- Презентации
- 5 сынып Аспанмен тілдескен музыка құдіреті
5 сынып Аспанмен тілдескен музыка құдіреті
Автор публикации: Сагинбаева Г.Ж.
Дата публикации: 22.09.2016
Краткое описание:
1
2
Башқұрт халқының қурай аспабы
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Қазақ халқының аспабы сыбызғы Түрікмен халқының аспабы түйдік Қырғыздардың аспабы чоор Алтайлықтардың аспабы шор
4
Тақырыбы: Аспанмен тілдескен музыка құдіреті 08.12.2015 ж
5
Мақсаты: Окушыларға музыканың құдіреті туралы әңгімелеу. Музыка аспаптарымен таныстыру және ажырата білу Оқушылардың білімге деген қызушылығын арттыра отырып, музыканы түсініп, тыңдау арқылы білім деңгейін көтеру Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін ән, бейнелеу, еңбек пәндерінен кіріктірілген сабақ арқылы дамыту.
6
Көптеген әлем халықтарында арфа тектес аспаптар бар. Ол садақтан пайда болған аспап. Оны ғалымдар жер бетіндегі ең көне аспаптың бірі деп есептеген. Египетте бұл асапапты киелі аспап санап, оның дыбысын құдіретті күшке балаған. Олар қайтыс болған адамның жаны арфа аспабының үнін тыңдайды деп сенген. Ал ежелгі кельт халықтары Дагда атты Құдай арфа аспабын ойнағанда жыл мезгілдері ауысады деп ойлаған. Грек халықтарының арасында арфа аспабының лира деген кішкентай түрі кең тараған. Би мен әннің Құдайы-Терпсихора лира аспабын ойнаған кезде жер бетінде мамыражай, бейбіт өмір орнайды екен. Лира аспабы арқылы адамдар Құдайлармен “тілдескен”. Ал түркі халықтарында ортақ жетіген аспабы жайында хақас халқында мынадай аңыз сақталған. Бұрынғы өткен заманда жеті бөрі-жеті хан елікті қуамын деп, абайсызда аспанға шығып кетеді. Жеті ханның бұл әрекетіне ренжіген Көк Тәңірісі оларды жеті жұлдызға айналдырып жіберген екен. Сөйтіп, аспанда Жетіқарақшы жұлдызы пайда болады. Сықырлаған аязды түнде олар аспаннан жерге қарап, жолдан адасқан адамдарға чаткан (жетіген) аспабын ойнап, жол көрсеткен болған. Ал қытай халқы жетіген тектес аспабын “цинь” деп атаған. Ежелгі цинь аспабы бес ішекті болған екен. Оның әрбір ішегін жердің бес құдіретіне балаған. Олар-жер, су, от, ағаш және темір. Кейін келе цинь аспабы жеті ішекті болады. аспаптың алтыншы ішегі өлген жауынгерлердің жанын жоқтау үшін тағылса, ал жетінші ішек арқылы соғысқа аттанған жауынгерлерге рух берген екен. Жетіген тектес аспаптардың сан ғасырлық тарихы бар. Бұл аспапты барлық халықтар киелі санап, оның құдіретті үні арқылы аспанмен тілдескен екен.
7
8
9
Музыка тыңдайық! Арфа аспабының сүйемелдеуімен Тоғжанның “Гөй-гөйін” Ұлжан Байбосынованың орындауында тыңдап көрейік!
10
Ой толғаныс. «Мұны кім істейді?» - Әнші не істейді? - Күйші не істейді? - Сазгер не жазады? - Биші не істейді?
11
Сергіту сәті
12
Ән орындайық! Қазақтай ел қайда Көңілі көлдей шалқыған, Қазақтай ел қайда. Даласы жусан аңқыған, Өзіңдей жер қайда, Киелім! Таусылмас саған айтарым, Ардақтап өтейін, Бабадан қалған байтағым, Садағаң кетейін, Киелім! Қайырмасы: Гүрілдеп жатқан көлден, Көкорай шалғын белден, Құбыла соққан желден, Айналайын! Тілегін Тәңір берген, Қасиет қонған Елден, Елі үшін туған Ерден, Айналайын! Болмасаң өзің,айбарым, Мұратқа жетер ме ем? Түспесін төмен байрағың, Төбеңе көтерген, Киелім! Ғасырлап күткен, армандап, Теңдігім асқақ ән, Ұлыңа Алла жар болғай, Елімді бастаған, Киелім!
13
Сабақты бекіту: 1.Қандай музыкалық аспаптармен таныстық? 2.Дагда атты құдай қай аспаптан жыл мезгілдері ауысады деп ойлаған? 3.Цинь қай ұлттың аспабы? 4.Цинь аспабындағы ішектерді қытайлықтар қалай атаған? 5.Грек елінде қандай аспап кеңінен тараған? 6. Терпсихора ненің құдайы?
14
Үйге тапсырма: Аспап түрлерін және әнді жаттап келу.