7

Презентация қазақ тілі жаңа сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:

1
Сабақтың тақырыбы: Төлдердің айтысы. (Ертегі)
Сабақтың тақырыбы: Төлдердің айтысы. (Ертегі)
2
Мақсаты:Оқушыларға төрт түлік малдың пайдасы, адам өмірінде маңызы, олардан а...
Мақсаты:Оқушыларға төрт түлік малдың пайдасы, адам өмірінде маңызы, олардан алынатын өнімдер жөнінде білімдерін бекіту. Тәрбиелік мәні: Оқушыларды ұлттық салт -дәстүрді сақтауға, ана тілін сүюге, құрметтеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Балалардың сөздік қорын молайту тілін ширату, шығармашылық ойлау белсенділігін дамыту.
0
 
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
-Төрт түлікке ешкі , сиыр, қой, жылқы, түйе жатады. Олардың сүтін, етін, жүні...
-Төрт түлікке ешкі , сиыр, қой, жылқы, түйе жатады. Олардың сүтін, етін, жүнін, терісін, күшін т.б.  заттарын пайдаланатын болғандықтан төрт түлік деп атайды. Төрт түлікті денесіне қарай отырып, екіге бөледі: Ірі қара, ұсақ. Денесі ірі болғандықтан түйе, сиыр, жылқыны ірі қара деп атаймыз. Сондықтанда түйе,сиыр, жылқыны көлік ретінде пайдаланған. Ал, ешкі мен қойды ұсақ малға жатқызады және бұл екеуінің өрісі бір болғандықтан екеуі үнемі бірге айтылып, бір төл түрінде есептеледі.  Ата-бабаларымыз сонау заманнан төрт түліктіқолға үйретіп, өздеріне керекті өнімдерін алып отырған. Кең даланы еркін шарлап, көшіп - қонға халқымыздың тұрмыс тіршілігін де осы төрт түлікпен байланысты. Біраз күн бір – бірін көрмей жүріп, кездесе қалса екі кісінің амандық сұрасқанда «Мал – жан аман ба?» деуі халқымыздың малды аса қадірлеуінен болса керек. Мал бағу, оны күтіп, өсіру жөніндегі өмір тәжірбесінің негізінде халқымыз мал терісінен, жүнінен, қылы мен тұяғынан, тіпті сүйегі мен мүйізінен де бұйымдар, киімдер және жиһазы бұйымдарын (туырлық, үзік, түндік, сырмақ, кілем, текемет, алаша т. б) жасады.
4
5
І.Топқа бөлу. 1.Әр топтың пірін анықтау. (кім түліктер туралы көп білсе сол т...
І.Топқа бөлу. 1.Әр топтың пірін анықтау. (кім түліктер туралы көп білсе сол топ жетекшісі яғни пірі болады) 2.Тақырыпты қорғау. ІІ. Практикалық тур. 1. Төрт түлік мал-ел байлығы. 2. Сергіту сәті « Даусына қарап айыр» 3.Тыйым сөздер 4.Жұмбақ жасыру 5. Жарнама. ІІІ. Қорытынды 1.ҚР картасына ең көп ұпай жинаған топ өз түліктерін апарып ретімен жапсырады.
6
7
Ұраны: Асау желмен жарысқан, Арғымақпыз алысқан Сайыстардан қалмаймыз, Сәйгүл...
Ұраны: Асау желмен жарысқан, Арғымақпыз алысқан Сайыстардан қалмаймыз, Сәйгүліктей самғаймыз. «Құлыншақтар» тобы
8
Ұраны: Бойымызға сенеміз Біз бәрінде жеңеміз Жылға кірмей қалсақта Қалыспай-а...
Ұраны: Бойымызға сенеміз Біз бәрінде жеңеміз Жылға кірмей қалсақта Қалыспай-ақ келеміз. «Ботақандар» тобы
9
Ұран: Малды бақсаң,сиыр бақ, Сүт кетпейді шарадан. Біз қалмаймыз сайыстан, С...
