7

Армысың, әз Наурыз! ( 7 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:

1
Келіңіздер! Көріңіздер! Сіздерді “Армысың, әз Наурыз!” мерекелік кешіне шақыр...
Келіңіздер! Көріңіздер! Сіздерді “Армысың, әз Наурыз!” мерекелік кешіне шақырамыз! Кеште Әуезов жұлдыздары: жезтаңдай әншілер, мың бұралған бишілер, Тұрғызба продакшн әзілдері, ертегі кейіпкерлері,әжелер ансамблі өнер көрсетеді, әр түрлі спорттық жарыстар, алтыбақан ұйымдастырылып, мерекелік дастархан жайылады. Ұйымдастырушылар: 9 “а,т” оқушылары Өтетін уақыты: 19 наурыз 2014 жыл сағ: 12-00 Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!!! Бекет Нұрсұлтан Гаухар Әлихан Тони “Тұрғызба продакшн” Мұратбек Әжелер ансамблі Айғаным Қайрат Бишілер Ақтоты Руза Манарбек Қуанышбек Бейбарыс Ақболат Қайрат 2 Думан
2
№ 4 мектеп «Армысың, әз Наурыз!» (Мерекелік кеш) 9 “т” сынып жетекшісі Умаров...
№ 4 мектеп «Армысың, әз Наурыз!» (Мерекелік кеш) 9 “т” сынып жетекшісі Умарова Жанар 2013-2014 оқу жылы
0
 
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Мақсаты: Оқушыларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсін...
Мақсаты: Оқушыларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Мазмұны: Бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруы паш етіледі. Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен насихатталады. Көрнекілігі: Қазақтың киіз үйінің жабдықтары, ұлттық тағамдар, алтыбақан, шарлар. Түрі: Мерекелік сазды кеш Руза:- Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен ұлыстың ұлы күні Наурыз тойы Құтты болсын! Қайрат: Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ақтоты: Күн мен түн теңеліп жаңа жылдың бастауы болған әз Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын! Р:Наурыз – көктем мерекесі. Наурыз – жыл басы. Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп. Қ:Наурыз – қуаныш мерекесі, Бақыт пен шаттық мерекесі. А:Наурыз – шаруаның мерекесі. Наурыз – еңбек мерекесі. Р:Ендеше құрметті халайық бүгінгі мерекелік кешіміздің шымылдығын ашатын мектебіміздің бишілерін қабыл алыңыздар Би Шашу Қайрат: Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық, Билейік, жыр жырлайық, ән салайық. Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді, Арқаңды кеңге созшы, уа халайық. Қара жорға биі (5т сынып оқушылары)
4
А:Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түннің теңескен көктемгі мерекесі, жыл...
А:Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түннің теңескен көктемгі мерекесі, жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару мерекесі, бүкіл әлемге береке-бақыт пен бейбітшілік дарытатын Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз құтты болсын! Р: Күншығыстың Наурызы келгенде Самарқанның көк тасы еріп, жылғалардан су ағып, бәйшешек гүл атып, күннің көзі бүкіл ғаламға нұрын шашып, үйсізді үйлімен теңестіріп, бай мен жарлыға бірдей сәуле төгетін, Табиғат-Ана бусанатын көктем айы, табиғат мейрамы. Осындай даналықтың ұлы мейрамы Наурыз, мінеки бізге де келіп жетті. Ендеше, төрлет, елімізге құт-береке дарытатын әз-Наурыз! Қ: Наурыз келді, көктем келді ағайын, Жадырайды, жаңғырады маңайым. Назды, сазды науан Наурыз, армысың? Сұлу мүсін саған біткен бар мүсін. Қайнарындай қалың қуат, қайраттың, Сен келдің де ғаламшарды жайнаттың. Тіршілікке тіл бітіріп өзгеше Дүниенің бұлбұлдарын сайраттың,- дей отыра, мектебіміздің әншісі......Жақсылықова Ақтілекті «Отырардағы той»..әнімен сахна төріне шақырамыз Р:Ұлыс күні кәрі жас, Құшақтасып көріскен. Жаңа ағытқан қозыдай Жамырасып өріскен Сақтай көр деп терістен Көз көрместей өш десіп, Үлкендер бата беріскен дей отыра алғашқы құттықтау сөз кезегін мектебіміздің басшысы Өтешева Нұрғайша Хиуақызына береміз Наурыз келді ал тойлаңдар, жараңдар, Келген мына мерекеге қараңдар. Шашу шашып ақ жаулықта әжелер, Тойда бүгін ойнап - күліп тараңдар. дей отыра ортаға Нурлан Албан мен әжелерімізді шақырамыз. (Аманқос Бекет пен 9 т қыздары) Р:Қазақ даласында ұлыстың ұлы күні бүкіл адамды тең санаған, құл мен күң де шаруадан босап, еркін бой жазуға мүмкіндік алған. Бұл күнгі дастархандағы дәм, айтылар әңгіме көпке ортақ болған екен А: «Береке басынан басталады» демекші, «жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады» деген қағиданы берік тұтынған халық бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа, таза суға толтырып бетін ашық қалдырған. Бұл 21 – Наурыз күнгі таң алдында орындалады екен. Бұның мәні: дала аралаған Қызыр Ата келіп «қыдыр, құт дарытып» кетеді дейді екен. Р:Олай болса, ақсақалды көзі шалған жан бар ма? (Музыка жіберіп Қызыр баба келеді) А:Міне өздері де келді.Ендеше бата алып қалайық, жамағат!
