Презентация по ИЗО Таңғажайып суретші
Автор публикации: Тогузбаева А.Д.
Дата публикации: 20.05.2016
Краткое описание:
1
ТАҢҒАЖАЙЫП СУРЕТШІ (Ә.Қастеевке арналған кеш)
2
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
4
Әбілхан қолөнерге, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Балалық шағы
5
Туындылары: “Мақта жинау” “ Алтын дән” “Медеу мұзайдыны” “Жас Абай” “Таудағы қыс” “Іс тігу” “Бай мен кедей құдық басында” “Гүлденген алма ағаштары” “Қымыз ішу кезі” “Бие сауу”
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
Нұртас ҚАСТЕЕВ, суретшінің ұлы: Әкем қазақтың тарихын жақсы білетін.Әкем дүние жиған адам емес, бізге де ондай пендешілік мінезді дарытпады. Өзінің қаншама атақ-даңқы бола тұра, «Мен әлем танитын Қастеевпін» деп кеудесін қаққан емес. Қандай мақтау естісе де, қарапайым қалпынан танбайтын.
17
Гүлдария ҚАСТЕЕВА, суретшінің қызы: Әкем алғашқы суретін тасқа салыпты – Достары өте көп болатын. Жас болсын, барлығы біздің үйден табылатын. Үкі Әжиев деген жақын досы болды. Әкемнен жасы кіші болғанымен, бірін-бірі қатты сыйлап өтті. Суретші Сахи Романовпен де жақсы қарым-қатынаста болатын. Оспанбай Елубаев, Орал Таңсықбаев, Ескендір Тынышбаев, Хакімжан Наурызбаев, Молдахмет Кенбаевтармен де жақсы араласты. Отбасымызбен Ыстықкөлге жиі баратынбыз. Әкем біз демалып жатқанда бір келіп, қайтып кетеді. Үйге барып сурет салуын жалғастырады. Демалуға бардым дегеннің өзінде сол жерге барып сурет салатын.
18
Үкі ӘЖИЕВ, суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері: Басты ерекшелігі – қарапайым өмірді сүйетін – Әбекеңмен 1936 жылы Алматыдағы бейнелеу өнері қоғамында таныстым. Ол кезде әрі оқып, әрі тәжірибе жинақтап жүрген 12 жасар бала-тұғынмын. Бірден жақын араласып кете алмадым. Өзімнен әлденеше жас үлкен суретшімен рухани достығым Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. Жасандылықты, жылтырақты ұнатпайтын.
19
Байтұрсын ӨМІРБЕК, Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы: Суреттері қазақтың бейнеэнциклопедиясы секілді – Қастеев әрқашан елінің, жерінің көркемдігін шынайы көрсетуге тырысты. Ол кісі ешуақытта әсірелеп суреттемейді, шынайылықпен, сүйіспеншілікпен бейнелейді. Жалпы, Қастеев қазақ қоғамының дәстүрінен алыс кетпеген, қазақтың өмірін, салт-дәстүрін, табиғатын, тарихын көрсеткен.
20
Марапаттары: Қазан төңкерісі орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен екі рет, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1942). Қазақ КСР халық суретшісі (1944). Шоқан Уалиханов атындағы Қазақ КСР-нің мемлекеттің премиясы (1967), «Қазақсан жерінде» атты туындылары үшін.
21
Құрметтері Кастеев атымен ҚР мемлекеттік өнер мұражайы, сонымен қатар бірнеше қалалардағы көшелер аталған. Шымкент қаласындағы көркемөнер колледжі Қастеев атымен аталған, 2009 жылы колледж алдында суретшінің ескерткіші ашылды. 2004 жылы Қастеевке арналға пошта маркілері шығарылды.
22
Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы
23
Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы
24
25