- Презентации
- Презентация на тему Бастауыш мектептегі оқу үдерісінде оқушылардың тұлғалық жетістіктеріне қол жеткізу тетіктері
Презентация на тему Бастауыш мектептегі оқу үдерісінде оқушылардың тұлғалық жетістіктеріне қол жеткізу тетіктері
Автор публикации: Сабирова К.С.
Дата публикации: 02.10.2016
Краткое описание:
1
Бастауыш мектептегі оқу үдерісінде оқушылардың тұлғалық жетістіктеріне қол жеткізу тетіктері Шардара қаласы №2 Ж.Жабаев атындағы бастауыш мектебі АқбердиеваТыныгай Алшынбекқызы
2
Мектеп алдындағы міндеттердің бірі Мектеп оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелері білім мен тәрбие тұжырымдамасында да негізгі орын алады. Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз үрдіс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, есі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескере келіп, балаларды білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Мектептің бүгінгі міндеті – қоғамда өз орнын таба алатын саналы да салауатты азамат тәрбиелеу.
4
Өзін — өзі басқару жүйесі баланың жеке тұлға болып қалыптасуына көп әсерін тигізеді. Олай дейтінім, өзіне берілген тапсырма, жүктеме бойынша бала өз бойындағы біз біле бермейтін шығармашылық қабілеттерге ие болып, оны кең көрсете алады. Және де жауапкершілік, ұйымшылдық, қамқорлық сияқты асыл қасиеттер бой көрсете бастайды. Сонымен қатар бұл жұмыс түрі тек тәрбие ісінде ғана емес, білім деңгейін көтеруге де септігін тигізеді.
5
6
Таңдау жүйесінің басты мақсаты: уақытты үнемдеу, сабақ барысында көп уақыт алады, бірнеше нұсқаулар бойынша жұмыс жасау, оқушылар мен топтарға таңдау еркіндігін беру, әрбір оқушының таңдап алған нұсқа бойынша жұмыс істеуі тез әрі тиянақты болуы.
7
Әрбір өткізілген сабақтан соң әр оқушыны жеке тұлға екендігін ескеріп, сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп отыру оқушының еркіндігін, сенімділігін арттыра түседі.
8
Мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасын анықтау үшін төмендегідей жұмыс түрлерін ұсынуға болады: «Көңіл-күй ағашы» әдістемесі (қызыл не көк түсті дөңгелекшелер арқылы көңіл-күйді көрсету), «Бетперде» әдістемесі (көңілді не көңілсіз бетперделер арқылы эмоциясын білдіру), «Комплимент» әдістемесі, «Мұғалім мен оқушының өзара түсінісу шарттары» тест тапсырмасы, «Құпия мәліметтер» тәсілі, «Мини-дискуссия» «Бағалау», «Интонация», «Менің алғашқы ұстазым», «Таразы» жаттығулары, «Менің жетістіктерім» күнделігі.
9
Оқу үдерісінде бастауыш сынып оқушыларына педагогикалық талап қоюда төмендегідей ержелерді ұстанған тиімді: Рефлексивтік тыңдау тәсілдері: анықтау, «Тағы да қайталап айтасыз ба?», «Түсінбедім», «Не айтқыңыз келіп еді?» т.б. арқылы сөйлеушінің ойын нақтылай түсу – сөйлеушінің ойын тексерудің өзіндік тұжырымдау, түйіндеу құралдары. Түйіндеу – мағыналық бірлікте әңгіме бөліктерін біріктіруге ықпал ету.
10
Педагогикалық өзара әсер етудегі маңызды әрекет - белсенді тыңдау тәртібін жүзеге асыру жолдары: сұхбаттасушының ішкі жан дүниесін түсінуге тырысыңыз, -сұхбаттасушының олай айтудағы мақсатын ұғыныңыз, «Мен оны онсыз да білемін!» деп қарсы шықпаңыз, сұхбаттасушы бойынан сіз үшін қызықты да құнды бір нәрсе табуға тырысыңыз, қайғысына ортақтасыңыз, пікір таластыру өнерін игеру арқылы ым-ишара, көңіл-күй, интонация, темп өнерін де игеріңіз, қарсы пікір айту, қаттылық т.б. тек кей жағдайда, шектен шыққан уақытта ғана қолданыңыз!
11
Бастауыш мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру жұмыстарына балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, олардың қабылдау мүмкіндіктеріне сәйкес лайықтыларын ғана пайдаланып, оларды тиімді қолдана білген жөн. Қазіргі таңда бұл талаптарды жүзеге асырудың мынадай мүмкіндіктері бар: тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру бойынша адамгершілік құндылықтарды кез келген пәнді оқытудың мазмұнына кіріктіру, сыныптан тыс сабақтарды баланың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ететіндей бағытта ұйымдастыру, жеке пән ретінде жүргізілетін сабақтардың бағдарламасына еңгізу.
12
Тұлғаның жеке бастық және рухани қасиеттері: денсаулық адалдық қайырымдылық кішіпейілділік алғырлық шыдамдылық тапқырлық өжеттік батылдық еңбексүйгіштік, т.б
13
Тұлғаның әлеуметтік қарым-қатынастық қасиеттері: белсенділік жауапкершілік ұстамдылық жолдасдыққаберіктік ұжымшылдық шынайылықжәнет.б.
14
Қорыта айтарымыз, біздің мақсатымыз бастауыш сынып оқушысы тұлғасын қалыптастырудың жолдарын іздестіру, бағыт-бағдарын айқындау . Ол үшін бастауыш мектепте ұсынылатын білім мазмұнын нақтылап, оқу-тәрбие үдерісінің барысында пайдаланудың жолдарын зерделейміз. Олай болса, бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісінде жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына жүйелі әсер етіп, оның дүние танымының дамуына, психикасының дұрыс қалыптасуына оң ықпал етуіміз керек.
15