7

6 сынып сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:

1
26.09.2016 ж
26.09.2016 ж
2
Оқушыларға сал серілер жайында түсінік беру. Сал серілік өнерге баулу.
Оқушыларға сал серілер жайында түсінік беру. Сал серілік өнерге баулу.
0
 
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Қазаққа аңыз болған Құлагер ақын Ілияс Жансүгіровтің “Құлагер” атты поэмасын...
Қазаққа аңыз болған Құлагер ақын Ілияс Жансүгіровтің “Құлагер” атты поэмасына арқау болды. Қазақ халқы қадірлеген Ақан серінің жан серігі Құлагер еді. Ақан серіні Құлагерден бөліп алып қарау мүмкін емес. Қазақ жері мен халқын әнімен баураған Ақанға тұлпары Құлагерден айырылу басына түскен ауыр әрі орны толмас қаза болды. Ақанның басына түскен бұл ауыр қайғыны ақын Ілияс Жансүгіров өзінің “Құлагер” атты поэмасында кеңінен толғайды. Сағынай деген кісіге үлкен ас беріледі. Осы аста ат бәйгесі де болады. Ат бәйгесіне мыңнан астам тұлпар қосылады. Соның ішінде Құлагер де бар. Бірақ Құлагерді алып келген Ақан серінің қас жауы Батыраш бай да өзінің Көктұйғын деген атын қоспақ болады. Батыраш бай Ақанның халық сүйіспеншілігіне айналған сері атағы мен Құлагеріне деген қызғанышын жасыра алмайды. Батыраш бүкіл байлық, бақ-дәулет, атақ-даңқ, тіпті аттың жүйрігі де менде ғана болуы керек деген оймен Құлагерге қастандық жасауды ойлайды. Құлагерін бәйгеге қосып жіберген Ақанның ойында ештеңе жоқ. Мыңдаған атты баса озып, жалғыз шауып келе жатқан Құлагерді көрген Батыраштың көңілі ыза мен кекке толады. Оның ойында тек қана Құлагерді жеткізбей көзін жою. Батыраш Құлагерді мерт қылады. Ақан жалғыз серігі Құлагерден айырылады.
4
Ақан серінің “Құлагер” әнін Жүсіпбек Елебековтің орындауында тыңдап көрейік.
Ақан серінің “Құлагер” әнін Жүсіпбек Елебековтің орындауында тыңдап көрейік.
5
Ілияс Жансүгіров (1894-1938) – ақын, жазушы. Алматы облысы Ақсу ауданында дү...
Ілияс Жансүгіров (1894-1938) – ақын, жазушы. Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Ілияс жасынан әкесі мен ауыл молдаларынан сауат ашқан. Ол 1928 жылы Мәскеудің журналистика институтын бітіреді. Алғашында мектепте мұғалім болып, кейіннен көптеген қазақ баспаларында қызмет етеді. 1937 жылы жалған саяси айыппен тұтқындалып, 1938 жылы ату жазасына кесілді. І.Жансүгіров-нағыз отаншыл, елі мен жерін шынайы сүйген қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік ақын. Ол көптеген өлеңдер мен поэмалар, пьесалар мен романдар жазып қалдырды. Әсіресе, оның “Күй”, “Күйші”, “Құлагер” поэмаларын халық сүйіп оқиды.
6
Ақан сері (1843-1913) – әнші.композитор, сал-сері. Ол Көкшетау өңірінде дүни...
Ақан сері (1843-1913) – әнші.композитор, сал-сері. Ол Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Ақанның шын аты-Ақжігіт Қорамсаұлы. Ол жасынан ауылда, сонан соң Қызылжардағы Уәли молдадан оқыған. Ақан Біржан салды ұстаз тұтқан. Халықтың еркесіне айналып, сері атанған. Ол өзінің соңында көптеген әндер қалдырған. Атап айтсақ: “Маңмаңгер”, “Сырымбет”, “Балқадиша”, “Қараторғай”, “Құлагер” т.б. Әндері бар
7
1.Ақан серінің Құлагерін жырға қосқан кім? 2.Не себепті Батыраш бай Ақан сері...
1.Ақан серінің Құлагерін жырға қосқан кім? 2.Не себепті Батыраш бай Ақан серімен өштеседі? 3.Ақан сері Құлагер атынан қалай айырылады?
 
 
X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте её своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить презентацию