Ашық сабақ 5 сынып
Автор публикации: Байжуманова Н.Д.
Дата публикации: 18.09.2016
Краткое описание:
1
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
2
а) білімділік: әр аспаптың шығу тарихы жайлы түсінік беру, жасалу ерекшелігі, дыбыс бояуың түсіндіріп, ұлттық аспап туралы білімдерін жетілдіру, ә) дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытып, музыкалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін дамыту, б) тәрбиелік: қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға тәрбиелеу, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу.
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
«Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
4
Оқушылар суреттер арқылы топқа бөлінеді. 1 –топ. Шекті аспаптар 2-топ.Үрлемелі аспаптар 3-топ. Ұрмалы аспаптар
5
Оқушыларға суреттегі берілген аспаптарды 3 топқа жіктеу тапсырылады.
6
7
Біздің ата – бабаларымыз қарапайым музыкалық аспаптарды ● тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан жасаған. Болат Шамғалиұлы Сарыбаев көне аспаптарды жинауға 1960 ж. бастап кіріскен екен. Ол жинаған аспаптар саны 300 – ге жетті. 1968 ж. көне ұлттық музыкалық аспаптардан анасамбль ұйымдастырды. Ұлттық аспаптар: үрлемелі, сілкімелі, шертпелі, тілшікті, ішекті, ұрмалы, ысқышты
8
Сарыбаев Болат Шамғалиұлы - музыкатанушы, қазақтың ұлттық музыка аспаптарын жинаушы әрі сол аспаптарда орындаушы, педагог, өнертану ғылымдарының кандидаты.
9
Оқушыларға музыка тыңдатылады. оқушылар музыканы тыңдап, сұрақтарға белгі көтеріп жауап береді. 1. Қандай аспаптар бар құрамында? 2. Қандай көңіл - күйде болдыңдар, не сездіңдер?
10
Жаңа тақырыпқа байланысты жұмбақтар жасырылады 1.Артылған екі арқаны ұзын бойға, Сөйлеуге сондай шебер тапсаң ойла. Әр жерде аршындалған балдағы бар, Ойнайды он бармағың білсе қайла. 2.Созылған үні, Сүйкімді тілі. Үрлесең ойнайтын, Аспаптың бірі. 3.Тиіп кетсе жылаған, Даусы көпке ұнаған.
11
4.Бір нәрсе қараңғыда қаймалайды, Азынаса көмейінде мал жылайды. Құйрығын қара жерге тіреп алып, Келеді баяғының әнін салып. 5.Ел қорғайтын ерлікке, Батылдыққа ерлікке. Әуенімен шақырған, Қандай аспап балалар. 6.Жеті шектен жеті түрлі үн шығар, Әуезінен жеті тарау мұң шығар. Ойнап кетсең, түрлі - түрлі жыр шығар, Бұл қандай аспап?
12
Жұмбақтың жауаптары 1.Домбыра 2. Сыбызғы 3. Домбыра 4. Қобыз 5. Дабыл 6. Жетіген
13
1-2 балл– орташа 3-4 балл- жақсы 5 балл-өте жақсы
14
О.А.Ж Кім жылдам Постер қорғау Музыкалық сұрақ жұмбақ Жалпы балл
15
16
Қорытынды: Ұлы жазушы М. Әуезов «Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі» деген екен. Ендеше ән мен күйге құмар болып, қызығушылықтарың арта түссін деп сабағымызды аяқтаймыз.