Ұран: Малды бақсаң,сиыр бақ, Сүт кетпейді шарадан. Біз қалмаймыз сайыстан, Соғыңыздар алақан. «Бұзауқандар» тобы
10
Ұраны: Алға қойлар, алға бас, Біз топпыз ғой жаңылмас. Барымызды салайық, Ба...
Ұраны: Алға қойлар, алға бас, Біз топпыз ғой жаңылмас. Барымызды салайық, Бас жүлдені алайық. «Қошақандар» тобы
11
Құлын, жабағы, тай, байтал, құнан, дөнен, құлық, бесті, бие, ат, сәурік, айғыр.
Құлын, жабағы, тай, байтал, құнан, дөнен, құлық, бесті, бие, ат, сәурік, айғыр.
12
Қазақтың қасиетті малдарының бірі – жылқы. Оны құлын, жабағы, тай, құнан, бай...
Қазақтың қасиетті малдарының бірі – жылқы. Оны құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен, бесті, бие, ат, сәурік (суйрік), айғыр деп атайды. Ал оның жүйріктігіне, тағы да басқа қасиеттеріне қарай әсіресе батырлар жырларында жорға, су жорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, дүлдүл, арғымақ деп атаған. Жылқы малын аса жоғары бағалаған қазақтар үлкен ас-тойларда жарысқа салып, бас бәйгесіне мол дүние беретін болған. Ер-азаматтарға жасалатын сыйдың да үлкені ат мінгізіп, шапан жабу болған. Жылқының майын адамның сүйектерінің сынған жерлері дұрыс бітпегенде , бұзып , қайта салуға  және сарысу иленгенде пайдаланады.
13
Бота, тайлақ, буыршын, буырлыш, бұзбана, інген, атан, бура. Қасиетіне қарай:...
Бота, тайлақ, буыршын, буырлыш, бұзбана, інген, атан, бура. Қасиетіне қарай: біртуған, бекпатша, құлпатша, нар, аруана, жанпоз, мая, желмая, айыр, қоспақ, балқоспақ, мырзақоспақ
14
Түйе – төрт түліктің төресі. Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе бо...
Түйе – төрт түліктің төресі. Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған. Түйенің күштілігі, жүйріктігі, шыдамдылығы сияқтытүрлі қасиеттері бар, соған орай оны түрліше атайды (желмая, нар, аруана, жампоз, үлек, нарқоспақ т.б.). Түйе түлігі күй таңдамайды, басқа мал жемейтін қатты, тікенді өсімдіктермен қоректене береді. Түйе күндіз жайылып, түнде жатып, күйіс қайырады. Бірнеше тәулік су ішпеуге шыдайды. Бұл кезде өркеш майларынан бөлінген суды пайдаланадыСол үшін түйені дала кемесі депте атаған Түйе екі жылда бір рет боталайды. Түйе 30-35 жыл жасайды. Сүтінің құрамында адам ағзасына қажетті витаминдер өте көп. Шұбат шипалы сусын ретінде пайдаланылады. Әсіресе, өкпе ауруына бірден-бір емдік сусын ретінде қолданылады. Шұбат өкпе, асқазан, ішек ауруларына, радиацияға қарсы әсері анықталған. Шудасы – буын, құяң, бүйрек аурыларына ем.
15
.
.
16
Айыр өркешті түйенің ұрғашысын - «іңген», еркегін - «бура» дейді. Оның денесі...
