Презентация на тему Алгоритм
Автор публикации: Жансейтова А.Н.
Дата публикации: 27.04.2016
Краткое описание:
1
![«Алгоритмдер және оны орындаушылар» А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп Пән мұғ...]()
«Алгоритмдер және оны орындаушылар» А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп Пән мұғалімі: Жансейтова Айдана
2
![АЛГОРИТМ ТҮСІНІГІ Алгоритм - информатика пәнінің негізгі ұғымдарының бірі.Ком...]()
АЛГОРИТМ ТҮСІНІГІ Алгоритм - информатика пәнінің негізгі ұғымдарының бірі.Компьютерді қоғам өмірінің қай саласында болмасын пайдалана білу үшін алгоритм ұғымын меңгеру керек.
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
![«Алгоритм» сөзі мағынасы жағынан нұсқау, жарлық, рецепт, ереже, тәртіп, заң,...]()
«Алгоритм» сөзі мағынасы жағынан нұсқау, жарлық, рецепт, ереже, тәртіп, заң, жоба сөздеріне синоним болып келеді. Алгоритм сөзі Орта Азияның ортағасырлық ұлы ғалымы - Мұхамед ибн Мұса әл- Хорезмидің атымен байланысты шыққан. Ол өзінің «Арифметикалық трактат» деген еңбегінде арифметикалық амалдарды орындау тәртібін ұсынған.
4
![Анықтама. Алгоритм деп алдын-ала анықталған мақсатқа жету үшін, есептің шешім...]()
Анықтама. Алгоритм деп алдын-ала анықталған мақсатқа жету үшін, есептің шешімін табу үшін орындаушыға (адамға, компьютерге және т.б.) берілген түсінікті нұскаулардың тізбегін айтады.
5
![Алгоритмді беру және сипаттау тәсілдері Алгоритмдегі жарлықтардың, нұсқаулард...]()
Алгоритмді беру және сипаттау тәсілдері Алгоритмдегі жарлықтардың, нұсқаулардың берілу түріне қарай алгоритмді жазу әдістерін ажыратуға болады. Орындаушының өзіне тән біліміне байланысты арнайы таңбалар, сөздер, іс-қимылдар, схемалар арқылы алгоритмдерді жазудың тәсілдерін ұйымдастыруға болады.
6
![Мысалы, цирктегі кұстар мен жануарларға алгоритмдер арнайы дауыстар, іс-кимыл...]()
Мысалы, цирктегі кұстар мен жануарларға алгоритмдер арнайы дауыстар, іс-кимылдар арқылы, автокөлікті жүргізу алгоритмі, телевизор, магнитофонды жүмыс істету алгоритмі арнайы пернелерді басу, бұрау арқылы жүзеге асырылады, т.с.с. әртүрлі таңбалармен, белгілермен берілген алгоритмдер көп кездеседі.
7
![Орындаушы - адам болатын жағдайда алгоритм көбінесе сөзбен жазылады. Сөзбен ж...]()
Орындаушы - адам болатын жағдайда алгоритм көбінесе сөзбен жазылады. Сөзбен жазылған алгоритмдер, ретпен орналасқан сөйлемдерден (нұсқаулардан) тұрады. Сонымен бірге алгоритмдер арнайы таңбалар, блок-схемалар, формулалар, кесте түрінде, ноталар (сазгерлер үшін) арқылы жазылады.
8
![Алгоритмді беру үшін оның келесі элементтерін сипаттау керек: алгоритмді баст...]()
Алгоритмді беру үшін оның келесі элементтерін сипаттау керек: алгоритмді бастау ережесі, мүмкін алғашқы мәліметтер, аралық мәліметтер және қорытынды нәтижелер жиынтықтарын қүрайтын объектілер жиыны, мәліметтерді тікелей өңдеу ережелері (қимылдар тізбегінің сипаттамасы), нәтиже алу ережелері, алгоритмді тәмамдау ережелері,
9
![Алгоритмдерді сипаттаудың негізгі әдістері: сөзді-формулалы; қүрылымдық немес...]()
Алгоритмдерді сипаттаудың негізгі әдістері: сөзді-формулалы, қүрылымдық немесе блок-сызбалық, программалау тілдері көмегімен.