7

Сыныптан тыс жұмыс Жас математиктер апталығы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:

1
Қаражан Топаев атындағы орта мектебі “Зерде” математикалық бірлестігі “ Жас...
Қаражан Топаев атындағы орта мектебі “Зерде” математикалық бірлестігі “ Жас математиктер” үйірмесі өткізген апталығының жинағы 2014 жыл
2
Оқушылардың қызығушылығын арттыру, математиканы оқып білу барысында оқушылар...
Оқушылардың қызығушылығын арттыру, математиканы оқып білу барысында оқушыларды табандылыққа,жүйелілікпен ой қорыту,мақсатқа ұмтылушылыққа,есептер шығару барысында шыдамдылыққа,дәлдікке тәрбиелеу.
0
 
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
23 ақпан мен 2 наурыз аралығында «Математика пәнінен 51-ші Халықаралық олимпи...
23 ақпан мен 2 наурыз аралығында «Математика пәнінен 51-ші Халықаралық олимпиада Қазақстанда» тақырыбында апталығының БАҒДАРЛАМАСЫ: 1.Апталықтың ашылуы /бағдарламамен таныстыру/ 2. «Олимпиада тарихы және жеңімпаздары» -тақырыбында баяндама 1.Математикалық олимпиада 5-8, 9-11сыныптар арасында ұйымдастыру 1.Математика пәнінен ашық сабақ 2.9А ,9Б–сыныптар арасында КТК ұйымдастыру 23.02 24.02 25.02 1. 5-7 сынып оқушыларымен «Математикалық эстафета» ойыны 2.Сөзжұмбақ, ребустар шешу 1. 11 сынып оқушылар арасында «Білімділер» сайысы 2. Газеттер конкурсы Апталықты Қорытындылау Математикалық кеш 26.02 27.02 01.03
4
Баяндама : “ Олимпиада тарихы және оның жеңімпаздары” 2006 жылы Кипр елінің...
Баяндама : “ Олимпиада тарихы және оның жеңімпаздары” 2006 жылы Кипр елінің Агрос мекенінде ХХIII Балқан математикалық олимпиадасы өтті.Оған Балқан түбегінің және оның маңайындағы 10 ел қатысты.Олимпиадаға қонақ ретінде Ұлыбритания,Қазақстан ко- мандалары және Кипр елінің 2-ші команда- сы қатысты. Әр командада 6 адамнан құрал- ған.Балқан математикалық олимпиадасы- ның қорытындысы мен тәртібі бойынша 32 балдан жоғары жинаған қатысушыларалтын медальмен,20-31 балл-күміс,ал11-19 балл жинағандар қола медалмен марапатталады. Жалпы, командалар арасында Қазақстан 161 балмен 2 орын(1орын Румения-166 балл) алды.Қазақстан 6 қатысушы да медалдармен марапатталды. 2 алтын- Жангузин Дәулет /Павлодар/, Ким Андрей /Алматы/.3 күміс- Дүйсенбаев Нұрбол/РСФМШИ/,Жолдасов Асан/РСФМШИ/,Зине Жуман/Ақтөбе/,1-қола Пак Алексей/Алматы/. Андрей Ким 40 мүмкіндіктен 39 балл жинап олимпиадаға ең жоғары деңгейді көрсетті. 2006 жылы 15-20 қаңтар күндері Алматықаласын да Республикалық ғылыми-практикалық ”Дарын” орталығы О.Жәутіков атынДағы Республикалық арнаулы физика-маТематикалық орта мектеп-интерна тымен Бірге осы мектептің базасында дарынды Бала ларға арналған II ХалықаралықЖәутіков Олимпиа- дасын өткізді.Ол олимпиаДаға 11 елден(Қазақстан, Қырғызстан,ӨзБекстан,Әзербайжан,Армения, Тәжікстан,Ресей/Татарстан,Башқұртстан,Саха Респ., Мәскеу,Санкт-Петербург,Новосибирск/,Беларусия, Румения,Түркия,Индонезия34 команда болып 218 оқушы қатысты Олимпиаданың мақсаты:Оқушылардың ғылыми көзқарасын кеңейту,ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылыҒын дамыту,әр түрлі елдердің физика- матемаТика мектептерінің арасында тұрақты байла- Ныс орнату. Олимпиада қорытындысы:бас жүлде- беларусь Университеті лицейінің командасы,1 орын- дарынды балаларға арналған О.Жәутіков атындағы Республикалық арнаулы физика-математатикалық орта мектебі, 2 орын-арнаулы ғылыми-оқыту орталы- ғы МГУ /Мәскеу/ және №20 мектеп-лицейі/Талды- қорған/ иеленді.
