- Презентации
- Презентация на тему Dream Vacation
Презентация на тему Dream Vacation
Автор публикации: Жумагазиева Б.Е.
Дата публикации: 26.03.2016
Краткое описание:
1
The 11th of January Dream vacation
2
New vocabulary Vacation - демалыс, каникул Fly - ұшу World - әлем Trip - саяхат Learn - үйрену Hope - үміттену
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Жер шарындағы кез келген елде миллиондаған туристердің назарын аудартатын ерекше ғимраттар немесе көне және замануи ескерткіштер бар. Сондай ескерткіштердің бірі әрі бірегейі – әлемнің ең бай қаласы саналатын Нью-Йорктегі атақты «Бостандық» мүсіні. Мүсін АҚШ-тың нышаны болып табылады. Оны кейде әлем халықтары бостандық пен демократияның нышаны ретінде танып жатады. Француз мүсіншісі Фредерик Огюст Бартольдидің жұмысы бастапқыда«Әлемді нұрландыратын бостандық» деп аталғанымен, қалың жұртшылық арасында мүсінді «Леди Либерти» деп атау дәстүрі қалыптасқан. Ескерткіш Нью-Йорктің Манхеттен жақ бөлігіндегі Бостандық аралында орналасқан. Мүсін орналасқан орынды Фредерик Огюст Бартольдидің өзі таңдаған. Бұған дейін, яғни XIX ғасырдың басына дейін бұл орында бес жұлдызды қорған тұрған көрінеді. Аталған ескерткішті 1876 жылы Франция АҚШ-тың тәуелсіздікДекларациясына жүз жыл толған мерейтойына арнап сыйға тартқанымен, оның салтанатты ашылу шарасы тек он жылдан кейін, яғни 1886 жылы өткен екен. Былтырғы жылы мүсінің 125 жылдық мерейтойыәлемдік деңгейде аталып өтті. Салмағы 30 тонналық алып мүсінді Нью-Йоркке жеткізу үшін оны 350 бөлшекке бөлуге тура келген. Көз алдыңыздағы ”Бостандық құдайы” бір қолына алау, бір қолына“JULY IV MDCCLXXVI” деген жазуы бар кітапша ұстаған. Бұл белгі АҚШ-тың тәуелсіздік декларациясына қол қойылған күнді бейнелейді (1776 жыл, 4 шілде). Мүсіннің биіктігі 50 метр шамасында болғанымен, құрылыстың жалпы ұзындығы 100 метрді құрайды. Ескерткіш толығымен жезден соғылған. Мүсіннің басындағы тәжге қазба байлықтар мен асыл тастардың және әлемді нұрландыратын көк сәулесінің нышаны ретінде 25 терезеорналастырылған. Тәждегі келесі бір жеті сәуле - жеті өзеннің және жеті құрлықтың белгісі. Сондай-ақ мүсін орнатылған іргетастың ішінде таңқаларлық мұражай бар.
4
Эйфель мұнарасы (фр. Tour Eiffel) - Париждің ең танымал сәулеттік туындысы. Өзінің әйгілі құрастырушысы Густав Эйфельдің атымен аталған. Париждің бұл нышаны уақытша ғимарат ретінде, 1889 жылғы әлемдік көрменің кіреберіс дарбазасы қызметін атқару үшін жобаланып, салынған болатын. Манхеттендегі Крайслер салынғанға дейін 40 жыл бойы әлемдегі ең биік мұнарасы болып саналды. Телетех Һолідаy тур фирмасы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша, әлемнің 7 кереметінің ішінде Эйфель мұнарасы екінші орында тұр. Осы уақытқа дейін мұнараның үшінші қабатына 200 млн адам көтерілген. Ол бүгінде Францияның символына ғана айналып қоймай, жылына 53 миллион евро әкелетін үлкен табыс көзіне айналды. 2007 жылы Эйфел мұнарасының 120 жылдық мерейтойы аталып өткен болатын. 2005 жылы осы мұнараның астына су қатырылып, мұз айдыны жасалынды.