5
Қызыр баба: 		Ау, халайық, қараңыз! 		Бақытты болсын балаңыз. 		Сергек болс...
Қызыр баба: Ау, халайық, қараңыз! Бақытты болсын балаңыз. Сергек болсын санаңыз, Қолды жай бата берейін. Жаңа жылда жарандар, Үстем болсын мерейің. Келген наурыз құт болсын. Берері тағы жұп болсын. Төрт түлігің төлдесін Еш жамандық көрместен, Көңілдеріңде шат болсын, Үйлеріңе бақ қонсын. Ел аман , жұрт тыныш болсын! Әумин!   Қайрат:Қызыр баба! Мың жасаңыз. Сізге көп рахмет!   Қызыр баба:Ал енді жиналған қауым біздер рұқсат болса үлкен сапарымызды басқа ауылдарда жалғастырмақпыз. Сау, болыңыздар! (музыка жүреді) Қызыр баба кетеді Руза:Уа, халайық, халайық Ақ сандықты ашайық Бұл мереке, бұл тойдың Шашуларын шашайық. (Әжелер алға қарай жүріп «Наурыз құтты болсын», «Ұлыс оң болсын» деген тілектер айтып шашу шашады.) Салтанат: Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды, Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр. Уа, жамағат, теріп ал несібіңді, Ризығың болсын көл – көсір!   Руза: (шашу шашылып жатқанда) Қашанда құт – береке орнасын деп, Тойларда шашу шашу - салты елімнің. Уа, халайық! Теріп ал несібіңді, Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!   Ақтоты:Ал, халайық, тұрмайық, Әндетейік жырлайық! Ортамызды ашайық, Ырыс тілеп бұл жылға, Жырдан шашу шашайық!
6
Ортаға ауданддық Айгөлек фестивалінің жүлдегері Айзере атты бүлдіршінімізді ш...
Ортаға ауданддық Айгөлек фестивалінің жүлдегері Айзере атты бүлдіршінімізді шақырамыз, Ән: «Тұлпарым!» Руза: Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең менше сүй. Аманқос Бекеттің орындауында Мен мен едім! Ойын Құрметті тойшы қауым. Қазір ортаға ұстаздарымызды шақырғамыз келіп отыр. Аты аталған апайлар ортаға келсе.... Назгүл апай, Айымгүл апай, Маншук апай Енді құрметті ұстаздар. Сіздерге қазір қызықты ойын ойнатамыз. Бірінші орынға LG маркасындағы кір жуатын машина, екініші орынға Samsung маркалы ыдыс жуатын машина, және үшінші орынға Panasonik маркалы іс тігетін машина тігіліп отыр. Сіздерге берілетін тапсырма Наурыз айы тоқшылық, молшылық айы болғандықтан, алдарыңызға келген бауырсақ пен көжені бірінші жеп тауысу Ойын Енді ортаға Есенжан мен Әлиханды шақырамыз. Бұл ойында Бас жүлдеге жылқы. Ал екіншіңе тай мінгіземіз. Ойын шарты:Сіздерге биыл ҰБТ. Қазір соған дайындық кезінде жүрсіздер. Біз соған көмек ретінде мынадай екі қағазға шпаргалка жазып келіп отырмыз. Сіздерге тапсырма осы қағазды қалталарыңызға тығып экзаменге кіру. Кім бірінші қағазды тауысса сол бас жүлдеге ие болады.
7
А:Наурыз тойға жиналған,халқым менің, Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім. Бүг...
