7
  • Презентации
  • Презентация по ИЗО Қазіргі заманғы сәндік қолданбалы өнері

Презентация по ИЗО Қазіргі заманғы сәндік қолданбалы өнері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:

1
Қазіргі заманғы сәндік қолданбалы өнері
Қазіргі заманғы сәндік қолданбалы өнері
2
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға қазіргі заманғы сәндік қолданбалы ө...
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға қазіргі заманғы сәндік қолданбалы өнердің ерекшеліктерін түсіндіру. Сыр бойындағы қолөнер шеберлерінің шығармаларымен таныстыру және насихаттау. Дамытушылық: Оқушылардың ұлттық қолөнеріне деген қызығушылығын арттыру, ой-қиялын дамыту. Тәрбиелік: Қазіргі заманғы сәндік қолданбалы өнерді түсіндіре отырып, оларға кәсіби бағдар беру.Топпен жұмыс жасап, бір-бірін тыңдай білуге үйрету. Эстетикалық тәрбие беру.
0
 
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих. Сабақтың көрнекілігі: Қазіргі заманғы қо...
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих. Сабақтың көрнекілігі: Қазіргі заманғы қолөнер шеберлері жасаған ұлттық бұйымдар: зергерлік бұйымдар, ою-өрнектер т, б. Сабақтың типі: Сайыс сабақ Сабақтың түрі: Ұлттық бағдар,топпен жұмыс. Әдіс-тәсілдері: Көрнекілік, сұрақ-жауап, әңгіме, суреттер салу, сөзжұмбақ шешу.
4
Сабақтың барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі а) Сәлемдесу ә) Оқушыларды түгелдеу б)...
Сабақтың барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі а) Сәлемдесу ә) Оқушыларды түгелдеу б) Сабаққа даярлығын тексеру г) Сыныпты 4 топқа бөлу.
5
2. Өткен сабақты пысықтау - Қане, айта қойыңдаршы, сәндік қолданбалы өнердің...
2. Өткен сабақты пысықтау - Қане, айта қойыңдаршы, сәндік қолданбалы өнердің қандай түрлерін білесіңдер? Ағаш өңдеу Киіз басу Тоқыма Құрақ құрау Ши тоқу Тері өңдеу Сәндік қолданбалы өнер Тігін өнері Керамика Сырмақ сыру Зергерлік бұйымдар Ою-өрнек - Ал осы қолөнерімен айналысатын адамдарды кім деп атаймыз? Қолөнер Ұста Зергер Ісмер Шебер 1. Ұста – қару жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман жасаумен айналысатын адам. 2. Зергер – алтын мен күмістен әшекей бұйымдар жасайтын адам. 3. Шебер – ағаштан ойып әртүрлі бұйымдар жасайтын адам. 4. Ісмер – ұлттық киімдер мен бұйымдар тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адам.
6
Шебер 1. Ұста – қару жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман жасаумен айналысатын ада...
Шебер 1. Ұста – қару жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман жасаумен айналысатын адам. 2. Зергер – алтын мен күмістен әшекей бұйымдар жасайтын адам. 3. Шебер – ағаштан ойып әртүрлі бұйымдар жасайтын адам. 4. Ісмер – ұлттық киімдер мен бұйымдар тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адам.
7
3. Жаңа сабақ а) Баяндау Бүгінде халқымыздың қолөнері қарқынды дамып келе жа...
3. Жаңа сабақ а) Баяндау Бүгінде халқымыздың қолөнері қарқынды дамып келе жатыр. Ұлттық қолөнер салт-дәстүрімізді жетілдіріп, мәдениетіміздің озық жетістігін көрсетуде. Халық өнерінің бай мұраларын сұрыптай отырып, заманымызға сай сапа, түр беру әдісімен оларды әрі дамыту, оны бүгінгі ұрпаққа меңгерту-игілікті іс. Осы жағынан алғанда ұлттық қолөнердің тәрбиелік, тағылымдық мүмкіндіктері жоғары, өйткені ұрпақ тәрбиесіне кешенді түрде әсер етеді, қабілеттерінің жетілуіне, белгілі бір кәсіпке бейімделуіне көмектеседі. Қолөнер-біздің рухани байлығымыз, мәдениетіміз, салт-дәстүріміз, ол бірнеше ғылымдардың дамуынан пайда болған өнер туындылары. Қолөнер кәсібі еліміздің экономикасын көтеруге ықпал етеді. Қазақ халқының қолөнері әлем халықтарына мақтанышпен көрсететін көрме. Оған дәлел-біздің киіз үйіміз бен оның ішіндегі көз жауын алатын сәндік қолөнер бұйымдарын тамашалаған шетелдіктер «Киіз үй-қазақ халқының шағын мұражайы» деп бағалаған еді.
