7

Презентация Төрт түлік мал

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:

1
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Келдімұрат ауылы «Благодарное орта мекте...
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Келдімұрат ауылы «Благодарное орта мектебі» КММ
2
«Төрт түлік малдың қазақ халқының өміріндегі маңызы»
«Төрт түлік малдың қазақ халқының өміріндегі маңызы»
0
 
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Төрт түліктің түрлерімен жан - жақты танысып, малдың пайдасы мен адам өмірінд...
Төрт түліктің түрлерімен жан - жақты танысып, малдың пайдасы мен адам өмірінде алатын орнының зор екендігін, халқымыз малды бағып қағу арқылы, еңбек сүйгіштікке үйреткенін анықтау.
4
Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысып келеді. Мал кезінде алты ал...
Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысып келеді. Мал кезінде алты алаштың жесе - асы, кисе - киімі, мінсе - көлігі, жапанда - серігі болған. Біз ежелден малға жақын халықпыз. Кезінде ата бабаларымыз төрт түлікке жайлы қоныс іздеп кең даламызда көшіп қонып жүрген. Қазақ төрт түлікті ерекше құрметтеген төрт түліктің жайымен жазда жайлауға, қыста қыстауға көшкен. Малдың еті, сүті тамақ болған, терісінен, жүнінен арқан жіптер, киіз үй жабдықтары, киім - кешек, алаша, кілем тоқып т. б. әр түрлі бұйымдар жасаған. Төрт түлік малдың сүтін және одан жасалған айран, қымыз, шұбат сияқты сусындарды халқымыз «ағарған» немесе «ақ» деп атаған.
5
Халық ұғымында әр малдың пірі, иесі бар. , Қой – қазына, мырзалық Жылқы - сә...
Халық ұғымында әр малдың пірі, иесі бар. , Қой – қазына, мырзалық Жылқы - сәндік, мақтан Қой атасы - Шопаната Жылқы атасы - Қамбарата Түйе - байлық, салтанат Сиыр - қанағат, ақтық, Түйе атасы – Ойсылқара Сиыр атасы – Зеңгібаба
6
Қой сүйеді баласын Қоңырым деп, Еш нәрсені білмеген Момыным деп. Қой – төрт т...
Қой сүйеді баласын Қоңырым деп, Еш нәрсені білмеген Момыным деп. Қой – төрт түлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі. «Қойдың сүті – қорғасын, қойды құртқан оңбасын» дейтін қазақтың қой өсіруге ынта-ықыласы мол-ақ. Өзі майда, өсімтал, момақан, тез ет алып, қонақ кәдеге жарап отыратын, сүті майлы әрі жұғымды қой малын ата-бабамыз ерекше қастерлеген. Қой өсу жасына орай қозы, марқа, тоқты, бағылан, тұсақ, азбан, ісек, қошқар, саулық деп аталады. Ешкі - қазақтар үшін өсімтал малдың бірі. Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Ешкінің сүттісін арнайы ұстап, ана сүтіне жарымаған баланы ешкі сүтімен асырайды. Ешкі сүті қарны ауырған адамға да пайдалы. Ешкінің серкесін әрдайым қойдың отарына қосып отырады, оның бүкіл отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін қасиеті бар. Дегенмен ешкіні қонаққа соймайды. Ешкі жеңілтек мал деп есептеледі де, мінезі ұшқалақ, шыдамсыз баланы (әсіресе қыз баланы) «ешкі құсап селтеңдеп» деп, ешкіге теңеп отыратыны бар. Ешкіні жасына қарай лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп бөледі. Қой маңырайды
7
Жылқы сүйеді баласын Шұбарым деп. Жүгіруден жазбаған Тұлпарым деп. Қазақтың қ...
Жылқы сүйеді баласын Шұбарым деп. Жүгіруден жазбаған Тұлпарым деп. Қазақтың қасиетті малдарының бірі – жылқы. Оны құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен, бесті, бие, ат, сәурік (суйрік), айғыр деп атайды. Ал оның жүйріктігіне, тағы да басқа қасиеттеріне қарай әсіресе батырлар жырларында жорға, су жорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, дүлдүл, арғымақ деп атаған. Жылқы малын аса жоғары бағалаған қазақтар үлкен ас-тойларда жарысқа салып, бас бәйгесіне мол дүние беретін болған. Ер-азаматтарға жасалатын сыйдың да үлкені ат мінгізіп, шапан жабу болған. Жылқының майын адамның сүйектерінің сынған жерлері дұрыс бітпегенде, бұзып, қайта салуға және сарысу иленгенде пайдаланады.    Жылқы кісінейді.
