- Презентации
- Презентация по математика сыныптан тыс жұмыс Математикалық тілде сөйлей білеміз бе? сайыс
Презентация по математика сыныптан тыс жұмыс Математикалық тілде сөйлей білеміз бе? сайыс
Автор публикации: Абишева А.К.
Дата публикации: 22.04.2016
Краткое описание:
1
Презентация авторы: Абишева А. Қостанай облысы Жангелдин ауданы М.Дулатов орта мектебі
2
Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, математикалық дүниетанымын кеңейту, математикалық сөйлеу мәдениетін қалып-тастыруға жағдай жасау, алғырлыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу, өз халқының салт дәстүрлерін білуге, қастерлеуге тәрбиелеу.
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Сайыстың шарты: Әр ойыншы бір ұяшықты таңдайды. Әр ұяшық бір тапсырмадан тұрады. Тапсырмада әріппен жазылған теңдіктерді математикалық тілде айту керек. Дұрыс жауап берген ойыншы сол ұяшықтағы ұпайды иеленеді.
4
5
Дәрежелер Қысқаша көбейту формулалары Теоремалар Жалпы сұрақтар 40 30 20 40 30 20 10 40 30 20 10 40 30 20 10 10 Ізгі дәстүр 40 30 20 10
6
Негіздері бірдей дәрежелерді көбейткен кезде олардың дәреже қосылады да, негіз сол қалпында қалдырылады.
7
Негіздері бірдей дәрежелерді бөлген кезде олардың дәреже көрсеткіштері азайтылады да, негіз сол қалпында қалдырылады.
8
Көбейтінді дәрежеге шығару үшін көбейткіштердің әрқайсысын осы дәрежеге шығарып, нәтижелерін көбейтеді.
9
Дәрежені дәрежеге шығару үшін негізді сол қалпында қалдырып, дәрежелерін көбейтеді.
10
Екі өрнектің квадраттарының айырымы бірінші өрнектің квадраты минус екі еселенген бірінші және екінші өрнектердің көбейтіндісі плус екінші өрнектің квадратына тең
11
Екі өрнектің квадраттарының айырымы осы өрнектердің айырымы мен қосындысының көбейтіндісіне тең
12
Екі өрнектің кубтарының айырымы осы екі өрнектің айырымын олардың қосындысының толымсыз квадратына көбейткенге тең
13
Екі өрнектің қосындысының кубы бірінші өрнектің кубы қосу үш еселенген біріншісінің квадраты мен екіншісінің көбейтіндісі қосу үш еселенген біріншісі мен екінші өрнектің квадратының көбейтіндісі қосу екінші өрнектің кубына тең
14
Пифагор теоремасы Тік бұрышты үшбұрыштың гипотенузасының квадраты катеттерінің квадраттарының қосындысына тең
15
Виет теоремасы Келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы қарама-қарсы таңбамен алынған екінші коэффициентке, ал көбейтіндісі бос мүшеге тең.
16
Синустар теоремасы Үшбұрыштың қабырғалары қарсы жатқан бұрыштардың синустарына пропорционал болады.
17
Косинустар теоремасы Үшбұрыштың кез келген қабырғасының квадраты қалған екі қабырғасы квадрат-тарының қосындысынан осы қабырғалар мен олардың арасындағы бұрыш косинусының екі еселенген көбейтіндісін шегергенге тең.
18
Кез келген санның нөл дәрежесі 1-ге тең.
19
Кез келген санның бір дәрежесі сол санның өзіне тең.
20
Қарама-қарсы сандардың қосындысы 0-ге тең.
21
Кері сандардың көбейтіндісі 1-ге тең.
22
Үш санына байланысты ұлағатты ұғымдар айту. Ер кезегі үшке дейін, үш қайнаса сорпасы қосылмайды, үш ұйықтаса түсіне кірмеген...
23
Бес санына байланысты ұлағатты ұғымдар айту. Бес бересі, бес саусағындай, бес биенің сабасындай, бес тиындық, бесенеден белгілі, бес аспап...
24
Екі санына байланысты ұлағатты ұғымдар айту. Екі оттың ортасында, екі көздің біріндей, екі жеп биге шықты, екі туып, бір қалған...
25
Төрт санына байланысты ұлағатты ұғымдар айту. Төрт көзі түгел отырып, төрт құбыласы сай, екі көзі төрт болып, төрт түлік...
26
20 ұпай 40 ұпай 30 ұпай 1 4 3 2 3 2 1 4 1 4 3 2 Ғажайып үштік
27
20 Теріс санның тақ дәрежесі қандай санға тең болады? теріс санға тең болады
28
20 Екі теріс санның көбейтіндісі қандай санға тең болады? оң санға тең болады
29
20 Екі теріс санның қосындысы қандай санға тең болады? теріс санға тең болады
30
20 Теріс санның модулі қандай санға тең болады? оң санға тең болады
31
32
33
30 теңдеудің түбірі болмайды.
34
35
36
37
38
39
Жазыңқы бұрыштың тең жартысы ... бұрыш деп аталады. (тік бұрыш) 2. Бір нүктеден шығатын екі сәулемен шектелген жазықтықтың бөлігі ... деп аталады. (бұрыш) 3. 90 градустан кіші бұрыш ... бұрыш деп аталады. (сүйір бұрыш) 4. Бір қабырғасы ортақ, қалған қабырғалары толықтауыш сәулелер болып келген екі бұрыш ... бұрыштар деп аталады. (сыбайлас) Геометриялық викториналар
40
Жүзікті тыққан адам нөмірін 2-ге көбейтіңдер Оған 5-ті қосыңдар Шыққан санды 5-ке көбейтіңдер Оған адам саусағының санын қосыңдар Оны 10-ға көбейтіңдер Оған буын нөмерін қосыңдар Фантастикалық ойын «Жүзік табу»
41