- Презентации
- Ашық сабақ Тақырыбы Жылқы
Ашық сабақ Тақырыбы Жылқы
Автор публикации: Рыскулова А.Ж.
Дата публикации: 20.10.2016
Краткое описание:
1
Ембі қалалық жанындағы интернатпен № 7 орта мектебі Ашық сабақ Тақырыбы: С.Мұқанов «Жылқы» 4 «Б» класс Класс жетекшісі: Рыскулова А.Ж. 04.03.2015
2
Сабақ мақсаты: Білімділік:Оқушыларға жылқы жайында толық мағлұмат бере отырып, жылқы жануарының ерекшелігі және шығу тегі, жіктелуі пайдасы туралы түсіндіру. «Жеті қазынаның бірі» жылқының ерекше қасиеттерімен таныстыру. Дамытушылық:Мәнерлеп оқуға, түсінгендерін өз сөздерімен айтуға. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Тәрбиелік:Оқушыларды жылқы жануарын қастерлеуге, жылқыны күту, баптау, міну сияқты ұмытылған дәстүрлерді үйренуге тәрбиелеу.
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Сабақ барысы: I.Ұйымдастыру II.Үй тапсырмасын тексеру Үйден С.Мұқанов туралы деректер дайындап келу тапсырылды. III.Жаңа сабақ Ой жүйрік 1. Төрт түлік ішіндегі ең әдемісі не? 2.Батырлар серігі қалай аталады? 3. Ер қанаты----------------------
4
Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқонов Жылқы
5
Қазақ халқы пір тұтқан, Төрт түліктің бірі-жылқы
6
Сәбит Мұқанұлы Мұқанов
7
Атақты жазушы Әбебиет зерттеушісі Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қазақстан Ғылым академиясның академигі
8
Сәбит Мұқановтың өмірбаяны 1900 жылы13 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жерде туған. Бала кезінде ата-анасынан ерте жетім қалып, қой бағып , балалық шағын байға жалданумен өткізген.
9
Ауыл молдасынан хат танып, болашақ жазушының дарыны ерте кезден білінеді жерлестері оны «жыршы бала», «ақын бала» атандырады.
10
Сәбит Мұқановтың шығармашылығы 1915 жылы-Ұлы Абай мен Ғабдолла Тоқайдың өлеңдерімен танысады.1922 жылы-Алғаш рет «Бостандық», «Кедейдің ұлы» атты өлеңдері шығады Сырдария романы, Ш.Уәлиханов пьесасы жарық көреді. Қызмет ету жолы 1918 жылы Омскідегі мұғалімдер курсында оқып, ауылда мұғалім болып еңбек етеді,1934ж Мәскеудегі инстутының әдебиет бөлімінде оқып, «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы қызметін атқарады. 1936-1938ж Қазақстан Жазушылар Одағын басқарады. 1973 жылы 18 сәуірде Алматы қаласында қайтыс болады. С.Мұқановтың еңбегі жоғары бағаланып екі рет «Еңбек Қызыл Ту» құрмет белгісі ордендерімен марапатталады.
11
12
13
Сәбит Мұқанов атындағы кітапхана Петропавл қаласы
14
Кітапхана а алдындағы ескерткіші
15
ББҮ кестесін дәптерге толтырамыз Білемін,білгім келеді бағаналарын толтырамыз, топта,ұжымда оқимыз Білемін Білгім келеді Үйрендім
16
Кітаппен жұмыс МӘТІНДІ ОҚУ Мағынаны ажырату.
17
Қос тебінің орталау тұсына тігіледі. Олай тігілу себебі жылқышының баққан малын қарап тұруы оңай.Қос-шөп шабу, егін салу,егін жинау, жылқыны қысқы отарда бағу кезінде көшіп-қонуға ыңғайлы, тігуі мен жығуы оңай баспана. Көлемі арбаның доғалағындай кішкентай шаңыраққа айнала қадаған қазықтар дың сыртынан киіз қоршалады да, түтін шығатандай түндік салынады. Тебінде қарды теуіп, қар астындағы шөпті жеу.
