- Презентации
- Мектеп және отбасы ашық тәрбие сағаты
Мектеп және отбасы ашық тәрбие сағаты
Автор публикации: Сарсенова А.А.
Дата публикации: 28.05.2016
Краткое описание:
1
Мектеп және Отбасы
2
Бүгінгі жиналысымызды педагогикалық шеберхана негізінде өткіземін.Бұл ата-ана мен мұғалімнің бірігіп жұмыс істеу әдісі. Ендеше бүгін бәріміз бірге шеберханада жұмыс жасайтын боламыз.
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Бәріміз айнала шеңбер жасап, орнымыздан тұрайық және әрбір ата-ананы «Бала үшін ата-ана кім?» деген сұраққа бір ауыз сөзбен жауап айтып шығуды сұраймын. (Геометриялық фигураларды таңдап, орындарына отырады)
4
Таңдаған фигураларыңыз бойынша мінездемеңіз: Өзін тұрақты ортада ыңғайлы сезінеді, нақты тапсырманы қалайды. Ол барлығы белгіленген тәртіппен болғанын жақсы көреді. Егер де оған тапсырма берсе, ол оны аяқтағанша, тіпті жалғыз қалса да, орнынан кетпейді. Өзіне мақсат қояды. Ол үнемі жоспармен жүреді және сол жоспарын орындаған сайын одан ләззат алып алға қарай ұмтылады. Ол ірі ұзақ мерзімді істерге көп көңіл бөледі де кішкентай бөлшектерге мән бермейді. Егер оған тапсырма берсе, ол алдымен өзіне мақсат қойып содан соң оны орындау жоспарын құрады. Адаммен тез тіл табыса алады, көпшіл. Ол басқалармен қарым- қатынас жасап, сөйлесе жүріп өз жұмысын бітіреді. Адамдардың арасындағы жайлылықты ең алдыңғы орынға қояды. Егер де оған тапсырма берсе, ол басқа біреумен ақылдасады. Шығармашыл, ерекшелігі көрініп тұрады. Оны күнделікті жағдай тез шаршатады, сондықтан да ол жаңа, өзгеше бір нәрсемен шұғылдану қажет. Егер де оның алдына қандай да бір міндет қойса, оның алдында жаңа идеялар , жаңа жобалар дайын тұрады.
5
Амандасу Алдымен бір- бірімізбен амандасып алайық. Амандасуды кішкене өзгеше өткізгім келіп тұр. Шаршы белгілер қол алып амандасады, үшбұрыш дауыс арқылы, шеңбер мимика арқылы, ирек бас изеу арқылы бір -бірімізбен амандасып алайық. Бала тәрбиесі-қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. «Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Отбасы -адамзат бесігін тербеткен ұя болса, сол отбасындағы баланың басты ұстазы-ата-ана. Береке, бірлігі мол үлгілі отбасында тәрбиеленген баланың таным жүйесі мейлінше ауқымды, болашақ өркениетке қосар үлесі бар. «Жас көңіл тың жер тәрізді, Не ексең сол шығады, әрі мол шығады» деп әйгілі, атақты Ғабиден Мұстафин айтқандай, отбасы- баланың тәрбиесінің айнасы. Демек, баланы отбасынан тануға болады, яғни ата-анасың бір- бірімен, ата-анасының баласымен қарым қатынасы қандай екенің өз көзқарасынды қалыптастыруға болады.
6
Не ексең, соны орасың
7
Міне, осы жұмбақтың жауабы сегіз батырдың біріншісі «жақсылық» болса, екіншісі «жамандық» екен. Кез келген адамнан ол екеуін табу үшін айнадағы бейнемізге қарап ойланамыз. Ал, енді сіздер берілген парақтың оң жағына жақсы , сол жағына жаман қасиеттеріңізді жазасыздар. Алла мықты жаратқан сегіз батыр, Баяғыдан соғысып әлі жатыр Кезек-кезек жығылып, жатып тұрып Кім жеңері белгісіз түбінде ақыр. АБАЙ Жаман қасиеттеріңізден арылғыларыңыз келе ме? Ендеше жаман қасиеттеріңізді бөліп жыртып алып «менің бойымнан осы жаман қасиеттер мәңгіге жоғалсын» — деп айтып ұсақтап жыртып тастаймыз. Қорытынды: Бала ата-ананың айнасы-демекші, баламыздың бойына өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді сіңіре білейік.
