- Презентации
- Презентация Еліктеу сөздер (4 сынып)
Презентация Еліктеу сөздер (4 сынып)
Автор публикации: Джексенбаева Г.Е.
Дата публикации: 19.04.2016
Краткое описание:
1
Қазақ тілі Бастауыш сынып мұғалімі Джексенбаева Гульнар Есымовна 4 – сынып Алматы қаласы Әуезов ауданы “Жаңа Ғасыр” № 175 гимназия
2
Амансың ба Алтын күн! Амансың ба Көк аспан Амансың ба Достарым! Сендерді көрсем қуанам! Амандасу рәсімі:
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Сабақтың тақырыбы: Еліктеу сөздер
4
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Еліктеу сөздер туралы түсінік беру, оның басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін таныту, өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, еліктеу сөздердің түрлерін ұқтыру, Дамытушылық: Оқушылардың сауаттылығын, танымдылығын, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу тілін, ой жүйелеу шеберлігін дамыту, оқушылардың еліктеу сөздер түрлерін меңгеру дағдыларын дамыту, есте сақтау қабілеттерін шыңдау. Тәрбиелік: сауатты, көркем жазуға төселдіріп, ұқыптылыққа тәрбиелеу
5
“...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңіз” Н.Назарбаев
6
Сабақтың барысы:
7
Психологиялық дайындық Әрбір адам ------- Досым,сыныптасым әрбір сабақ------ үйрену, оқу, іздену. әрбір ісің ------- тіршілік, тірлік, адамдық. Әрбір сөзің --------- шындық, бірлік, адалдық.
8
Үй тапсырмасы: 5 – жаттығу.
9
10 мин тест 1. Ә 7. А 2. Ә 8. Ә 3. Б 9. Ә 4. Б 10.А 5. Б 11. А 6. А 12. Ә
10
Жаңа сабақ тақырыбы: Еліктеу сөздер
11
Қызығушылықты ояту
12
Ереже: Табиғаттағы дыбысқа , қимылға еліктеуден туған сөздерді еліктеу сөздер деп атайды. Мысалы: тарс – тұрс, бұралаң, гүрс, жылт – жылт.
13
Е л і к т е у Еліктеуіш Бейнелеуіш
14
1 - жаттығу 1. Шыр – шыр етеді, 2. Жылт – жылт еткен, Құлағыңнан өтеді. Жырадан өткен. Ұстай алсаң, (Су – вода, water). Сөйлеп кетеді.(Телефон - телефон, telephone). 3.Сылдыр қағып, 4.Өреді байпаңдап, Таудан құлап, Жүреді тайтаңдап. Жатыр ағып , Өзенге түссе егер, Мөлдір ........ (Бұлақ - ручей). Жүзеді жайтаңдап. (Үйрек - утка).
15
2 – жаттығу “Артық сөзді тап” ойыны Кітап, дәптер, сызғыш, балпаң – балпаң. Жазады, желп – желп, басады, өлшейді. Мен, өзі, саған, борт, ешкім. Қызыл, сарғыш, жарқ, әдемі. Елу, қорбаң – қорбаң, он алтыншы, мың. Күндіз, төмен, тырс – тырс, жоғары. Үшін , туралы, ғана, пыс – пыс. Пай – пай, қап, шөре – шөре, маң – маң.
16
Көру арқылы жасалған бейнелеуіш сөздер Есту арқылы жасалған еліктеуіш сөздер Бүрсең – бүрсең, бүлк – бүлк, жыбыр – жыбыр, қалт – құлт, зыр – зыр , жалт – жұлт. гүрс, күңк, қаңқ, шыр – шыр, шорт, мыңқ, шіңк,зыр – зыр, тарс, шаң – шұң, қытыр – қытыр, күтір – күтір,
17
Сергіту сәті.
18
5 - жаттығу Өзеннің арғы жағынан үлкен қара бұлт көтерілді. Жарты аспанды бүркеп қалды. Күн күркіреді. Құйын соғып өтті. Бұтақтардан үзілген жапырақтар алаңқайдың үстіне айран – асыр үйіліп кетті. Алғашқы ауыр тамшылар да сіркіреді. Найзағай жарқылдап, күн күркіреді. Жауын ағыл – тегіл құйып кетті.
19
Шығармашылық тапсырма 2-қатар. Ішінде еліктеу сөз бар ырым-тыйым сөздер жазу. 1- қатар. Ішінде еліктеу сөз бар мақал-мәтел ойлап жаз. 3 –қатар. Еліктеуіш те, бейнелеуіш те қатысқан 3 сөйлем құрастыр.
20
Қорытынды. Еліктеу сөздер ағашына еліктеу туралы білгенімізді жазайық.
21
Үйге тапсырма Күнделікті енді ашайық Үй тапсырмасын жазайық. Еліктеу сөз туралы алған білімді, Ұмытпай есте сақтап алайық. бағалау 6 –жаттығу 207 бет, ереже жаттау
22
Тыңдағандарыңызға рахмет!