Айыр өркешті түйенің ұрғашысын - «іңген», еркегін - «бура» дейді. Оның денесі ірі, салмағы 450-690 килоға дейін жетелі. Қазіргі кезде айыр өркешті түйенің қолға үйретілген үш қолтұқымы бар. Олар - қалмақ, қазақ және монгол қолтұқымдары. Қазақстанда көп өсірілетіні қазақтың айыр өркешті түйесі. Ол құрғақ далалы, шөл-шөлейтті жерлердің табиғи жағдайларына жақсы бейімделген. Аңызақ ыстыққа, үскірік аязға төзімді келеді. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстанның кейбір аудандарында өсіріледі. Қазіргі кезде қолда аруана деп аталатын қолтұқымы өсіріледі. Жабайы түрі жойылып кеткен. Оның жалпы аты - «нар». Ұрғашысы - «мая» немесе «аруана», еркегі - «үлек». Сыңар өркешті түйе ыстыққа төзімді, бірақ қатты аязға шыдамайды. Орта Азия мен Қазақстан жерінде ғасырлар бойы халықтық сұрыптау әдісімен өсіріліп келеді. Қазір түйені көлік ретінде пайдаланудан гөрі, еті, қымыраны және шудасы үшін өсіру пайдалы. Мамандардың пікірі бойынша, бір түйенің беретін өнімі 15 қойдың беретін өніміне тең.
17
18
Сиыр малы момақан, қазақтар үшін көбінесе тамаққа жараған, ет, сүт, айран...
Сиыр малы момақан, қазақтар үшін көбінесе тамаққа жараған, ет, сүт, айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік т.б. осы сиырдың берген берекесі болған. Сиырды кейде көшке де, егіске де пайдаланып отырған. Жалпы, қазақтар сиырды киімге жаратпаған, қонаққа сыйға тартпаған, тіпті түске кірсе де ауыртпалық деп жорыған, тіпті қазақта епетейсіз, икемсіз әрі денелі адамды «сиырдай» деп, сөйлемейтін адамды «аузын буған өгіздей», «мыңқиған бұзау сияқты» деп мазақтайтын тіркестер қолданылады. Дегенмен, сиыр да үйдің берекесі, айран-сүттің көзі, балаларының асыраушысы ретінде қадірлі мал болған. Сиыры жоқ үй ас-ауқаты жұтаң үй болып есептелген. Сиырды жасына қарай бұзау, торпақ, тана, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа деп атаған.
19
Қозы, бағлан, тұсақ, тоқты, саулық, қой
Қозы, бағлан, тұсақ, тоқты, саулық, қой
20
Қой  – төрт түлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі. «Қойдың сүті – қорға...
Қой  – төрт түлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі. «Қойдың сүті – қорғасын, қойды құртқан оңбасын» дейтін қазақтың қой өсіруге ынта-ықыласы мол-ақ. Өзі майда, өсімтал, момақан, тез ет алып, қонақ кәдеге жарап отыратын, сүті майлы әрі жұғымды қой малын ата-бабамыз ерекше қастерлеген. Қой өсу жасына орай қозы, марқа, тоқты, бағылан, тұсақ, азбан, ісек, қошқар, саулық деп аталады.
21
Лақ, шыбыш, туша, серке, теке, ешкі
Лақ, шыбыш, туша, серке, теке, ешкі
22
Ешкі де қазақтар үшін өсімтал малдың бірі. Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді...
Ешкі де қазақтар үшін өсімтал малдың бірі. Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Ешкінің сүттісін арнайы ұстап, ана сүтіне жарымаған баланы ешкі сүтімен асырайды.Ешкі сүті қарны ауырған адамға да пайдалы. Ешкінің серкесін әрдайым қойдың отарына қосып отырады, оның бүкіл отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін қасиеті бар. Дегенмен ешкіні қонаққа соймайды. Ешкі жеңілтек мал деп есептеледі де, мінезі ұшқалақ, шыдамсыз баланы (әсіресе қыз баланы) «ешкі құсап селтеңдеп» деп, ешкіге теңеп отыратыны бар. Ешкіні жасына қарай лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп бөледі.
23
Сергіту сәті
Сергіту сәті
24
Ырым-тыйымдар Малдың сүйегін далаға тастамайды, жерге көміп тастайды. Қойдың...
