7
  • Презентации
  • Материал қосу. материал қасиеті, текстура, нысанды тегістеатериал қосу. материал қасиеті, текстура, нысанды тегістеу тақырыбына арналған презентация

Материал қосу. материал қасиеті, текстура, нысанды тегістеатериал қосу. материал қасиеті, текстура, нысанды тегістеу тақырыбына арналған презентация

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:

1
Сабақ тақырыбы: Материалды қосу, материал қасиеті, Blender-дегі текстура, Ble...
Сабақ тақырыбы: Материалды қосу, материал қасиеті, Blender-дегі текстура, Blender-дегі материалдар. Нысандарды тегістеу
2
Сахнада құрылатын нысандар бірыңғай сұр түсті болып келеді. Сіз объектінің с...
Сахнада құрылатын нысандар бірыңғай сұр түсті болып келеді. Сіз объектінің сыртқы көрінісін текстура және түс беру арқылы бақылай аласыз. Материал объектіге түрлі эффектілер арқылы шынайылық береді. Сіз жылтырлықты (specularity), түстік түрленуді, мөлдірлікті сонымен қатар материал үлгісінің қайталануын басқара аласыз. Жарық сәулесі жолын (Raytracing) пайдалану арқылы айналық бейне алуға (mirror) және шағылысу эффектісін (refraction) тудыруға мүмкіндік береді. Осылайша нысанды модельдеуде оның тек формасын жасап қана қоймай, оған өзіне тиісті қасиеттерін де берсек, моделіміз неғұрлым шынайылыққа жақын болмақ. Сондықтан да нысанға материал баптауын жүргіземіз. Нысан неғұрлым шынайы көріну үшін не істеу керек?
0
 
