Мәншүк Мәметова туралы презентация
Автор публикации: Сапабекова А.С.
Дата публикации: 30.10.2016
Краткое описание:
1
Сабақтың тақырыбы: “Ержүрек қыз”
2
Сыныпты топқа бөлу: “Қырандар” “Сұңқарлар” “Ұландар” “Батырлар”
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Бейбітшілік менде, Бейбітшілік сенде, Бейбітшілік барлық елде. Тыныштық менде, Тыныштық сенде, Тыныштық барлық елде. Психологиялық дайындық:
4
Топтың ережесі: Топта белсене жұмыс жасау, Топта бірін-бірі сыйлау, Әр оқушының ойын тыңдай білу, Тыныштықты сақтау, Орнынан айқайламау, Топ басшысын сыйлау,
5
6
Ержүрек қыз ерлігі ұмытылмайды
7
8
Мәтінмен жұмыс Ержүрек қыз. Сержант Мәншүк Мәметованың өтінішін бригада газетінде жариялаңдар, - деді комиссар. Өтінішінде Мәншүк пулеметші болып, зұлым жауды жайратқысы келетінін айтыпты. «Өзім өлсем де, Отаным аман болса екен!» - деп жазыпты. Мәншүк «Максимканы» тез меңгеріп алды. Бір мың тоғыз жүз қырық үшінші жылы қазанның 15-інде атқыштар бригадасы жауды батысқа қарай тықсыртып келе жатты. Бір мезгілде жау қарсы шабуылға шықты. Ұрыс мейлінше қызды. Фашистер Мәншүк Мәметова пулеметтен оқ жаудыртып жатқан жерді минометпен атқылады. Жарылған минаның екпінімен Мәншүктің пулеметі төңкеріліп түсті. Басына минаның жарықшағы тиіп, өзі де құлады. Айбарлы пулеметі үн қатпай қалды. Жау шабуылы жақындай берді. Фашистердің дабырлаған үнін естіп, Мәншүк тез есін жинап алды. Жексұрын жауға өшіккен қыз жарасының жанына батқанына қарамады, қанға малшынған күйі өз пулеметіне ұмтылды. Күтпеген жерден фашистерге пулеметтің оғы бұршақтай жауды. Кекті қыз жау солдаттарын баудай түсірді. Көптеген өліктерін қалдырып, фашистер тым-тырақай кейін қашты. Енді біздің жауынгерлер шабуылға шықты. Тамаша ерлігі үшін қазақ халқының қаһарман қызына Кеңес Одағының Батыры деген құрметті атақ берілді.
9
Сөзден сөз жаса «Батырлық»
10
Сөзжұмбақ шешу 1.Мәншүктің шын аты 2.Қазақтың батыр қызының бірі 3.Ата-анасы Мәншүкті қалай еркелеткен? 4.Мәншүк қандай бригадада пулеметші болды? 5.Мәншүк неше жасында жетім қалды? 6.Мәншүктің пулеметі қалай аталады?
11
Блоб ағашын толтыру Оқушылар сабақты қаншалықты түсінгендіктерін ағаш бойында белгілейді
12
13
Не білдім? Рефлексия Не білгім келеді?
14
Критерий арқылы бағалау 1.Топтық жұмысқа белсене араласуы 2.Тапсырмаларды орындауы 3.Топта өзін-өзі дұрыс ұстауы
15
16