Ырым-тыйымдар Малдың сүйегін далаға тастамайды, жерге көміп тастайды. Қойдың жүнін, мүйізін отқа жақпайды. Малдың уызын алдымен үйдің иесі ішуі керек. Мал сатқанда оны ноқтасымен не бас жібімен бермейді, малдың басы кемиді деп ырымдайды. Мал төлдеп жатқанда ешкімге бермейді, сатпайды және айырбастаймайды. Мал үшем не төртем (үш не төрт төл) туса, олардың біреуін бауыздап, босағаға көмеді. Сонымен қатар: Қой қоздағанда қойдың шуын жерден айыруға болмайды, оны сүйретіп апару керек, әйтпесе қозы қашаған болады. Қой қырқатын қайшыны иесіне қайтарғанда «Мұны мен емес, жер беріп отыр» деп жүнге орап береді, бос беруге болмайды. Қайшыны жерге қою керек. Екінші адам оны сол жерден алуы керек. Әйтпесе қайшы малдың терісін кесіп кетеді. Малшы мал бағып жүрген таяғын басқа адамға беруге болмайды. Шопанның таяғы киелі болып есептеледі. Т. с. с
25
Жұмбақтар Бір тақыт бар дүниеде әркім білер, Ол тақыт қымбат емес, әркім мін...
Жұмбақтар Бір тақыт бар дүниеде әркім білер, Ол тақыт қымбат емес, әркім мінер. Мінерінде төмендеп келеді екен, Мінгеннен соң жоғары көтерілер. Таптым-таптым, тап жорға, Табаны жалпақ боз жорға. Маң-маң басып келеді, Тапырақтап желеді. Мойны ұзын, үсті тау, Ертеден елге бел еді. Кезікті бір жануар, Үстінде екі тауы бар. Мойны ұзын, көзі үлкен, Бұл не,өзің тауып ал? Даусы қоңыр, үні мұң, Тесіп қойған мұрынын. Мамам маң басып барады, Күлшесі қалып барады. Екі төлдің атынан Бір төлдің аты шығады. Кішкене ғана тостаған, Көтеріп қана тастаған. Төсек астында төрт бауырсақ . Кішкентай ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. Төрт тағанды бойы бар, Момындық дұрыс ойы бар. Кербезденіп жүрмейді, Айналдырған тоны бар. Шапаным да, тоным да, Арқаның жүр жонында. Атам соның соңында, Таяғы бар қолында. Төрт аяғы бар, Басында екі таяғы бар, Иегінде екі сақалы бар.
26
27
Қазы, қарта, жал, жая, Сүрет, шұжық балдай, ә?! Қақтыратын таңдайды Бал қымы...
Қазы, қарта, жал, жая, Сүрет, шұжық балдай, ә?! Қақтыратын таңдайды Бал қымызы қандайды!
28
Маң-маң басқан, маң басқан, Шудаларын шаң басқан, Шөл даланың кемесі Төрт түл...
Маң-маң басқан, маң басқан, Шудаларын шаң басқан, Шөл даланың кемесі Төрт түліктің төресі Дертке дауа болатын Шұбаты бар киелі. Түйенің жүнінен шапан, байпақ, қалпақ, етік, пима сияқты киім жасаған.Түйенің сүтінен шұбат жасайды.
29
Мал өсірсең –қой өсір Өнімі оның көл көсір, Кисең киім, ішсең ас, Іздесең мұ...
Мал өсірсең –қой өсір Өнімі оның көл көсір, Кисең киім, ішсең ас, Іздесең мұндай табылмас
30
Ыстық-ыстық сүт ішсең, Дәмі кетпес таңдайдан Бой жадырап кенеттен Буы шығар...
Ыстық-ыстық сүт ішсең, Дәмі кетпес таңдайдан Бой жадырап кенеттен Буы шығар маңдайдан Малды бақсаң,сиыр бақ Сүт кетпейді шарадан.
31
 
 
X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте её своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить презентацию