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Материал дегеніміз – нысанның сыртқы түрін баптауға мүмкіндік беретін қасиетт...
Материал дегеніміз – нысанның сыртқы түрін баптауға мүмкіндік беретін қасиеттер сақталған модуль. Материалды қосу үшін Shading (F5) батырмалар панелінен Material buttons батырмасын таңдаймыз. Сурет 32 Материал қосу батырмасы
4
Нысанға түс беруді екі түрлі әдіспен жүзеге асыруға болады: 1) Material қалта...
Нысанға түс беруді екі түрлі әдіспен жүзеге асыруға болады: 1) Material қалташасындағы Col (color) батырмасын шертіп, осы жерде R (red), G (green), B (blue) қозғалтқышын жылжыту арқылы керек түсті аламыз, 2) Col батырмасының сол жағында орналасқан түс палитрасына басып, сол жерден керекті түсті таңдаймыз.
5
Material панеліндегі Alpha (A) қозғалтқышын қозғалту арқылы материал түсін ре...
Material панеліндегі Alpha (A) қозғалтқышын қозғалту арқылы материал түсін реттейміз. Ал нысанға мөлдірлілік қасиет беру үшін Mirror Transp панеліндегі Ray Transp (transparent – мөлдір) батырмасы көмегімен немесе Links and Pipeline панелінен Ztransp құралын пайдалану арқылы орындаймыз. Айналамыздағы кейбір заттар түссіз болуы да мүмкін. Мысалға алып қарайтын болсақ, су, әйнек түссіз мөлдір болып келеді.Blender бағдарламасында осындай түссіз денелерді модельдеу үшін Альфа (Alpha) қасиеті бар.
6
Blender бағдарламасында айналық бейне жасау мүмкіндігі бар. Нысанға айналық к...
Blender бағдарламасында айналық бейне жасау мүмкіндігі бар. Нысанға айналық көріністі Mirror Transp панелінен Ray Mirror батырмасын басып, RayMir қозғалтқышын арттыру арқылы бере аламыз. Айналық бейне
7
Материалды құрайтын бағдарлы негізгі элементтерді – текстура деп атаймыз. Үш...
Материалды құрайтын бағдарлы негізгі элементтерді – текстура деп атаймыз. Үшөлшемді графикадағы текстура – нысанның бетіне өң, түс, түр немесе бедердің алдамшы көрінісін беру үшін қолданылатын растрлық сурет. Blender бағдарламасында нысанға текстура беру үшін келесідей әрекеттерді орындау керек. Shading (F5) батырмалар топтамасына немесе Texture Buttons батырмаларына жүгіну керек. Нысанға бірінің үстіне бірін қабаттастыра бірнеше текстура беруге болады. Егер текстура қабаттардан тұрса, онда Texture панелінде қабаттар бағанында «Тex» деген сөз жазылады. Texture Type тізімінің ішінен керекті текстураны таңдап жұмыс жасай бересіз. Текстура
8
Шумен бұрмалау Плагин Шу Араластыру Әсемдеу Ағаш Мәрмәр Бұлт Орта картасы Сур...
Шумен бұрмалау Плагин Шу Араластыру Әсемдеу Ағаш Мәрмәр Бұлт Орта картасы Сурет Blender бағдарламасында текстура түрлері
9
Нысанға текстураны қоя салумен жұмыс бітпек емес. Нысанды шынайылыққа неғұрлы...
Нысанға текстураны қоя салумен жұмыс бітпек емес. Нысанды шынайылыққа неғұрлым жақын көрсету үшін текстураның баптауларын өзгерту керек. Бұл баптауларды Texture Buttons жіне Material buttons батырмалар панелінде реттейтін боламыз. Мысалы, су бетінде қалқып тұрған ағашты бейнелеп көрейік.
10
Судың толқындарын жасау үшін жазықтыққа Clouds (бұлт) текстурасын таңдаймыз....
Судың толқындарын жасау үшін жазықтыққа Clouds (бұлт) текстурасын таңдаймыз. Material buttons панелінен Material мен Map To батырмаларын шертеміз. Бедерлері жасау үшін 37 суреттегідей Nor батырмасын шертетін боламыз. Бедерлілік мөлшерін тышқанды қозғалту арқылы реттейміз. Сурет 37 Су текстурасы баптау панелі
11
Суда қалқып тұрған ағаштың көрінісін алу үшін ең әуелі ағаштың өзін цилиндр н...
Суда қалқып тұрған ағаштың көрінісін алу үшін ең әуелі ағаштың өзін цилиндр нысаны көмегімен саламыз және оған 38 суреттегідей Wood текстурасын береміз. Текстураны таңдаған сәтте оның баптаулар панелі пайда болады. Текстураның түсін Material buttons батырмаларын баптау арқылы береміз. Сурет 38 Ағаш текстурасы баптау панелі
12
Текстура кез-келген сканерленген фотографиядан немесе кез-келген бейнелік ре...
Текстура кез-келген сканерленген фотографиядан немесе кез-келген бейнелік редакторда жасалған объекті болуы мүмкін. Кез-келген форматтағы (jpeg, bitmap, png) суреттерді де қолдануға болады. Көп қолданыстағы текстураның бірі Image текстурасы. Оның көмегімен стандартты текстурадан бөлек, өзіміз қалаған суретті текстура ретінде нысанға жапсыра аламыз. Image текстурасын таңдағаннан кейін Load батырмасына басып, қойылатын суреттің тұрған жеріне сілтеме жасалынады.
13
Blender бағдарламасында Mesh нысандар нысанды режимде де, нысанды редакторлеу...
Blender бағдарламасында Mesh нысандар нысанды режимде де, нысанды редакторлеу режиміндеде тегістелмеген түрде болады. Оны нысанның бөлшектерінің қырларынан көре аламыз. Программада осы тегістеу жұмысы Set Smooth батырмасы арқылы орындалады. Set Smooth тегістеу батырмасы терезесі Нысанды режімде Set Smooth тегістеу батырмасын басатын болсаңыз тегістеу жұмысы сахнаның барлық барлық нысандарына қолданылады. Редакторлеу режімінде қолданатын болсақ, тек ерекшеленген нысандарға ғана тегістеу жұмысын қолдана аламыз.
14
Ал тегістелген нысанды қайтадан рельефті қалпына келтіру үшін Set Solid батыр...
Ал тегістелген нысанды қайтадан рельефті қалпына келтіру үшін Set Solid батырмасын басамыз. Енді бір тегістеу тәсілінің бірі SubSurf модификаторы арқылы тегістеу. Бірінші суретте SubSurf модификаторы арқылы тегістеу жүргізілген шарлар берілген. Екіншісінде Set Solid модификаторы арқылы тегістелген шарлардан да айырмашылығы айқын көрінеді. Сурет 31 SubSurf модификаторы баптау терезесі
 
 
X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте её своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить презентацию