Мәриям Хакімжанова (1906–1995) 15 қарашада Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Қобланды ауылында дүниеге келген. Рабфакта оқыды (1931–1932). «Әйел теңдігі» журналында әдеби қызметкер (1929–1932), жауапты хатшы (1932–1934). Орынбор облысы Дамбар ауданында кітапхана меңгерушісі (1935–1937), Қазақстан Жазушылар одағының бөлім меңгерушісі (1939–1944), Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор, аға редактор (1945–59) болып істеді. Екі рет «Құрмет Белгісі», Еңбек Қызыл Ту орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. 1986 жылы «Қазақстанның Халық жазушысы» атағы берілді. Алматы қаласы көшелерінің біріне есімі берілген. Шығармалары: Жеңешем. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1935, Мәншүк. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1945, Ана махаббаты. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1953, Ана жүрегі. Өлеңдер. (орыс тілінде.) А., ҚМКӘБ, 1958, Ана көктемі. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1963, Намыс. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1973, Өткелдер. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1976, Перевалы. А., «Жазушы», 1981.