- Презентации
- Информатика пәнінен презентация MS Access
Информатика пәнінен презентация MS Access
Автор публикации: Серубай А.Қ.
Дата публикации: 26.11.2016
Краткое описание:
1
Алматы обласы Қаратал ауданы ТАҚЫРЫБЫ: «MICROSOFT ACCESS МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫМЕН ЖҰМЫС» Орындаған: Р. Қошқарбаев атындағы МДШО бар орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Серубай Айгерім Үштөбе қаласы 2016-2017 оқу жылы
2
Жоспар Microsoft Access мәліметтер қоры бойынша жалпы мәлімет Microsoft Access мәліметтер қорының басты нысандары Кесте. Кестерлер туралы мәлімет. Кестелерді құру Мәліметтердің типі Бастапқы кілт Сұрату объектісі Форма объектісі Есеп объектісі Қорытынды
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Microsoft Access Wіndows операциялық жүйесінде шағын МҚ құрудың ең қуатты, жылдам өңдеуші программаларының бірі — Mіcrosoft Access. Ассеss – дүниежүлік қолданушылары сәтті қолданылатын ең белгілі МҚБЖ –ның бірі болып табылады. Сұрақтар: Access мәліметтер қоры қандай компанияның өнімі? Access мәліметтер қорын ДК-де қандай командалар арқылы қоса аламыз?
4
Microsoft Access – тің негізгі объектілері Кестелер –БҚның негізгі объектілері, олар жазбалар мен өрістерден тұрады. Кестелерде берілгендер сақталады. Сұраныстар Берілгендерді бір немесе бірнеше кестелерді қолданушының анықтаған шарты бойынша іріктеп алуға арналған құрал. Сұраныстар көмегімен берілгендерді зерттейді, фильтрлейді, таңдайды, өзгертеді, біріктіреді, яғни, өңдейді. Формалар – Кестелер мен сұраныстардағы берілгендерді ыңғайлы экранға бейнелейтін және басқаратын құрал. Есептер – Кестелер мен сұраныстардағы берілгендерді ыңғайлы және көрнекі түрде басып шығару құралы. Есеп парақтары түзілгеннен кейін ондағы берілгендерді редакциялауға болмайды. Макростар – Макрокомандалар жиынтығы. Егер БҚ-да қандайда бір операциялар жиі орындалатын болса, онда олардың командалардың бір макроста жинап, оған клавиштер комбинациясын сәйкес қоюға болады. Модульдер – Бұл Visual Basic тілінде жазылған программалық процедуралар. Егер Ассеss-тің стандарттық құралдары қажетті талапты қанағаттандыра алмаса, онда, программист процедуралар көмегімен жүйенің мүмкіндігін кеңейте алады.
5
Microsoft Access мәліметтер қорының басты нысандары Кесте (Таблица) — МҚ-да берілген мәліметтерді объективті түрде сақтау үшін қолданылады. Кесте өрістерден (қатарлар) және жазбалардан (жол) тұрады. Бұл объектіде жазбалардың бір нұсқасы сақталады.
6
Сұрату (Запрос) — бір немесе бірнеше кестелерден мәліметтерді таңдау үшін құрылады. Сұратудың орындалу нәтижесі кесте түрінде көрсетіледі және МҚ-дағы басқада кестелер қолданылады. Сұратудың көмегімен кестеге басқада мәліметтерді енгізуге немесе керек мәліметтерді өшіріп тастауға болады.
7
Форма — кестедегі немесе сұратудағы мәліметтерді қысқа және қолайлы түрде көру үшін және жаңа мәліметтерді енгізу үшін қолданылады. Формада суреттер, графиктер, басқа да объектілер, мәліметтерді өңдеу үшін жазылған процедуралар болуы мүмкін.
8
Есеп беруші (Отчеты) — кестеде немесе сұратуда берілген мәліметтерді баспаға шығару үшін пайдаланылады. Mісrosoft Access құрылымында есептің әртүрлі формалары қолданылады. Есепте формадағыдай Vіsual Basіc тілінде жазылған процедуралар болады.
9
Макростар — Mісrosoft Access құрылымында қайталанатын операцияларды автоматтандыру үшін қолданылады. Макростың 7 әрбір жұмысы макрокомандалармен жүзеге асады. Макростарды құру үшін керекті макрокомандаларды беру және параметрлерін енгізу арқылы жүзеге асады. Модуль — Vіsual Basіc тілінде құрылған процедуралардан тұрады. Макросты қолданушылар стандартты емес мәліметтерді және функцияларды өңдеу үшін функционалды процедуралар құрады.
10
3. Кесте. Кестерлер туралы мәлімет. Кестелерді құру Access мәліметтер қорын ДК қандай (Бастау – Microsoft пакеті – Microsoft Access) командалар арқылы қосу. Жаңа мәліметтер қорын құру командасын таңдау.
11
Кесте құру үшін тінтіуірдің көмегімен Кесте объектісін екпінді етіп алу керек. Содан кейін, “Құру (Создать) ” батырмасын басс “Жаңа кесте” сұқбат терезесі ашылады. Бұл сұқбат терезесінде кесте құрудың түрлері көрсетілген: Кестелік тәртіп (Режим таблицы) — әр бағдарламадағы өріс аттарын енгізу арқылы кесте құрады. Конструктор — өріс тізімдерін жазу арқылы және ол өрістің қасиетін беру арқылы кесте құрады.