8
Қазіргі кезде қолөнері қарқынды дамып ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. Ғасырлар б...
Қазіргі кезде қолөнері қарқынды дамып ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. Ғасырлар бойы қалыптасқан пішіндер мен тәсілдердің бай мұрасы негізінде шеберлер қазіргі заманғы сюжетті композиция элементтерін көрсететін ағаш, металл, керамика, киізден жасалған ерекше шығармаларды дүниеге әкелуде. Қазіргі заман суретшілері мен қолөнер шеберлері тері, ағаш, сүйек өңдеудегі ескі технологияларды меңгеріп, қайта жаңғыртуда. Солардың арқасында халық қолөнерінің көптеген сырлары белгілі болды. Осылайша көне бұйымдар көркемдігі мен әсерлігін жоғалтпай, қазіргі заманғы шеберлердің қолынан қайта жаңғыртылып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысының шеберлері ұлттық дәстүрді жалғастыра отырып, тоқыма және киіз, кілем, алаша, басқұр, баулар тоқиды. Өзіміздің Қызылорда облысы бойынша қолөнерімен айналысатын көптеген шеберлер бар. Олардың қолынан шыққан бұйымдары республикалық тіпті шет мемлекеттердің де көрмелеріне қойылған. 2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында Қызылорда қаласында Республикалық қолөнер шеберлері мен суретшілерінің симпозиумы болып өтті. Сол кезде де жерлестеріміздің қолөнер бұйымдары тамашалаған қонақтарды тәнті еткен болатын. Мысалы: ұста-Құлмамбетов Құдайберген, шебер-Қалназаров Борис, зергерлер-Абдуханов Зейнолла, Жақыпов Бекзат, ісмер-Рамазанова Гүлнар, т, б. шығармалары.
9
10
11
12
13
14
15
Топпен жұмыс Оқушылар топтық тапсырманы орындайды. 1-тапсырма «Ою-өрнек» құр...
Топпен жұмыс Оқушылар топтық тапсырманы орындайды. 1-тапсырма «Ою-өрнек» құрастыру. Түрлі түсті қағаздардан әр түрлі оюларды құрастыру және атын анықтау
16
17
2 -тапсырма «Тапқырлық». Әр ұлттың ұлттық киімдерін сәндеу.
2 -тапсырма «Тапқырлық». Әр ұлттың ұлттық киімдерін сәндеу.
18
19
20
21
22
23
24
3 -тапсырма «Композиция». Геометриялық денелерден әшекей бұйымдар құрастыру.
3 -тапсырма «Композиция». Геометриялық денелерден әшекей бұйымдар құрастыру.
25
26
Сергіту сәті.
Сергіту сәті.
27
4- тапсырма Оқушы шығармашылығынан.(Сөзжұмбақ) 4. Жаңа сабақты бекіту Сөзжұм...
4- тапсырма Оқушы шығармашылығынан.(Сөзжұмбақ) 4. Жаңа сабақты бекіту Сөзжұмбақ беріледі. Әр қатардағы сөздер дұрыс табылса, тігінен «Сәндік қолөнер» деген сөз тіркесі шығады. 1. Ұлттық киімдер мен бұйымдар тігетін адам 2. Қазақ қыздарының бас киімі 3. Суретті тықыр кілем 4. Батырдың бас киімі 5. Жүннен жасалған бұйым 6. Аң терісінен жасалған ерлер киімі 7. Мата қалдықтарынан құрастырылып тігілген бұйым 8. Теріден жасалған сусын құятын ыдыс 9. Төсеніш бұйым 10. Ұста құралы 11. Тоқылып жасалған зат салғыш бұйым 12. Әшекей бұйымдар жасайтын адам 13. Ағаштан ойып әртүрлі бұйымдар жасайтын адам
28
ісмер сәукеле гобелен дулыға ішік киіз құрақ тоқыма алаша көрік қоржын зерге...
ісмер сәукеле гобелен дулыға ішік киіз құрақ тоқыма алаша көрік қоржын зергер шебер
29
5. Қорытынды «Көнені керек етпесең, жаңа табылмайды» деп Шәкәрім атамыз айтқ...
5. Қорытынды «Көнені керек етпесең, жаңа табылмайды» деп Шәкәрім атамыз айтқандай, көнені қадірлеп, кейінгі ұрпаққа жеткізу – біздердің және жастардың міндеті. Көне бұйымдарды ұмытпай, оларды қазіргі заманға лайықтап, жаңа үлгіде жасап шығару біздің парызымыз және қолөнеріміздің шарықтауына қосқан үлесіміз деп білейік. Оқушылар еңбегін бағалау, сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау Үйге тапсырма беру 1. Жұмысты аяқтау.
 
 
X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте её своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить презентацию