7

Бастауыш сыныпқа арналған танымдық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:

1
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
2
Оқушыларға ана тілін құрметтеп, қадір-қасиетін ұғындыру, қазақ тілінен алған...
Оқушыларға ана тілін құрметтеп, қадір-қасиетін ұғындыру, қазақ тілінен алған білімдерін жүйелей отырып, адамгершілікке баулу, ақылды, салмақты сөз айтуға, ойын нақты , дұрыс жеткізуге, тапқыр ойымен шешен сөйлеуге көңіл бөлу, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Мақсаты
0
 
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Ұлағатты сөздер 1.«Халық тілінің байлығын игеру- зор талғам, парасатты тілей...
Ұлағатты сөздер 1.«Халық тілінің байлығын игеру- зор талғам, парасатты тілейтін жұмыс». 2.«Тіл- жүректің айтқанына көнсе,жалған шықпайды». 3.«Тіл дегеніміз- қай халықтың болмасын келешегі, тағдыры». 4.«Әр халықтың ана тілі- білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын». 5.«Тіл жоқ жерде ұлт жоқ».
4
ІІ.Кіріспе сөз. Мұғалім: -Қымбатты ұстаздар, оқушылар мектебімізде «Ана тілі...
ІІ.Кіріспе сөз. Мұғалім: -Қымбатты ұстаздар, оқушылар мектебімізде «Ана тілін ардақтайық!» деген атпен ана тілі апталығы өтіп жатқаны баршамызға белгілі. Мағжан Жұмабаев атамыз «Тіл- адам жанының тілмашы, тілі кем болса, адамның қор болғаны» деген екен. Тіл –тарих тереңіне бойлатып, өнер бұлағына сусындататын рухани әлеміміздің сарқылмас бұлағы. Тіл әрбір адамға ана сүтімен беріледі. Тіл-әрбір елдің , ұлттың мақтанышы.Тәлім-тәрбие тілден басталады. Олай болса, тіл-бөбектің үні, тіл – ананың әлдиі, тіл-бесік жыры.Ана тілін жырламаған ақын жоқ болар. Ана тілі-ар өлшемі.Тілді шұбарлау-арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. \Бүгін сыныптар арасында өтетін «Сен білесің бе?» деген айдармен «Дарабоз» танымдық сайысымызға қош келдіңіздер. Менің тілім біреу-ақ , Сөйлейтін де жазатын. Тауып қойған тілеуі-ақ, Қазақ деген өз атын. Пәлсапасы кемеңгер, Оқымаған дананың. Қазақты осал демеңдер, Перзенті ол даланың. Дариядай пейілі, Тілі, діні жырында, Бауырмалдық пейілі, Көзіндегі нұрында, -дей келе бүгінгі сайысқа қатысатын оқушыларды ортаға шақырайық
5
Білгенге маржан. Жұмбақ сыры. Жалғасын тап. Сөз тапқанға қолқа жоқ. Арнайы т...
Білгенге маржан. Жұмбақ сыры. Жалғасын тап. Сөз тапқанға қолқа жоқ. Арнайы тапсырма Сайыс бөлімдері
6
4-сынып оқушыларының өмірлік ұстанымдары: «Алтын алма, білім ал!» «Білімдіге...
4-сынып оқушыларының өмірлік ұстанымдары: «Алтын алма, білім ал!» «Білімдіге нұр жауар!» «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп!»
7
І-кезең: «Білгенге маржан» 1-кезеңде әр пән бойынша сұрақтар беріледі.Берілге...
І-кезең: «Білгенге маржан» 1-кезеңде әр пән бойынша сұрақтар беріледі.Берілген сұраққа бірінші болып қол көтерген топ мүшесі дұрыс және нақты жауап беруі керек. Сұрақтар: 1)Сөз табының неше түрі бар? 2)Абайдың неше қара сөзі бар? 3)Ішің ауырса тыйым салатын ас қорыту мүшесі 4) Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қай жылы қабылданды? 5)Дүниенің неше бұрышы бар? 6)1 жұмыртқа 4 минутта піседі, ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі? 7)Қазақстан Республикасының рәміздерін ата. 8)Бейжің олимпиадасының жеңімпазы 9)Сөйлем айтылу мағынасына қарай нешеге бөлінеді және ата. 10) «Бидай мен қаңбақ» мысалының авторы кім?
