Дұрыс жауапты тауып көр Зат есімді көрсет. А) кітап, В) оқыды, С) келді, D) отыр. 2. Зат есімнің құрамына қарай бөлінуін көрсет. А) тәуелдеулі, В) септеулі, С) негізгі, туынды, D) дара, күрделі. 3. Туынды зат есімді белгіле: А) іспен, В) істер, С) істен, D) іскер. 4. Негізгі зат есімді тап. А) оқушы, В) кірпіш, С) балбұлақ, D) барлық. 5. Зат есімнің жекеше түрлерін тап: А) ана, аналар, В) аталар, әжелер, С) балапан, кітап, D) Мұрат, ағаштар. 6. Күрделі зат есімді көрсет: А) көзқарас, В) мәдениет, С) мұғалім, D) жұмысшы.