18
19
Сәйкестендіру тесті Алпамыс Тарланы Ер-Тарғын Байшұбар Қамбар батырдың Тайбурыл Қобыландының Қара қасқасы
20
Сергіту сәті «Қаражорға биі» «Қара жорға » биі денсаулыққа өте пайдалы. Бұл би денсаулыққа да үлкен әсерін тигізеді. Оны естіп пе едің? Бұл би адамның мойын, омыртқа, дене бітіміне, жүріс – тұрысына үлкен әсерін тигізеді. Дәрігерлердің ұсынысы бойынша бұл би- өте қолайлы би. Қаражорға биінің денсаулығымызды күшейтіп, ағзадағы зиянды қалдық заттардың сырқа шығуына және артық салмақты жоюда септігін тигізетіні белгілі. Бойымызды тазалап, қан айналымымызды жақсарту және ойлау қабілетімізбен санамызға оң әсер береді. Бір сөзбен айтқанда, ол – ұлттық рухты оятушы құрал, ол – ұлттық спорт, керек десеңіз, ол – медициналық емдеу тәсілі де. Адамның көңіл-күйін көтеріңкі ұстауға ықпал жасайды.Сабақ басталар алдында күнде жаттығу орнына барлық оқушылар, ұстаздар əуенге қосылып, «Қара жорға» биін жарыса билесе. Бұл бір жағынан ұлттық биімізді насихаттау болса, бір жағынан дене шынықтыру жаттығуы, спорт. Биден кейін балалар өздерін сергек сезініп, сабаққа деген ынтасы артады. «Қаражорғаның» құдіреті сол – адам бойындағы ұйықтап жатқан рухты оятып, денеге жан бітіретіндігінде. Олай болса, бізге оны тек би деп қабылдап қана қоймай, ұлттық спортымыздың бөлінбес бөлшегіндей қарастыруымыз керек екен.
21
Жылқы Арғымақтар Жабылар Қазақы жылқы адай ,қостанай жылқысы Тұлпар, сәйгүлік, пырақ ,дүлдүл
22
Қазақы жылқы Қазақстанда ерте кездерден бастап, өсіріп келе жатқан қолтұқымның бірі - қазақы жылқы. Оның негізгі тобын - «жабы» деп атайды. Бұл қолтұқым көлік малы ретінде және еті, сүті үшін де өсіріледі. Дене бітімі шымыр, қатаң ауа райына төзімді. Жыл бойы жайылымда, жемшөп талғамайды, тез қоңданады, салт мінуге ыңғайлы. Ең байырғы тұқымы нашар қазақы жылқы - жабы. Оның шоқтығына дейінгі биіктігі - шамамен 145 см, тұрқы - 150 см, салмағы - 460-470 кг. Жайылымда семіртілсе, одан 230-250 кг таза ет алынады. Жабы жылқылары Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақмола аймақтарында өсіріледі
23
Адай жылқысы Қазақстанның батыс аймақтарында ертеден өсіріп келе жатқан қолтұқымы – адай жылқысы. Жергілікті халық «дала көркі» деп ерекше дәріптейді. Оны салт мініс көлігі ретінде пайдаланады
24
Қостанай жылқысы Қостанай және Ресейдің Челябі аймақтарында өсіріледі. 1951 жылы өз алдына жеке қолтұқым ретінде бекітілген. Жергілікті қазақы жылқылардың биелерін асыл тұқымды қалмақ, дән, орлов жылқыларының айғырларымен жұптастыру арқылы шығарылды. Бұл қолтұқым тебінге төзімсіз. Қазақстанның батыс өңірінде соңғы жылдары жылқының - мувалжар қолтұқымы шығарылды. Ол негізінен етті және сүтті бағытта өсіріледі. Биелері жылына 3000 литрдей сүт береді. Қазақстанда жоғарыда аталған қолтұқымдардан басқа жон, желғор, қарабайыр, буденный, түрікменнің ахалтекесі жылқылары өсіріледі. Жылқы малын тек көлік ретінде ғана емес, оның дәмді еті, шипалы қымызы үшін де өсіред
25
