- Презентации
- Жана адис тасилдер АКС (бастауыш сынып)
Жана адис тасилдер АКС (бастауыш сынып)
Автор публикации: Махмутова М.А.
Дата публикации: 02.05.2016
Краткое описание:
1
Тиімді әдіс-тәсілдер- сапалы сабақ кепілі
2
«Көршіңмен сырлас» әдісі Бұл әдіс оқушылардың өз ойын ауызша білдіруіне үйретеді. Сұрақ қойып, ойлануына уақыт беріңіз. Өз ойымен көршісімен бөлісіп, ақылдасуын сұраңыз. Бір-бірінің жауабын толықтырып,берілген тақырып бойынша білімдерін ортаға салуын тапсырыңыз. Бұл әдіс топтық жұмыс барысында мұғалім топ жұмысын бақылау үшін «біз не істеп жатырмыз?» деген сұрақ қою арқылы оқушылардың жұмысы нәтижелі болу үшін бағыт береді.
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
«Сұраққа жылдам жауап» әдісі Тақырыпты терең түсіну және оқушылардың назарын сабаққа аударып,ой-өрісін дамыту мақсатында төмен дәрежелі сұрақтарға толық жауап қайтару тапсырыңыз. Мысалы, «Мадина, Болаттың жауабы дұрыс деп ойлайсың ба?» «Болат,Әсемнің жауабын қалай толықтыруға болады?» «Марат, айтылған барлық жауаптарды қалай біріктіруге болады?» «Сюжеттік кесте» әдісі Оқушылардың мәтінді қаншалықты меңгергенін бақылау үшін сұрақтарға сәйкес төрт сөзден тұратын сөйлем құруды тапсырыңыз.
4
«Бес сатылы эссе жазу» моделі Тақырып бойынша негізгі идеяларды анықтап алу, Кірпарақпен жұмыс, Жұптық жұмыс. Қателерді анықтау, Жіберілген қателерді есепке ала отырып, қалыпқа келтіру жұмысын жүргізу, Сынып алдында жұмысын жариялау.
5
Алфавит тізбегі Оқушылар өткен тақырып бойынша алған білімдерін алфавиттегі әріптерден басталатын сөздерді кезекпен атап шығу керек. Мысалы тақырыбыңыз «Қазақстан» болса, А- Астана Ә-әскер Б-бидай В-валюта Г-газ Ғ- ғимараттар
6
Сұрақты тауып ал ...... Бірнеше сөйлем бір сұрақтың жауабы болады.
7
Мұғалімге хат жазу Сабақ аяғында оқушылар өтілген тақырып бойынша сұрақ қояды немесе түсінбеген, түсініксіз сұрақтар бойынша ұсыныстарын жазады. эссе жазу 3 минут ішінде өтілген тақырып бойынша не түсінгенін жазады.
8
Сұхбат алу
9
«Қалың және жұқа сұрақтар» әдісі Бұл әдіс топ жұмысы барысында оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар құру тапсырылады. Жұқа сұрақтар (қысқажауап) Қалың сұрақтар (дәлелдеме, мысал, түсініктеме) Кім? Не? Неге екеніне түсініктеме бер? Қашан? Болды ма? Келісесің бе? Қалай ойлайсың? Неге солайойлайсың? Айырмашылығы қандай? Дұрыс па? Не болар еді?
10
Логикалық тізбекті ажырату Бұл әдісті сабақ қорытындысын шығару кезінде қолданған тиімді.Оқушыларға тақырыпқа сәйкес негізгі сөздер тізбегін жүйелілікке келтіру тапсырылады. Зат есім Сын есім Дерексіз Шырай Жалқы Сапалық Бастауыш
11
Ақпаратпен бөлісу 1-ші оқушыда ақпараттың 50% бар 2-ші оқушыда ақпараттың 50% бар Жұптар бір-бірінің ақпараттарын толықтырады Жұптар сыныппен жұмыс жасайды.
12
«Шырша немесе фишбон» Бұл стратегия оқушыларды көлемі үлкен тақырыпты бірнеше себебі мен дәлелдемесі келтірілген шағын тақырыпшаларға бөлуді үйретеді. қорытынды мәселе себебі фактілер
13
14