Бәдік айтысы Бәдік айтысы-айтыстың ең көне түрі. Бір ауруды малды емдеу үшін айтылатын өлең болған. Көшер болсаң, әй, бәдік, арқаға көш әй, Қой ішінде жайылған, марқаға көш бәдік әй, Көшер болсаң, әй, бәдік, жылқыға көш, Жапырақтың ішінде жалқыға көш, әй, көш, бәдік. Көшер болсаң, әй, бәдік, жыланға көш, ай Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құланға көш ай, көш! Көш айласын білмесең, мен айтайын ай, Жердің жүзін қаптаған тұманға көш, көш, көш, көш, бәдік ай!