Мұғалжар жылқысы «Көктас-Ақтөбе» АҚ-дағы мұғалжар тұқымының ембі ішкі текті түрі республиканың өзге аймақатындағы қазақ жылқыларынан салмағының ауырлығымен, салыстырмалы түрде ірілігімен (ересек айғырлардың орташа биіктігі 145,5 см, денесінің ұзындығы – 159,1 см, кеудесінің жуандығы 185,8 см, сирағының жуандығы – 19,9 см, тірілей салмағы – 553 кг, биелер тиісінше 144,5-154-179,5-18,8 см және 480,2 кг), жоғары ет өнімділігімен (260-280 кг) және сойған кездегі таза салмағымен (56-58%) ерекшеленеді. Биелердің құлындау көрсеткіші де жоғары, 100 биеге шаққанда орта есеппен 92-97 құлыннан келеді. Мұғалжар тұқымды биелердің тірілей салмағы бойынша генетикалық әлеуеті 560 кг-ға жетеді, ал айғырлар 595 кг. Бұл жылқыларды өсіру кезінде олардың ортаға бейімделу сапасы да жоғары дәрежеде. «Көктас-Ақтөбе» АҚ-дағы мұғалжар тұқымды жылқылар жыл бойы тебін жайылымы жағдайына бейімделген. Бұл жылқылар жыл маусымдарында денесін жақсы ұстайды. Салмағының жоғары болуы, дене тұрқының үйлесімділігі, мықтылығы, сүйегінің ірілігі, дене пішімінің қалыптылығы, бірыңғай түстілігі және басқа қасиеттері «Көктас-Ақтөбе» АҚ-ның асыл тұқымды шаруашылығының мұғалжар тұқымды ембі текті түрлеріне тән. Шаруашылықтағы көшім тұқымды барлық биелер жыл бойғы даладағы тебін жайылымына бейімделгіш. Олардың денесі жыл бойы қалпын сақтайды.
26
27
ТӨРТ ТҮЛІКТІҢ ИЕЛЕРІ
28
ЕР Ер ҚАНАТЫ - ЖЫЛҚЫ Көшпенділердің өмір серігі, қазақтың көне заманнан бергі ең көп өсірген малы және төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтқаны-жылқы. Қазақтар жылқыны ердің қанаты деп бағалаған.
29
Қазақстан елтаңбасындағы жылқы бейнесі. Жылқы-жеті қазынаның біреуі.
30
Жылқы – малдың патшасы.
31
Жүзден - жүйрік, мыңнан – тұлпар
32
Жүзден - жүйрік, мыңнан – тұлпар
33
Жылқы құлыннан көбейер, ақша тиыннан көбейер
34
Ат – ердің қанаты.
35
Байтал шауып бәйге алмас.
36
Жылқының сүті – шекер, еті бал.
37
Жылқы өнімдері Қымыз Қымыздың 3 мың жылдық тарихы бар. Қымыз - халқымыздың кәделі әрі киелі сусыны. Қымыздық 40-қа жуық түрін дайындайды. Оны дайындау тәсілдері де түрліше. Мысалы, уыз қымыз, бал қымыз, бесті қымыз, дөнен қымыз, жуас қымыз, қысырақ қымыз, шырғанақ қымыз және басқа да түрлері бар. Қымыздың шипалық қасиетіне шет елдер де көңіл бөле бастады. Халқымыздың ұлттық мерекесінің бірі «қымызмұрындық» деп аталады izden.kz
38
izden.kz
39
Ет өнімдері Жылқы етінен өндірілетін өнімдер: жал, жая, қарта және шұжық. Жал - желке шайы, жая - екі жамбастың сырты, яғни сауыр еті. Қазы - қабырғаның майлы сүбе еті. Қарта - тік ішектің майлы бөлігі. Шұжық - туралған ет пен май тығылып, илектен жасалған тағам izden.kz
40
ББҮ кестесі Үйрендім бағанасын толтырамыз, топта,ұжымда оқимыз Білемін Білгім келеді Үйрендім
41
Үйге тапсырма: Жылқы әңгімесін оқу. Жылқы туралы мақал-мәтелдер жаттап келу. Жылқы туралы эсе жазу
42
Бүгінгі сабақтан өзіне қандай өмірлік азық алдың? Әрбір топтың құнды пікірі
43
Бағалау
44
Назарларыңызға рахмет!
45
46
47
48
49
50
51
52
53
54
55