7

Сабақ жоспары. Домбыра. Дүниетану. 1 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:

1
Сабақтың тақырыбы: “Домбыра” Сабақтың мақсаттары: 1. 		Қазақ халқының негізгі...
Сабақтың тақырыбы: “Домбыра” Сабақтың мақсаттары: 1. Қазақ халқының негізгі көне музыкалық аспабы-домбыра туралы түсінік беру. Авторы Мұзафар Әлімбаев және атақты композитор Ахмет Қуанұлы Жұбанов туралы түсінік беру. 2. Оқушыларды өнерге, күй тартуға баулу. Күйдің шығуы туралы айта отырып, эстетикалық тәрбие беру арқылы танымдық қаблеттерін арттыру. 3. Ұлттық өнерді қастерлеуге және өнер адамдарына деген сүйіспеншілігін арттырып, құрметтеуге тәрбиелеу.
2
Сабақтың көрнекілігі: Домбыра және Мұзафар Әлімбаевтың, Ахмет Жұбановтың сур...
Сабақтың көрнекілігі: Домбыра және Мұзафар Әлімбаевтың, Ахмет Жұбановтың суреттері, тыңдауға арналған куйлер. Сабақтың әдісі: Ривин-Баженов әдістемесі, сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау, түсіндіру, баяндау.
0
 
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, оқушылардың оқ...
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, оқушылардың оқу-құралдарын түгелдеу, оқушылардың денсаулығына назар аудару. Оқушылардың келген қонақтармен амандасуы, бір-біріне жылулық сезімін таратуы. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: -Балалар, үйге оқуға берілген “Еңбекпенен ел көгерер” атты ертегіні оқып шығайықшы. (1-2 оқушыға оқыту). -Ертегіде кімдер туралы айтылған? -Қай баланың ісін дұрыс деп ойлайсыңдар? Неліктен? -”Еңбекпенен ел көгерер” дегенді қалай түсінуге болады?
4
ІІІ. Меңгеру сабағы: п/ ,,,, а/ы”а
ІІІ. Меңгеру сабағы: п/ ,,,, а/ы”а
5
- Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбын мына ребусты шешу арқылы тауып алайық!...
- Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбын мына ребусты шешу арқылы тауып алайық! (Ребустан “Домбыра” атты сөз шығады). -Домбыраны көргендерің бар ма? -Домбыра туралы не білесіңдер? -Домбыра қай ұлттың ұлттық аспабы? -Домбырамен не тартады? -Ал, сендер қандай күйші, композиторларды білесіңдер? -Дұрыс, Дина Нұрпейісова, Құрманғазы сияқты қазақ күйшілері көп. -Ал, ендеше бүгін сабақта өтетін жаңа тақырыбымыз Мұзафар Әлімбаев атты жазушы ағамыздың Ахмет Жұбановқа арнап жазған “Домбыра өлеңі”. Мұзафар Әлімбаев туралы қысқаша мағлұмат беру.М.ӘлімбаевПавлодар қаласында туған.Ақын әдебиет зерттеушісі, аудармашы.1923жылы туған.Өлеңдері көптеген шетел тіліне аударылған. ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------- -Ахмет Қуанұлы Жұбанов қазіргі Ақтөбе облысының Темір ауданында дүниеге келген. Мектепте оқып жүрген кезден-ақ ол домбыра, мандолина, скрипка сияқты музыка аспаптарында ойнауды үйренді. Ол 1929-1932 жылдары Санкт-Петербург қаласындағы музыка техникумы мен консерватоияларда оқып, білім алған. А.Жұбанов –қазақ музыка өнерінің көрнекті қайраткері әрі дирижер, музыка зерттеуші ғалым. Ол қазақтың ұлттық музыка аспаптары оркестрін алғаш ұйымдастырушылардың бірі болды және соған арнап “Би күйі”, “Көктем” атты пьесалар жазды.
6
Домбыра Ішекті-шертпелі аспаптардың ішінде халық арасында ең көп тарап, қолд...