5
Математикалық олимпиада тапсырмалары 5 сынып 1.Тест тапсырмаларын орындау 2....
Математикалық олимпиада тапсырмалары 5 сынып 1.Тест тапсырмаларын орындау 2. Есептер шығару 7 сынып 1.Тест Тапсырмаларын орындау 2. Есептер шығару 8 сынып 1.Тест Тапсырмаларын орындау 2. Есептер шығару 6 сынып Тест тапсырмаларын орындау 2. Есептер шығару 24.02 1500
6
Сыныптарға берілген тапсырмалар 5 сынып. 1.Доңғал жолмен келе жатқан екі маш...
Сыныптарға берілген тапсырмалар 5 сынып. 1.Доңғал жолмен келе жатқан екі машинаның арақашықтығы 200км.Машиналардың жылдамдықтары 60км/сағ және80км/сағ .1 сағаттан соң екеуінің арақашықтығы қандай болады? 2. 5 –тің ттек қана бес цифрын пайдаланып,0-ден 10-ға дейінгі (10-ды қоса)сандардың әрқайсвысын арифметикалық амалдар таңбалары мен жақшалары арқылы қалай өрнектеп жазуға болады? 3. Үш жәшікте жаңғақ салынған Олардың біріншідегі жаңғақтың саны басқа екеуін бірге санағандағыдан 6-ға кем,ал екіншісінде біріншімен үшіншіні қосып санағандағыдан 10 жаңғақ кем Үшінші жәшікте қанша жаңғақ бар? 4. 7 рет кір жуғаннан соң тік төртбұрышты параллепипед тәріздес кір сабынның ені,биіктігі және Ұзындығы екі есе кемейді.Қалған сабын енді неше рет кір жууға жетеді? 6 сынып. 1 .Бала бір сан ойлады, оны 100-ге бөлді. Нәтижесінде шыққан сан ойлаған санынан 34,65-ке кем болды. Бала қандай сан ойлаған еді ? 2. Тоғыз текшеден (квадраттардан) құрылған фигурананың периметрі 32 см болса, оның ауданы қандай болады ? 3. Көлде табандар мен алабұғалар өсіріледі. Екі балықшы аулап, 70 балық алған, мұнда бірінші балықшының аулап алғанының 7/9-і табандар, ал екіншініңаулап алғанының 7/17-і алабұға.Әр балық- шы қанша балық аулаған ? 7 сынып. 1. Алдыңғы үш цифрының қосындысы 19-ға тең, соңғы үш цифрының қосындысы 27-ге тең боланын төрт таңбалы санды тап.
7
2. Орманның бір ширегінен 20% ағаш, ал орманның қалған бөлігінен 10% ағаш ке...
2. Орманның бір ширегінен 20% ағаш, ал орманның қалған бөлігінен 10% ағаш кесіп алынған. Бүкіл орманнан неше процент ағаш кесілген ? 3. Жазықтыққа 6 түзу орналастырыңдар және олардың әрқайсысына 3 нүктеден келетіндей етіп, 7 нүкте белгілеңдер. 4. 11/19-ден үлкен, 7/12-ден кіші бөлшекке мысал келтір. Жауабыңды негізде. 8 сынып. 1. Өлшемі 6х6 кестенің әрбір шаршысына бүтін сан жазыңдар. Кез келген 1х4 және 4х1тіктөртбұ рыштары сандардың қосындысы жұп, барлық сандардың қосындысы тақ болсын. 2. L мен M (.)-лері АВСД тіктөртбұрыштарының сәйкес АВ және ВС қабырғаларының ортасы, ал P-CL мен АМ кесінділерінің қиылысу (.)-сі.Егер МРС бұрышы 20о болса, LДМ бурышым тап. 3.Қайсысы үлкен: 7926 ме, әлде 24421 ме? 4.Сүйір бұрыштың АВС үшбұрышының АС және ВС қабырғаларынан АД:ДС=3:4 және ВЕ:ЕС=2:3 болатындай етіп сәйкесінше Д және Е нүктелері алынған. Егер АЕ мен ВД кесінділері Ғ нүктесінде қы- йылысса (АҒхВҒ) /(ҒЕхҒД) мәнін тап. 9 – сынып. 1. 99 жәшікте алмалар мен апельсиндер бар.Барлық алмалардың жарьтысынан көбі және барлық апельсиндердің жартысынан көбі жататын 50 жәшік таңдап алуға болатынын дәлелде. 2. Қатар тұрған 142 натурал санның қаншасын 5-ке бөлгенде 3 қалдық қалады? 3. АВС үшбұрышында АВ=5 см,ВС= 8 см .В төбесіндегі бұрышы 60о төбесінен түсірілген биіктікті табыңдар. 4. Алты таңбалы санның бірінші цифры төртіншісімен , екіншісі бесіншісімен, ал үшіншісі алтыншы цифрмен беттеседі.Бұл санның 7,11.13 сандарына еселік екенінде дәлелде. 10-сынып. 1. Әрқайсысы 2n-нен n+1 әртүрлі натурал сан берілген .Олардың ішінен біреуі қалған екеуінің қосындысына тең болатындай үш сан таңдап талуға болатынын дәлелдеңдер. 2. Егер 11...1122...22 саны 100 бірлік пен 100 екіліктің көмегімен жазылса,оның тізбектес екі бүтін санның көбейтіндісіне тең екенін дәлелдеңдер. 3. 99 жәшікте алмалар мен апельсиндер бар.Барлық алмалардың жартысынан көбі және барлық апельсиндерің жартысынан көбі жататын 50 жәшік таңдап алуға болатынын дәлелде.