8
Сиыр сүйеді баласын Торпағым деп. Қараңғыға баспаған Қорқағым деп. Сиыр малы...
Сиыр сүйеді баласын Торпағым деп. Қараңғыға баспаған Қорқағым деп. Сиыр малы момақан, қазақтар үшін көбінесе тамаққа жараған, ет, сүт, айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік т.б. осы сиырдың берген берекесі болған. Сиырды кейде көшке де, егіске де пайдаланып отырған. Жалпы, қазақтар сиырды киімге жаратпаған, қонаққа сыйға тартпаған, тіпті түске кірсе де ауыртпалық деп жорыған, тіпті қазақта епетейсіз, икемсіз әрі денелі адамды «сиырдай» деп, сөйлемейтін адамды «аузын буған өгіздей», «мыңқиған бұзау сияқты» деп мазақтайтын тіркестер қолданылады. Дегенмен, сиыр да үйдің берекесі, айран-сүттің көзі, балаларының асыраушысы ретінде қадірлі мал болған. Сиыры жоқ үй ас-ауқаты жұтаң үй болып есептелген. Сиырды жасына қарай бұзау, торпақ, тана, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа деп атаған. Сиыр мөңірейді
9
Түйе сүйеді баласын Тайлағым деп. Жабу жапса жарасқан Жайнағым деп . Түйе – т...
Түйе сүйеді баласын Тайлағым деп. Жабу жапса жарасқан Жайнағым деп . Түйе – төрт түліктің төресі. Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған. Түйенің күштілігі, жүйріктігі, шыдамдылығы сияқты түрлі қасиеттері бар, соған орай оны түрліше атайды (желмая, нар, аруана, жампоз, үлек, нарқоспақ т.б.). Түйе түлігі күй таңдамайды, басқа мал жемейтін қатты, тікенді өсімдіктермен қоректене береді. Түйе күндіз жайылып, түнде жатып, күйіс қайырады. Бірнеше тәулік су ішпеуге шыдайды. Бұл кезде өркеш майларынан бөлінген суды пайдаланады. Сол үшін түйені «Дала кемесі» депте атаған Түйе екі жылда бір рет боталайды, 30-35 жыл жасайды. Сүтінің құрамында адам ағзасына қажетті витаминдер өте көп. Шұбат шипалы сусын ретінде пайдаланылады. Әсіресе, өкпе ауруына бірден-бір емдік сусын ретінде қолданылады. Шұбат өкпе, асқазан, ішек ауруларына қарсы әсері анықталған. Шудасы – буын, бүйрек аурыларына ем. Түйе боздайды
10
Төрт түлік малдың өзі қадірлейтін басын қазақтар басқаға бермеген, онда жұтаң...
Төрт түлік малдың өзі қадірлейтін басын қазақтар басқаға бермеген, онда жұтаңдық орнап қалады деп есептеген. Әрбір рудың өз малына салатын таңбасы болған. Оны олар малдың құлағына, мүйізіне, жамбасына салатын болған.   Еңбекқор қазақ халқы мал өнімдерін өте орынды пайдаланып отырған. Шаруашылықта қолданылатын заттар – жылқының жалынан, құйрығынан жасалатын арқан, сиыр мүйізінен жасалатын тарақ, қой жүнінен жасалатын киіз, текемет, тоқылған сырт киім, түйе жүнінен тоқылған шекпен т.б. аса жоғары бағаланған. Тіпті түйенің шудасын да, қайнатып, емге пайдаланған. Кедей қазақтар қойдың жабағы жүніне жаңа туған нәрестені де орап, қыстан аман алып шыққан. Осындай аса құнды мал болғандықтан, қазақтар өз перзенттерін де «құлыным, қозым, қошақаным, ботам» деп, айналып-үйірілген, еркелетіп отырған.
11
Пайдаланған әдебиеттер: 1. Уикипедия - ашық қазақша энциклопедиясы 2. Ауыз ә...
Пайдаланған әдебиеттер: 1. Уикипедия - ашық қазақша энциклопедиясы 2. Ауыз әдебиеті үлгілері. Р. Жұмағұлова 3. «Ол кім? Бұл не?» балалар энциклопедиясы. 4. Ғаламтор желісі
12
Назарларыңызға рахмет!
Назарларыңызға рахмет!
13
Нәтиже:
Нәтиже:
 
 
X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте её своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить презентацию