12
4. Деректер типтері Мәтіндік (Текстовый) — бұл өріс мәтіндерді қабылдайды. Көбінесе қасиеті көрсетілмеген өрістерге көп қолданылатын қасиет ретінде беріледі. МEMO өрісі — ашық өріс, ескертулер, түсініктемелер жазылады. Сандық (Числовой) — бұл өріске бүтін, бөлшек сандарды енгізуге болады. Бұл өріске сандық құрамы жоқ сандар, мысалы: телефон номерлерін де енгізуге болады. Күн/Уақыт (Дата/время) — әртүрлі форматтағы уақыт мәндерін енгізуге болады. Қаржылық (Денежный) — өлшемі қаржыға, ақшаға байланысты мәндерді қабылдайды. Санауыш (Счетчик) — автоматты түрде толтырылып отырылатын, нақты мағына бермейтін, кесте бастамасы ретінде қолданылатын өріс. Осы бөлімде біз ID деген жаңа анықтамамен кездесеміз. Идентифика́тор, ID (англ. data name, identifier — опознаватель) — объектігің ерекше белгісі, басқа объектілерден айырмашылығы. (уникальный признак объекта, позволяющий отличать его от других объектов. ) Логикалық (Иә/Жоқ) — бұл өріс тек екі логикалық мәннің біреуін ғана қабылдайды: Иә (Yes) , Жоқ (No) . OLE өрісі — объектілер орналастыруға болатын өріс. Мысалы: суреттер. Гиперсілтеме (Гиперссылка) — өрісте URL және UNC адрестері сақталады.
13
Бастапқы кілт Өздеріңізге белгі кез келген реляциондық деректер қорындағы кестелерде бастапқы кілт (Primary key) болады. Бастапқы кілтке сипаттама беріп кетейік. Қажеттілік Әрбір жеке кестенің тек қана бір бастапқы кілті болуы қажет. Естеріңізде болса, реляциондық модель кез келген кестені көптеген реттелмеген қатарлар ретінде қарастырады. Ешқашан null мәнін қабылдамайды Бастапқы кілттің кез келген мәні бос болуы мүмкін емес. Сондықтан, қарапайым немесе жалғамалы кілттер де бос мағынаға ие бола алмайды. Өзгермейтінділік Бұрын немесе жаңадан құрылған бастапқы кілттер қатарда қабылдаған мәндерін өте сирек ауыстырады.
14
Сұрату (Запрос) — арқылы бір уақытта бірнеше кестелерден мәліметтерді таңдауға болады. Жалпы Сұрату дегеніміз бір немесе бірнеше кестеде кейбір әрекеттерді орындау үшін қойылатын талаптар. Мұндай талаптар арнаулы тілде (SQL) бағдарламаланады. Сұрату — қолданушылардың талабы бойынша шарттарға байланысты бір немесе бірнеше кестелердегі жазуларды таңдап, жеке құжат ретінде пайдаланады. Mісrosoft Access-те мұндай сұратудың бес түрі бар: таңдамалы, параметрлі, айқастырылған және нәтижелі сұрату. МҚ-да көбінесе Таңдамалы сұрату қолданылады.
15
Форма объектісі Форма-кестедегі немесе сұратудағы мәліметерді қолданушылар қысқа және қолайлы түрде көру үшін қолданылады. Форманың көмегімен кестеге басқада қосымша өзгерістер енгізуге болады. Формада суреттер, графиктер немесе басқада жаңа енгізілген объектілерді және мәліметтерді өңдеу үшін Vіsual Basіc тілінде жазылған процедуралар болуы мүмкін. Форма нысаныны қолдану үшін Создание - Форма командасын таңдау керек. Әр нысанмен танысу. Кестелерге форма нысанымен мәліметтерді енгізу.
16
Есеп объектісі Есеп беруші (Отчеты) — кестеде немесе сұратуда берілген мәліметтерді баспаға шығару үшін қолданылады. Mісrosoft Access-теесептің әртүрлі формалары қолданылады. Кейбір есептер негізгі мәліметтерді шығару үшін қолданылады, олармен қатар есепке басқа МҚ-нан мәліметтер енгізуге болады. Жай есептер Автоесеп беруші ісмерінің көмегімен құрылады. Кестеден немесе сұратудан автоматты түрде есеп құрудың Ленталы және Бағаналы түрлері болады. Автоесеп құру үшін: 1. Есеп беруші (Отчеты) қосымшасында ашылған тізімнен Жаңа объект (Новый объект) жолы таңдалады, ашылған сұқбат терезеден Жаңа есеп (Новый отчет) жолын таңдау керек. 2. Автоесеп беруші : бағаналық (Автоотчет: в столбец) , Автоесеп: ленталық (Автоотчет: ленточный) вариантын таңдау керек. 3. Ашылған терезеден есеп құруға негіз болатын кестені немесе сұратуды таңдау керек. 4. ОК батырмасына басса, экранда есеп берушінің құрылымы көрсетіледі. 5. Егер есеп беруші керек болса , оны баспаға шығарып немесе терезені жабу қажет. Шебердің көмегімен есеп беруші құру. Есеп беруші ісмері (Мастер отчетов) — есеп беруші көрсетілетін өрістерді таңдау және мәліметтерді топтау, өңдеу, форматтау мүмкіндіктерін береді.
17
Үлестірмелі карточкалар: Microsoft Access мәліметтер қорының басты нысандарын атап өтіңіз: ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Microsoft Access мәліметтер қорының деректер типтері? ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Бастапқы кілт туралы не түсіндіңіз? ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Сұрату объектісінің қандай түрлері бар? ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Форма объектісі не үшін қолданылады, оны қандай командалар арқылы шақырамыз? ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________