Жыл иесі - Жылан ғылыми жоба
Автор публикации: Алтынбекова С.А.
Дата публикации: 30.04.2016
Краткое описание:
1
Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты арқылы ала аласыз!
2
бауырымен жорғалаушылардың ішінде жыланның жыл иесі ретінде алатын орнын, оның адамзат өміріндегі маңызын, емдік қасиеттерін жан-жақты ашып көрсету.
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Жыландар (лат. Serpentes) - бауырымен жорғалаушылар класы қабыршақтылар отрядының бір тармағы. Денесі жұмыр, ұзын (ұзындығы 8 см-ден 12 м-ге дейін жетеді). Денесін мүйізді қалқаншалар мен қабыршақтар, арқасы мен бүйірлерін ұзына бойы қатарласа орналасқан, ромбы тәрізді қабыршақтар жапқан.
4
Бауыры көлденең жатқан ірі қалқаншалармен жабылған, олар бір-бірімен жұмсақ тері қатпарлармен жалғасқан. Ірі денелі жемтіктерді жұтқанда тері қатпарлары жазылып, құрсақ қалқаншаларының ұзына бойы созылуына мүмкіндік береді.
5
Көздерінде қозғалмалы қабақтары болмайды, олар мөлдір қабықпен жабылған.
6
Жыландар жер шарына кең тараған (тек Антарктидада ғана кездеспейді), 3 мыңға жуық түрі белгілі. Олар 12 тұқымдасқа бірігеді. Ең көбі – сарыбас жыландар, олардың 1500-дей түрі бар. Қазақстанда 5 тұқымдасқа жататын: соқыр жыландар (1 түрі), айдаһарлар (2 түрі), сарыбас жыландар (12 түрі), сұржыландар (2 түрі), бозша жыландар (1 түрі) 18 түрі белгілі.
7
Жыландардың 13 тұқымдасы бар: сарбас жыландар, улы жыландар, теңіз жыландары, сұр жыландар, шұңқырбастылар, соқыржыландар, тарауыздар, айдахарлар, аномалипидилер, біліктәрізділер, қалқан құйрықтылар, сәулелілер, 3000 түр. ТМД-да, 60 түрі белгілі.
8
Әлемдегі ең алып жылан – анаконда. Оның ұзындығы 5 метрге дейін жетеді.