5
Лувр (Лоұвре) — Париж қаласындағы сәулет ескерткіші, өнер мұражайы. Алғаш француз патшаларының сарайы, кейіннен үздік өнер туындыларын сақтайтын мәдениет ордасы ретінде, ескі қамал орнына 13 — 14 ғасырларда тұрғызылған. 17 ғасырдың 2-жартысында Лувр патша сарайы болудан қалып, патшаның жеке көркемсурет коллекциясын сақтау ордасына айналды. 1791 ж. революция Конвент декреті негізінде Лувр өлттық көркемсурет мұражайы мәртебесін алып, 1793 ж. 8 қарашадан халыққа қызмет көрсете бастады. Мұражайдың негізін бұрынғы корольдік мұралар жинағы, сондай-ақ монастырлар мен шіркеулерден және бай әулеттерден жиналған, жалпы ұлттық мүддеге қызмет еткен коллекциялар құрады. Лувр экспонаттары Наполеон жаулап алған елдердің қымбат қазыналарымен, шетелден сатып алынған өнер туындыларымен, түрлі қайырымдылық шаралардан түскен бұйым, заттармен толықтырылды. 20 ғасырдың 90-жылдарындағы кескіндеме мен мүсіндеме каталогі бойынша Лувр қоры 30 мыңдай болған. Мұражай 6 бөлімнен тұрады: Шығыс мәдениеті, Көне Мысыр жәдігерлері, Грек — рим жәдігерлері, Мүсіндеме, Кескіндеме және сурет, Қолданбалы безендіру өнері. Луврда дүние жүзінде аса қомақты саналатын шығыс елдері жәдігерліктері жинақталған. Сондай-ақ француздың таңдаулы өнер қайраткерлерінің туындылары қойылған. Картиналар галереясы бай.
6
Батыс Еуропаның ортағасырлық өнер тарихында Франция мемлекеті қай кезеңде болса да жетекшілік рөл атқарғандығы мәдениет тарихынан белгілі. Сондықтан да болар, Франция романдық кезеңде сәулетшілік өнердің жетістіктері мен ізденістерінің негізгі орталықтарының біріне айналады. Осы бір қасиетті елдің сәулет өнері саласындағы тамаша да, айбынды ескерткіштерінің бірі — романдық стильдің аса көрнекті үлгісі — Париждегі Нотр-дам (Құдай-ана соборы) болды. Шіркеу фасадының ерекше сымбаттылығы, оның геометриялық заңдылықтарға сай салынуы, мұнаралар ансамблінің тұтастығы кез келген адамды бірден баурап алары сөзсіз
7
Мысыр пирамидалары – Мысыр жерінде орналасқан ежелгі пирамидалар кешені. Осынау зор тас құрылыстар Ежелгі Египет перғауындарының сағанасы болып саналады. Сағаналар осыдан 5 мың жыл бұрын салынған. Ең үлкен пирамида Хеопс перғауынның әмірімен тұрғызылған. Оның биіктігі – 147 м. Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың жазбасында пирамиданы 100 мың адам 20 жыл бойы салғандығы айтылады. Пирамидалардың салынуы, құрылысы жөнінде айтылған пікірлер сан алуан. Дегенмен аптапты Египет аспаны астында мыңдаған құл тас қарумен дәу тастарды бөліп алып, оны құрылыс орнына арқанмен сүйретіп жеткізген, пирамида биіктеген сайын тас блоктарды қолмен жоғары көтерген деген пікірлер басым. Алып құрылыстар осы күнге дейін көрушісін қайран қалдырады. Осы пирамидалар Әлемнің жеті кереметінің біріне кіреді.
8
9
Үлкен Каньон (Гранд Цанён), Колорадо Үлкен Каньоны — АҚШ-тың Колорадо үстіртіндегі Колорадо өзенінің аңғары. Дүние жүзіндегі ең терең өзен аңғарларының бірі. Әктас, құмтас және тақтатастан тұрады. Ұзындығы 446 км, тереңдігі 1600 м, ені үстірт үсті бойында 8 — 25 км, түбіне қарай 1 км-дей (жеке бөліктерінде 120 м) болады. Каньон шегінде Колорадо өзен ағысының жылдамдығы 25 км/с. Жер бедерінің өзіндік пішіндері кездеседі (“мұнара”, “қамал”, т.б.), тау жыныстары жалаңаштанған. Үлкен Каньонда Гранд-Каньон ұлттық саябағы құрылған. Туризм дамыған, қ. Каньон.