Домбыра Ішекті-шертпелі аспаптардың ішінде халық арасында ең көп тарап, қолданыста жүргені және бірнеше үлгі-нұсқалары бары- домбыра аспабы.
7
8
1,2. Қос ішекті. 3.Кең шанақты. 4.Аша(екі жақты). 5.Үш ішекті. 6.Қуыс мойын....
1,2. Қос ішекті. 3.Кең шанақты. 4.Аша(екі жақты). 5.Үш ішекті. 6.Қуыс мойын. 7.Шіңкілдек.
9
Домбыралар- дыбыс өткізгіштігі жоғары қарағай, дыбыс жаңғырту қасиеті зор тұ...
Домбыралар- дыбыс өткізгіштігі жоғары қарағай, дыбыс жаңғырту қасиеті зор тұт, қатты жынысы үйенкі, емен тағы басқа ағаштардан, шанағын құрапта, тұтас ағаштан шауып, ойып та жасалады. Тұтас ағаштан ойып, шауып жасалатын шағын домбыраларды көбінесе ел арасында ертеректе өмір сүрген өнерпаздар қолдаған.
10
Домбыра халқымыздың тарихи өмір жолымен тығыз байланысты. Ол халық әндерін с...
Домбыра халқымыздың тарихи өмір жолымен тығыз байланысты. Ол халық әндерін сүйемелдеуге және күлер тартуға қолданылады. Атақты күйшілер Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей және Дина өздерінің терең тебіреністі күйлерін осы домбырамен шығарған.Қазақ халқының көне музыка аспабының бірінен саналатын бұл домбыра, күйші-композиторлардың күмбірлеген «күйші», боздаған «үні»мен сұңқылдаған «тіліне» айналып отырған. Домбыра жүрегіммен үндес едің , Өзіңмен сырласындай тілдесемін. Бабамнан қалған мұра сен боласың, Өнердің не екенін білмес едің, - деп Ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай қазақ халқының небір ән күйлері мен жыр-дастандары кейінгі ұрпаққа осы домбыра арқылы жеткем.
11
Қазір оркестрге лайықталып жасалған домбыраның прима, тенор, бас сияқты түрл...
Қазір оркестрге лайықталып жасалған домбыраның прима, тенор, бас сияқты түрлері өмірге келді. Осы секілді 19 пернелі жетілдірілген жаңа домбырамен нотаға жазылған кез келген музыкалық шығарманы орындауға болады. Халық өмірінің сыр-шежіресіндей күй төккен домбыра бұл күнде нағыз профессионалды музыкалық ұлт аспабына айналды.
12
Қазақстанның әр өлкесінде домбыра шанағының сыртқы пішіні түрлі-түрлі болады...
Қазақстанның әр өлкесінде домбыра шанағының сыртқы пішіні түрлі-түрлі болады. Мысалы оңтүстік пен батыс өлкелерінде ол сопақшалып немесе дөңгеленіп келсе, орталық оңтүстік және шығыс шығыс өлкелерінде көбіне көбіне домбыра шанағының бұрыштары үшерленіп жасалған.
13
14
Домбыраның құрылысы Басы- екі құлақ бекілетін жері. Шайтан тиегі- екі ішек о...
Домбыраның құрылысы Басы- екі құлақ бекілетін жері. Шайтан тиегі- екі ішек орналасатын жері. Мойыны- перне байлайтын жері. Шанағы-дыбыс кеулеп шығатын іші қуыс кеудесі. Беті- шанақтың қақпағы, екі ішекті қағып, дыбысты естіртетін жері. Дыбыс ойығы-қақпақтың дөңгеленіп ойылған тесігі. Тиек- қақпақ бетінде екі ішекті көтеріп тұратын алмалы-салмалы ершік. Түймесі(ілгек)- шанақтың артындағы ішекті бекітетін жері. Екі құлақ- домбыраның басындағы екі ішекті ң ұшы бекітілетін жері.
15
16
Қазір домбыраның екі түрі кездеседі. Негізінен 2ішекті болып келеді. 3ішекті...
