- Презентации
- Тәрбие сағаты Гепатиттің алдын алу тақырыбынан презентация
Тәрбие сағаты Гепатиттің алдын алу тақырыбынан презентация
Автор публикации: Рысдаулетова А.А.
Дата публикации: 12.04.2016
Краткое описание:
1
Сары түс – жеңілдік пен қуанышты, сабырсыздықты, нұр сәулені білдіреді. Қуаныштың, күн шапағатының нышаны. Сары түс адамды болашаққа бағыттайды, жаңалыққа талпындырады, дамушылыққа құштар етеді. Сары түске құмар адамға тұрақсыздық тән. Жасыл түс – еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті, өзімшілдікті, «Мен» деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді. Бұл түсті таңдағандар – өзінің құндылығына деген сенімді жоғарылатқысы келетіндер, айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адамдар. Сондай-ақ, бұл түс тәкаппарлықтың нышаны. Күлгін түс - адамның тілегені мен қиялындағысы ақиқатқа айналады деген үміттің нышаны. Асыл арман мен көркем қиялдың түсі. Бұл түсті таңдағандар тек өзгелерді таң қалдырғысы немесе сүйсіндіргісі келмейді, өзін де таң қалдырғанды қалайды.
2
Денсаулық - адам өміріндегі басты құндылық. Егер адам ақылға салып, табиғаттың өзіне сыйлаған мүмкіндіктерін орынды пайдаланып, гигиеналық тәртіпті бұзбай жүрсе, денсаулығына зиян келтірмей, ұзақ өмір сүрген болар еді. Дегенмен, бүгінгі таңдағы алаңдататын ең басты мәселе қоршаған ортаның ластануы, осыған қоса дұрыс күтімнің, жеке бас тазалығының болмауы. Осының салдарынан көп тарайтын аурудың бірі - сары ауру.
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
4
Вирустық гепатиттер- бұл бақытсыз отбасы іспетті, құрамында кем дегенде бес мүше, вирустық гепатит (А, В, Е, С, D) бар. Олардың әр біреуінде симптоматика мен салдар, бір-бірінен өзгеше. Олар бес түрлі аурудың алғышарты болып табылады.
5
Қазіргі таңда гепатиттің алдын-алу шаралары қандай? Топпен жұмыс жасау (Әр топтан бір дәрігер сайланып, қосымша ресурс парақтарын пайдалана отырып постер дайындайды, топтық жұмысты қорғайды).
6
Е вирустық гепатит жұғу тәсілі бойынша А вирустық гепатитке жақын. Ал, Е вирустық гепатит, бөлек бір ауру екенін, 80-жылдары- М.С.Балаян дәлелдеді. Статистикалық мәлімет бойынша Е вирустық гепатитке шалдыққандардың көбі ер адамдар. Е вирустық гепатит жүкті әйелдер үшін өте кауіпті.
7
Орта Азия мен Қазақстанда Е вирустық гепатитті алдын алу үшін, тек қайнаған суды ішу қажет. Өйткені ыстық судағы Е вирустық гепатитінің жұқпалары өліп, жойылады. Е вирустық гепатитінің жұқпалары үшін Оңтүстік-шығыс Азия (Үндістан, Бирма, Қытай), Африка, Орталық Америка ең қолайлы мекен.
8
9
10
11