- Презентации
- Сабақ жоспары Туған жерін ән еткен Ескендір Хасанғалиев 5 сынып
Сабақ жоспары Туған жерін ән еткен Ескендір Хасанғалиев 5 сынып
Автор публикации: Махмутова М.А.
Дата публикации: 27.04.2016
Краткое описание:
1
Туған жерін ән еткен Ескендір Хасанғалиев
2
Ескендір Хасанғалиев Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев (1940 жылы Орал облысында туған) - әнші (лирикалық баритон), композитор,1984жылы Қазақстан Республикасының халық артисі. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокальды-хорлық факультетін Е. Виноградов пен Н. Шарипованың класы бойынша курсты, Әль-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтын бітірді.
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
1970 жылдан бастап, Қазақ радиосы мен теледидарының солисі. Е. Хасанғалиевтің орындау мәнері жоғарғы кәсіби деңгеймен ерекшеленеді. Ол Қазақстанның белгілі эстрадалық әншілері орындайтын көпшілікке жақсы танымал әндердің авторы. Құрмет» орденімен марапатталған (2000).
4
Хасанғалиевтің Әдемі, Асыл арман, Өмірімнің жазы, Атамекен әндерін тек Қазақстан тыңдармандары емес, шетелдерде де ықыласпен қабылдайды. Е.Хасанғалиевтің «Бозторғайым», «Ауылым әнім», «Асыл арман», «Әнім сенсің тың дала», «Ақ бидай», «Жасай бер қазақ», «Анаға сәлем», «Аңсағаным», «Жанарым», «Әдемі ау», «Гүлсезім» сияқты көптеген әндердің авторы. Е. Хасанғалиев шығармашылығына тақырыптың әмбебаптылығы, материалды берудің көп салалығы тән. Ол музыканы қазақ, орыс, ұйғыр, татар, неміс ақындарының сөзіне жазды.қазіргі қазақ композиторларының ән-романстарын нақышына келтіре, шебер орындайды.
5
Xасанғалиев - танымал композитор. Оның бірнеше ән жинағы жарық көрді. Xасанғалиев әндерінің тақырыбы сан алуан. Ол қазақ, орыс, татар, неміс ақындарының туған ел, еңбек, жастық шақ, махаббат тақырыбындағы өлеңдеріне көптеген ән жазды. Хасанғалиев гастрольдік сапармен Моңғолия (1975), Болгария (1982), Югославия (1968), Алжир (1969), Сириямен Ливан (1973), Швеция және Финляндия (1970), т.б. елдерде болды. Қазақстан Комсомол сыйл. иегері(1970). [1][2] .
6
Алған атақтары Мәдениет саласындағы жоғары жетістіктері үшін А. Қоразбаевқа 1993ж Қазақстан Республикасының, 1994ж Қырғызстан Республикасының халық әртісі атағы берілді.
7
Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев– халқының сүйікті тұлғасына айналған жан.Өзінен кейін сандаған шәкірттеріне әкелік қамқорлық жасап,баулыған ұстаз.Шәкірті Біржан Хасанғалиев орны бірегей төбе. Ол өнерде талай шәкірт тәрбиеледі.
8
Атамекен Әні: Сөзі: Е.Хасанғалиев 1.Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем, Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем. Айдарымнан сипап өткен самалды Қазағымның алақаны деп білем. Қайда жүрсең, атамекен, Көкейіңде жатады екен. Күннің өзі қимай оны, Ұясына батады екен. 2. Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем, Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем. Асқар тауың аспаныммен астасқан , Қазағымның мәртебесі деп білем. Қайырмасы: 3. Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем, Көк кілемде көп ойнаймын , көп күлем. Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін Қазағымның махаббаты деп білем. Қайырмасы
9
Ескендір Хасанғалиев Қайжылы туылған,қай жерде? Қандай аспаптарда ойнап біледі? 3.Қандай оқу орнын бітірген? Халық сүйіп тыңдайтын қандай әндері бар? Ол музыканы қай тілдерге жазды? Хасанғалиев гастрольдік сапарлармен қай елдерде болды?
10
Үйге тапсырма: Сазгердің шығармашылығын оқу, әнді жаттау.
11
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!