8
Көңілді тапқыштар сайысы (9а,9б сыныптар) 1. Таныстыру 2. Математикалық жекп...
Көңілді тапқыштар сайысы (9а,9б сыныптар) 1. Таныстыру 2. Математикалық жекпе-жек (сандар туралы мақал-мәтелдер, ойымды жалғастыр). 3. Сиқырлы қазан. (математикалық фокустар жұмбақтар, қызықты есептер,ребустар) Үй жұмысы 9б сынып оқушысы” Сөз жұмбақ” шешуде (сөзжұмбақтар шешу). Топ басшыларының сайысы. Көрермендер сайысы (викториналық сұрақтар) 9а сынып оқушылары Сайыс үстінде 9асынып оқушылары сайыс үстінде 25.02 1600
9
“ Білімділер “сайысы (11 сынып ) 1. “Кім жылдам” ойыны (алгебрадан сұрақтар)...
“ Білімділер “сайысы (11 сынып ) 1. “Кім жылдам” ойыны (алгебрадан сұрақтар) 2. “Тез есепте” (топтар арасында эстафеталық есептер шығару) 3. үй тапсырмасы (өздері құрас- тырған сөзжұмбақ, ребустарды шешу) 4. Логикалық есептер Сайыста жеңіске жеткен “Тұлпар” тобы 26.02
10
Математикалық эстафета ойыны 5-8 сынып 27.02
Математикалық эстафета ойыны 5-8 сынып 27.02
11
Математикалық эстафета (5-7 сыныптар) Б а ғ д а р л а м а д а : 1.”Қыңыр” ес...
Математикалық эстафета (5-7 сыныптар) Б а ғ д а р л а м а д а : 1.”Қыңыр” есептер шығару 2. “Жүйрік болсаң, озып көр” 3. “Шешендік” сайысы 4. Математикалық эстафета/есептер/ 27.02
12
Математика кешінің бағдарламасы 10 сынып 1. Баяндама “Математика қиын,әрі қы...
Математика кешінің бағдарламасы 10 сынып 1. Баяндама “Математика қиын,әрі қызық пән”...дайындаған: Әждарова Б. 2 . Ұлы математиктер жайында тарихи деректер 3. Концерттік бағдарлама 4. Викториналық сұрақтар .........дайындаған: Түйешібаева Ә Тұрғанбекова Г. 5. Математикалық фокус..................дайындаған: ЕлғоновЖ. 6. Сөзжұмбақ .................................құрастырған Тереков Р. 7. Математикалық мақалдар...........дайындаған: Тулегенова. 8. Математикалық жұмбақтар ..........жасырушы:МолдашоваД 9. Ойындар......................................жүргізуші 10 сынып тобы 01.03
13
Логикалық есептер 1. 5 саулық Ауыл ақсақалының 4ұлы болыпты. Олардың үшеуі ө...
