық.
2
: Балалардың «жақсылық», қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту. Мақсаты: Міндеті: - жақсылық пен махаббатттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, - жақсылық жасай білу іскерліктерін дамыту, қайырымдылыққа,ізгілікке тәрбиелеу
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Шаттық шеңбері Шеңбер құрып, бір-бірімен сәлемдесу. Жаңа сабақты өткен сабақпен байланыстыру мақсатында үй тапсырмасын сұралады.
4
«Жан ана» мәтіні (әңгімелеу) ІІ-оқулықпен жұмыс. Жақсылық жасау туралы балаларда түсінік қалыптастыру үшін әңгімелеу жұмысын ұйымдастырылады. Мұғалім әңгімеде айтылған ой туралы балалардың пікірін білу үшін сұрақтар қоялады. - Ауылдағылардың жасаған әрекеттеріне көзқарастарың қандай? Осы әңгімеден қандай ой қорытуға болады? Балалардың жауаптары:
5
Шығармашылық жұмыс. Айтылған ой «Жақсылық тамшысы» атты шығармашылық жұмыс арқылы бекітіледі. Оқушылардың санына сәйкес алдын ала дайындалған тамшы үлгісінде қиылған қағаздары үлестіріледі. Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін сурет салып немесе жазып жеткізеді. Әр бала өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын жария етеді. Шығармашылық жұмыс нәтижесін мұғалім қорытындылайды: - Балалар, әрқайсысының тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға (мұғалім тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек дария суретін апарып іледі) айналды.
6
Ойын Кешірім гүлін сыйлау. Балалар, сендер гүлдерге соңғы кезде ренжіткен адамдарыңа кешірім сөздерін жазып сыйлаңдар. (Балалар бір- бірінен және мұғалімдерден немесе ата-аналарынан кешірім сұрап, кешірім гүлін сыйлайды)
7
Дәйексөз «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе» Әр оқушы шағын шығарма жазады. Әңгіме мазмұны бойынша ойлары дәйексөзбен түйінделеді.
8
Үй тапсырмасы Дәптерде берілген «Жақсылық бастауынан» тараған тармақтарға мына сұрақтардың жауабын жазыңдар: а) Айналаңдағы адамдарға қандай жақсы тілектер айтып жүрсіңдер? ә) Өз бойыңдағы жақсы қасиеттеріңді санамалап жазыңдар.
9
Жүректен - жүрекке. Бір бірімізге деген сүйіспеншілігімізді жақсы тілектермен жалғайық,