А:Наурыз тойға жиналған,халқым менің, Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім. Бүгінгі той ертеңгі ардақты ісің, Ғажап болсын таппайтын тепе-теңін.   Р:Келді Наурыз бұла күш тасқынымен, Құлпырып қайта өзгеріп жастығымен. Жер иіп,тамыр толып,бүршік жарып, Табиғат ықыласына тас жібіген. Р:Ау,жараңдар,жараңдар! Қызыққа мына қараңдар! Ұлыс күні жаңаша, Болыпты бір тамаша.   Қ:Ортаға аудандық, облыстық Жайдарман ойынына қатысып, жүлделі орынға ие болып жүрген Жалынды жастар командасын шақырамыз.   Қ: Келді Наурыз даладай кеңдігімен, Көк байрағы желбіреп желді күнмен. Тәуелсіздік ұранын аспандатқан Айналамын,Теңдігім,Елдігімнен.   А:Арайыңдай көрінген таңғы үміттің, Басын қостың сан халық,сан бір ұлттың. Жарқырай бер,жер-көкте,жаса Наурыз Ұлт достық мейрамы мәңгіліктің. Руза:Гүл көңілдер қуаныштан өрілді, Жанарыңнан жалын нұры төгілді. Жыр ұшқындап тұр ғой әне, үніңнен, Жұлдыздай боп жарқырашы өзің де   Сахна төріне Әлиханды шақырамыз   Қайрат: Домбыра тілегімді қуаттасаң, Үніңе үзіле бір құлақ тосам. Тарихтың тереңінен сыр ақтарсаң, Бойдағы қуатыма қуат қосам. Келесі кезекті термеші қызымыз Айгерімге берейік   АҚтоты: Тербесе жанды сиқырлы сазды құс әні, Самал желменен қиялың қырға ұшады. Ғаламның барлық ғажайыптарын жинаған, Даламның пай-пай! Не деген алып құшағы. Алдарыңызда Жақсығалиева Айғаным сіздерге арнап көктемнің жылы шуақ күндерінен әсем ән жолдайды
8
Руза: Орындалсын алға қойған арманың  Арайланып ата берсін таңдарың  Тілейтін...
Руза: Орындалсын алға қойған арманың  Арайланып ата берсін таңдарың  Тілейтінім қанатың еш талмасын  Періште қыз тек биікке самғағын!! Байтақ еліміздің кішкентай ғана жұлдызы Диананы «Қамажай» биімен ортаға шақырамыз Ақтоты: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен, Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем. Жарығыңмен, шуағыңмен күн – ана, Алып келді жер бетіне гүл көктем. 7 сыныптың әншісі, аудандық, облыстық сайыстардың жеңімпазы Едіге Мұхамбетжанды «Қырманға кел қалқатай». әнімен ортаға шақырайық. Руза: Қуанышбекті мерекелік көңіл күймен сахна төріне шақырамыз   Ақтоты: Баба, халқымыздың салтында кез - келген той - томалақтың, ойын - күлкісіз думансыз өтпесі белгілі. Ал сол ойын - күлкінің көркі сәні болған Алдаркөсені ұмытпаған боларсыздар.. Соларды ортаға шақырып қызықтарын тамашаласақ қайтеді? Руза:Шалқытып мерекеде ән салайық, Өнерпаз өркендерге тамсанайық, Аңыз бен ертегіден бізге жеткен Құрметті қонақтарды қарсы алайық. Алдар көсе мен бай (Қайрат пен Бекет) (Қасық)
9
Ақтоты: Той әкелген ғаламға Наурыз айым аман ба?! Бас иеміз халқым ау Өнер сү...
Ақтоты: Той әкелген ғаламға Наурыз айым аман ба?! Бас иеміз халқым ау Өнер сүйген саған да, Құтты болсын ,Наурыз! Жексенов Нұрсұлтан «Көк айдай» әнімен Қайрат: Мың бұралған арулар аңдап басып, Келеді міне ортаға толқып басып, Аруларын сыйлаған халқым менің, Көңілді қошеметпен қарсы алайық! 5 сыныптың мың бұралған бишілерін сахна төріне шақырамыз Қайраті: Көне заманнан бері Наурыз сұлулық пен жасампаздықтың, бейбітшілік пен келісімнің символы болып табылады.   Руза:: Көпұлтты Қазақстан халқының өз мүмкіндіктеріне деген сенімдері арта түсіп, бай рухани мұралары жарқын болашақ жолындағы жарқын істеріне қуат берсін.   Ақтоты: Қазақстандықтар үшін Наурыз – айрықша мейрам. Бұл күн қыстың сәті аяқталып, барша еліміз жаңаша кейіпке енетін көгілдір көктемнің келгенін білдіреді. Жаңару мен жасару күні Сіздерге бақ-береке, ырыс-ынтымақ әкелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, көркейе берейік! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!    Бірге: Жарқырасын Тұрғызбадай жеріміз! Асып-тасысын байлығымыз, кеніміз Ел сүйсініп дәулетіне елімнің, Малға толып жатсын барқыт беліміз!   (хабарламай өздері шықсын) Саржайлау. Байғали Думан! (бишілер Аружан , Тоғжан, Перизат) (Бәрі шығады)
 
 
X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте её своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить презентацию