Логикалық есептер 1. 5 саулық Ауыл ақсақалының 4ұлы болыпты. Олардың үшеуі өз алдына отау тігіп кеткен екен. Ақсақал төртінші баласын үйлендіріп, оның алдына бес саулық салып беруді ұйғарды. Бір күні ол үш ұлының үйлеріне барып бәрінің қойлары 41 бас екенін біліп қайтады да,оларды шақырып алып, әрқайсың өздеріңдегі қойларды 4-ке бөліп бөлінбей қалғанын інісіне әкеліп береді. Сөйтіп кенже жігіт 5 саулыққа ие болады. Екеуіңнің қойың менікінен артық еді, енді теңесті-дейді қой берген үш жігіттің бірі өзгелеріне. Бұл үшеудің қойлары алғашқыда қанша болған? 2. Ет алушы неше адам? Біреу жылқы сойып хабарлайды.Әр жерден ет алушылар келеді.Ол келген адамдарды көзімен санап шығып,бұлардыңәрқайсысына 1 жіліктен берсем 3 жілік артық қалады,2 жіліктен берсем 3 адамға ет жетпей қалады.Қандай амал табайын? 3. Сандықтың ішінде 5 жәшік бар,әрбір жәшікте 3 қорап,ал әрбір қорапта 10 алтын тиын бар.Сандықтағы барлық жәшік және қораптар құлыппен жабылған.50 алтын тиын алу үшін неше құлыпты ашу керек? 4.Үш әке мен 6бала серуенге шықты.Олар 42 алма сатып алды.Бұлардың әрқайсысына 6-дан тиді. Сонда қалай? 5.Бөлмеде 76 адам бар.Бір бөлмеден 30 адам,2-ші бөлмеден 40 адам шығып кеткенде екі бөлмедегі адам саны теңесті.Алғашқыда қанша адам болған? 6.Екеуара бір табақ болса 1 табақ ет жетпейді, Үшеуара бір табақ қойсақ 1 табақ ет артылып қалады.Қанша қонақ,қанша табақ? Т.Б
14
Тақырыпқа сай жасалған бағдарлама бойынша апталық тартымды,қызықты өтті. Алғ...
Тақырыпқа сай жасалған бағдарлама бойынша апталық тартымды,қызықты өтті. Алғашқы күні апталықтың тақырыбы,бағдарламасы хабарланып,”Олимпиада тарихы және жеңімпаздары“ тақырыбында баяндама оқылып,биылғы жылы математикадан 51-халықаралық олимпиада біздің елімізде болатыны айтылды. Бағдарлама бойынша екінші күні олимпиада өткізілді. Одан жоғары көрсеткішті Кәрім Ақжол мен Махатова Инабат көрсетті.Салықова Зәурештің ұйымдастырумен өтілген 9а,9б сыныптар арасындағы КВН-да 9б сынып оқушылары жеңіске жетті.Ойын барысында 9б сынып оқушысы Тұрғанбек Мейрамбек логикалық есептерді,қызықты квадраттарды шешуде ойының ұшқырлығын көрсетті. Апталықтың 4-ші күнінде Мұхамедқали Күлпаштың ұйымдастыруымен 11 сынып оқушыларымен “Білімділер”сайысы өтіп,“Тұлпар” тобы жеңіске жетті.Сайыста берілген есептер,т.б.тапсырмалар 9-11сынып математикасына сай дайындалған.Газеттер конкурсы 5-8 сыныптар арасында болды.Онда I-орынды 11-сынып “Ұлы математиктер”,7асынып “Ғажайып ғылым”,II-орынды 9асынып “Геометрияның шығу тарихы”,III-орынды “Математика әлемі” 8 сынып жеңіп алды.Келесі күні 5-7 сынып арасында Әуезханов Гүлмираның ұйымдастырумен үш команда арасында “Математикалық эстафета” ойынында I-орынды-5 сынып,II-орынды 7 сынып командалары иеленді. Сөзжұмбақ,ребус,қызықтыквадрат т.б. Плакаттарда көрсетілген тапсырмаларды орын- дауда 10 сынып оқушысы Тұрғанбек Гүлайым жоғары балл жинап апталықтың үлкен сыйлығын иеленді. Апталықтың соңғы күнінде қорытындылау кеші Сабыржанова Рәшиланың ұйымдастыруымен өте қызықты,мағыналы өтті.Кеште ұлттық логикалық есептерді шешу- де 8 сынып оқушысы Сабыржанов Айдос ауызша есептеп барлық есептерді шешіп Мақтау қағазымен марапатталды. Әр сыныптан апталыққа атсалысып,қызығушылығын Байқатқан оқушыларға және сынып болып қатысып ұйымшылдығын көрсеткен сыныпқа математик апайларының демеушілігімен “Мақтау грамотасы”,”Алғыс хат”,әртүрлі сыйлықтар тапсырылды.
 
 
X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте её своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить презентацию