- Презентации
- Сабақтың тақырыбы: Реттік сан есім (6сынып)
Сабақтың тақырыбы: Реттік сан есім (6сынып)
Автор публикации: Ханов Ш.У.
Дата публикации: 11.11.2016
Краткое описание:
1
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Шаған жалпы орта білім беретін мектебі Сабақтың тақырыбы: Реттік сан есім (6 «а» , «ә» сынып) Пән мұғалімі: Ханов Ш.У 30.11.2016
2
30.11.2016 оқу жылы Сабақтың тақырыбы: Реттік сан есім Сабақтың мақсаты: Білімділік :оқушылардың сан есімдер туралы білімін кеңейту, реттік сан есімнің жасауы туралы түсінік беру, Дамытушылық:сан есімдерге байланысты қызықты граммматикалық тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың ойын дамыту, Тәрбиелік. сан есімдерге қатысты халықтық тұрғыдан тәрбие беру. Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту Сабақтың өтілу әдісі: топтау, тірек сызба, топтық жұмыс,ыстық орындық әдісі, Көрнекілігі: Слайд, кеспе қағаздары, плакаттар, сурет Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
І.Ұйымдастыру кезеңі 1.Оқушылармен амандасу. 2.Сыныпты түгелдеу. 3.Оқушыларды ІІІ топқа бөлу. Оқушыларды боймен сапқа тұрғызып, бірінші, екінші, үшінші деп санатып, біріншілер бірінші топқа, екіншілер екіншітопқа,үшіншілер үшінші топқа жайғасады. І топ: «Бірінші» топ ІІ топ: «Екінші» топ ІІІ топ: «Үшінші» топ
4
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау 133 –жаттығу. Газет-журнал мақалаларынан есептік сан есім түрлеріне (дара,күрделі) он мысалдан теріп жазыңдар. «Ыстық орындық» әдісі
5
Бағалау 1.Есептік сан есімнің ережесін білуі, 2.Мысалдар келтіре алуы, 3.Ізденуі мен қызығушылығы.
6
«Стоп кадр» әдісі Суреттегі қателіктерді тап? Сен бұл жағдайда не істер едің? Осы жіберген қателікті түзету үшін не істеу керек? І топ: Киім ілгіш ІІІ топ: кітапхана ІІ топ: Асхана
7
ІІІ.Жаңа тақырып Реттік сан есім Заттың саналудағы ретін (қатарын) білдіретін сан есімдер реттік сан есімдер деп аталады. Нешінші? Сұрақтары Жасалу жолы Негізгі түбір сан есімге –ншы, -нші,-ыншы,-інші жұрнақтарын жалғау арқылы: бір+інші,алты-ыншы, Құрамы Дара: бірінші, тоқсаныншы, сегізінші, Күрделі тіркесті сөз: он бірінші, отыз сегізінші
8
Реттік сан есімдер цифрмен берілгенде қалай жазылады: Реттік сан есімдерараб цифрымен берілсе, -ыншы,-інші,-ншы, -нші жұрнағының орнына дефис (-) қойылады Реттік сан есімдер римцифрымен берілсе, -ыншы,-інші,-ншы,-нші жұрнағының орнына дефис қойылмайды Реттік сан есім араб цифрымен берілсе де, жыл,ай, ғасырдан кейін дефис қойылмайды. 6-сынып, 2-орын, 5-қабат, 11-ықшамаудан, ХХІ ғасыр , VІ сынып, ІІ том, Vбөлім,т.б. 2014 жыл, 22 наурыз, 1 мамыр, 21 ғасыр
9
Нешінші жылы,қай айда тудың? Ата –анаңның нешінші перзентісің? Қай жылы бірінші сыныпқа оқуға бардың? Қазір нешінші сыныпта оқып жүрсің? Сыныпта нешінші қатарда, қай орында отырасың? Қандай жарыстарға қатыстың? Нешінші орындарға ие болдың?
10
Оқулықпен жұмыс І топ: 134-жаттығу. Сан есімдерді теріп жазып, реттік сан есімге айналдырыңдар (Арман-ПВ) ІІ топ: 135-жаттығу. Есептік сан есімдерден реттік сан есім жасаңдар. (Арман-ПВ) ІІІ топ: 111-жаттығу. Берілген есептік сан есімдерден реттік сан есім жасап, оларды сөзбен жаз. 7,10,1,3,100,28,37,695,470,259,627,1992,187,396,26
11
Топтық тапсырма (постер) І топ: Егер әлемде заттардың реттілік қатары сақталмаса қандай жағдай болар еді? ІІ топ: Сандардың ретімен орналасуы, адамзатқа қандай пайдасын тигізді? ІІІ топ: Сан есім сақталмаса да реттілік сақталатын, құралдар, құбылыстар, іс-әрекеттерді ата
12
Бағалау 1.Реттік сан есімнің ережесін білуі, 2.Сөйлемдерді құрауда реттік сан есімдерді дұрыс қолдана алуы, 3.Реттік сан есімдердің маңыздылығын дәлелдеуі,
13
Рефлекция Білмедім Орташа Білдім Оқушылар бүгінгі тақырыптан білім нәрінің суын қаншалықты қанып іштіңдер
14
Үйге тапсырма 137-жаттығу. (Арман-ПВ) 113-жаттығу (Атамұра) Үздік көшбасшы кім?. Бағалау