Қазір домбыраның екі түрі кездеседі. Негізінен 2ішекті болып келеді. 3ішекті домбыралар да бар. Қазақстанның батыс өңірі, Арқа мен солтүстік-шығыс өңірлерінің домбыралары ел арасында көп пайдаланады.
17
18
Дәулеткерей Шығайұлы-күйші-композитор. Қазіргі Орал жерінде дүниеге келген. О...
Дәулеткерей Шығайұлы-күйші-композитор. Қазіргі Орал жерінде дүниеге келген. Оның «Қосалқа» атты күйі-халыққа кең тараған күй.Кейде сұлу қыздың бейнесі, әдемі жүрісі, алқаның сылдыры естіледі.
19
Дина Нұрпейісова-Атырау жерінде дүниеге келген қазақтың атақты күйшісі. Динан...
Дина Нұрпейісова-Атырау жерінде дүниеге келген қазақтың атақты күйшісі. Динаның ұстазы Құрманғазы болған. Динаның ерекше күйлерінің бірі- «Бұлбұл».
20
Сергіту сәті (Мен Ахмет Жұбановтың “Би” күйін орындаймын). Оқулықпен жұмыс....
Сергіту сәті (Мен Ахмет Жұбановтың “Би” күйін орындаймын). Оқулықпен жұмыс. -Балалар, ал енді оқулықтарыңның 131-ші бетін ашып, “Домбыра” өлеңін мәнерлеп оқиық. Оқулықпен жұмыс. (Өлеңнің әр шумағын әр оқушыға оқыту). Сөздік жұмысы. (Оқушылардан түсініксіз сөздерді сұрау) Қомсынады-ұялады, менсінбейді. Әз халықтың-бар халықтың, қазақ халқының. Дүлдүл – ең үздік, танымал, атақты, басқадан ілгері болған. -Өлеңде неше шумақ бар? -Дұрыс,4 шумақ бар. - Әр шумақ неше тармақтан тұр?
21
-1-ші шумақ 2 тармақтан, -2-ші және 3-ші шумақтар 4 тармақтан, -4-ші шумақ 5...
-1-ші шумақ 2 тармақтан, -2-ші және 3-ші шумақтар 4 тармақтан, -4-ші шумақ 5 тармақтан тұр. -Әр шумақта қандай ойлар түйінделген? -Мысалы: 1-ші шумақта қандай ой түйінделген? -Дұрыс, кейбір адамдардың домбыраны ұстауға ұялатыны, менсінбейтіндігі, сондықтан біз ата-салтымызды кейінгі өмірде сақтай алмайтындығы туралы айтылған. -2-ші шумақта домбыраның өте қасиетті, бағалы туралы екендігі туралы айтылған.
22
(“Жошы хан” туралы аңыз айтылады). -3-ші шумақта домбыраның адам өміріне жыл...
(“Жошы хан” туралы аңыз айтылады). -3-ші шумақта домбыраның адам өміріне жылулық беретіні, өмірде құштарлыққа ұмтылатыны, күй сазы адам өмірін құлпыртатындығы туралы айтылады. -4-ші шумақта домбыраның ешқашанда ескірмейтіндігі, оны бар халықтың ғасырлар бойы ұстайтындығы, ата көзі, баба мұрасы екендігі айтылған.
23
Дәптермен жұмыс. “Домбыра” туралы оқушылар өлең шығарады. Бекіту. -Осы өлеңд...
Дәптермен жұмыс. “Домбыра” туралы оқушылар өлең шығарады. Бекіту. -Осы өлеңде домбыра туралы қалай жырланған? -Өлеңнің Ахмет Жұбановқа арналу себебі неде? -Домбыра аспабының қазақ халқы үшін мәні қандай? Бағалау. Үйге тапсырма беру. Өлеңді мәнерлеп оқып келу. Домбыра туралы эссе жазу. “Қазақ күйлері мен күйшілері” туралы кітапша құрастырып келу.
 
 
X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте её своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить презентацию