8
1)Сөз табының неше түрі бар? (9 түрі) 2)Абайдың неше қара сөзі бар? (45 сөз)...
1)Сөз табының неше түрі бар? (9 түрі) 2)Абайдың неше қара сөзі бар? (45 сөз) 3)Ішің ауырса тыйым салатын ас қорыту мүшесі (ауыз) 4) Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қай жылы қабылданды? (1993 жылы 28 қаңтар) 5)Дүниенің неше бұрышы бар? (4 бұрышы) 6)1 жұмыртқа 4 минутта піседі, ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (4 минутта) 7)Қазақстан Республикасының рәміздерін ата. (Ту, Елтаңба,Гимн) 8)Бейжің олимпиадасының жеңімпазы (Илья Ильин) 9)Сөйлем айтылу мағынасына қарай нешеге бөлінеді және ата. (4 бөлінеді: хабарлы,лепті,бұйрықты, сқраулы сөйлемдер( 10) «Бидай мен қаңбақ» мысалының авторы кім? (Асқар Тоқмағамбетов) Жауаптары:
9
2-кезеңде жұмбақ жасырылады.Жауабын 3 тілде айтуы керек. 1)Үндемес серік, ақы...
2-кезеңде жұмбақ жасырылады.Жауабын 3 тілде айтуы керек. 1)Үндемес серік, ақылы берік. 2)Жемге ауыз салса ұтылғаны, Айналып өтсе құтылғаны. 3)Екі бала үстінде, Орын бермес ешкімге. Бара жатыр ерні жырық қояндай. ІІ-кезең: Жұмбақ сыры
10
1)Үндемес серік, ақылы берік. (кітап-книга-book) 2)Жемге ауыз салса ұтылғаны,...
1)Үндемес серік, ақылы берік. (кітап-книга-book) 2)Жемге ауыз салса ұтылғаны, Айналып өтсе құтылғаны. (балық-рыба-fish) 3)Екі бала үстінде, Орын бермес ешкімге. Бара жатыр ерні жырық қояндай. (түйе-верблюд-camel) Жауаптары:
11
ІІІ-кезең:	« Жалғасын тап» 1.Оқу-білім бұлағы... 2.Тіл тас жарады... 3.Батаме...
ІІІ-кезең: « Жалғасын тап» 1.Оқу-білім бұлағы... 2.Тіл тас жарады... 3.Батаменен ер көгерер... 4.Атадан ұл туса игі... 5.Ел даусыз болмас... 6.Ашу- дұшпан,ақыл дос...
12
Жауаптары: 1.Оқу-білім бұлағы..(Білім-өмір шырағы) 2.Тіл тас жарады... (тас...
Жауаптары: 1.Оқу-білім бұлағы..(Білім-өмір шырағы) 2.Тіл тас жарады... (тас жармаса ,бас жарады) 3.Батаменен ер көгерер... (жаңбырменен жер көгерер) 4.Атадан ұл туса игі (ата жолын қуса игі) 5.Ел даусыз болмас.. (ер жаусыз болмас) 6.Ашу- дұшпан,ақыл дос... (ақылыңа ақыл қос)
13
IV-кезең: «Сөз тапқанға қолқа жоқ» Бұл кезеңде әр топ басшысы әріп таңдайды....
IV-кезең: «Сөз тапқанға қолқа жоқ» Бұл кезеңде әр топ басшысы әріп таңдайды. Бізге берілген мына әріптер, А,С,Ш Сұрақтар беріледі, жауабы алған әріптерінен басталуы керек. 1.Қай қалада тұрасың? 2.Сенің сүйікті әншің? 3.Қандай тағамды ұнатасың? 4.Сыныптағы досыңның аты: 5.Мінез- құлқың қандай? 6.Қандай мамандықты қалайсың 7.Кімге ұқсағың келеді? 8.Соңғы оқыған шығарманың аты? 9.Жазғы демалысыңды қайда өткіздің? 10.Қандай гүлді ұнатасың? 11.Мектепке немен келесің? 12.Көктемде ауа-райы қандай?
14
V-кезең «Арнайы тапсырма» Бұл кезеңде әр топ (яғни үйден дайындап келген) ек...
V-кезең «Арнайы тапсырма» Бұл кезеңде әр топ (яғни үйден дайындап келген) екі жаңылтпаштан бір-біріне оқиды.
15
Қорытынды: Ана тілім сен үшін күрес: болашақ ұрпақ үшін, халық үшін күрес де...
Қорытынды: Ана тілім сен үшін күрес: болашақ ұрпақ үшін, халық үшін күрес дегім келеді. Ана тілің-арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрмете-деп Қадір ағамыз жырлағандай, ана тілінің мәртебесін көтеріп,құрметтейік! Жасай бер, ана тілім-қазақ тілі!
 
 
X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте её своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить презентацию