8
Ой қозғау Ертеде жұрттың барлығына танымал бір данышпан тұрыпты. Бір адам оның барлығын біле бермейтінін дәлелдегісі келіп алдына келеді. Ол алақанына бір көбелекті салып данышпаннан сұрайды: «Айтшы, менің алақанымдағы көбелек тірі ме әлде өлі ме?» . Ал өзі ішінен ойлайды: «Егер де тірі десе мен оны қысып өлтіріп тастаймын. Ал егер өлі десе -ұшырып жіберемін.» Данышпан ойланып тұрып : « ?» деп жауап беріпті.
9
Сұрақ: Данышпан не деп жауап берді? “Бәрі де өз қолыңда” деп жауап беріпті
10
Баланы жастан бақпасаң, Жамандықтан қақпасаң, Қадірден жұрдай қасқа боп, Кешкенің өмір босқа тек, -дегендей,баласының ыстық-суығына күймейтін,жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар,сірә. Олай болса,бауыр етіңіз балаларыңызды жақсы көріп,еміренгенде не дейсіздер? Құрметті ата-аналар, енді түрлі-түсті бояуды пайдаланып, үлкен жүректің суретін салайық. Ашуыңызға тигенде, шыныңызды жазыңыздаршы, қандай сөздерді көп қолданасыздар? Енді осы стикерлерді алдарындағы «Жүрекке» жапсырыңыздар
11
“Ата-аналардың басты қателігі-олардың ең алдымен өздерін тәрбиелеп алмай,балаларын тәрбиелеуге тырысатындығын-да” Л.Н.Толстой.
12
ӨСИЕТ ӘҢГІМЕ Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі. Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды. — Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы. Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті.
13
Тапсырма: Ата-аналар, сіздер қазір көбелектің суретін саласыздар. 5 минут қана уақыт беріледі, алдарыңыздағы бояудың сан түрін пайдаланып, әдемі көбелектің суретін бейнелеңіздер. Көбелек суретіне қойылатын критерий: 1. Суреттің бетте орналасуы. 2. суреттің көлемі 3. бояуының қанықтығы, дұрыс боялуы 4. қанаттарының симметриялы болуы. 5. барлық мүшелерінің болуы.
14
«Баға-еңбек жемісі» Ата-аналар қолдарыңызда смайликтер бар. Соларға қарай отырып қандай ой түюге болады. Бұл қазіргі таңдағы біздер сынып оқушыларына баға қоймаймыз. Сондықтан осындай смайликтер арқылы баланың білім деңгейін бағалаймыз. Ата-аналар,сіздердің салған суреттеріңіздің ішінен ең жақсы бағаға лайығын тауып, өз бағаларыңызды беріңіздер. Ал мұғалім үшін де оқушы еңбегін, жұмысын бағалау өте қиын іс. Барлық талапқа сай келсе ғана оқушы жақсы баға алады. Дегенмен кейбір кеткен кемшіліктер үшін де оқушы еңбегіне сай бағаланады. Баға бала көңіліне әсер етеді. Осыны жеңудің жолы қандай? Көбінесе жақсы баға қоймаған мұғалімді кінәлап жатамыз. Ал оқушыны қалай тәрбиелеу керек?
15
Баламен сөйлесудің 10 ережесі Үйге ашығып келмеңіз. Ашыққан адам шыдамсыз, мазасыз болады. 2. Өте шаршап қажымаңыз. Шамадан тыс физикалық, ақыл-ой жүктемелер өзіңізді жайсыз сезінуге әкеледі. Жұмыстағы қиындыққа бала кінәлі емес. 3. Кызметіңіз туралы айтқанда бала қызметтің одан маңызды екенін сезінбесін. Кызметіңіз сізге ұнайды, баланы-жақсы көресіз. 4. Баламен сөйлесу бәрінен де маңызды. Ас дайындауда немесе басқа жұмыс барысында келген баланы итермеңіз . Бала-бұл адам , ал кешкі ас пен жұмысты күтуге болады. 5. Бала көмекші әрі отбасының теңқұқылы мүшесі. Ыдыс жуу, еден жуу сияқты үйдегі ең ұнамсыз жұмыстарды тапсырып , баланы жалықтырмаңыз. Неге қоқыты бала төгу керек? Себебі, сіз бұйырасыз!
16
Ата –ананың, ұстаздың міндеті – баланың өзі жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасау. Бір-бірімізбен өте жақсы түсінісіп жұмыс жасадық деп ойлаймын. Құрметті ата-аналар! Енді осы балапандарымызға жүрегімізден шыққан жылы сөздеріңізбен, тілектеріңізді қағазға (жапырақ) жазып ағашты көркейтейік. Жүректен шыққан тілектеріңіз әрдайым жер бетіндегі балаларды қолдап желеп-жебеп жүрсін дегім келеді..
17
18
Соңы