- Презентации
- Жәй және күрделі эфирлер
Жәй және күрделі эфирлер
Автор публикации: Есеева У.К.
Дата публикации: 15.03.2016
Краткое описание:
1
Тақырыбы: Жәй және күрделі эфирлер
2
Жоспары: I бөлім Жалпы шолу. Эфирлер Жәй эфирлер Күрделі эфирлер
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
4
Жалпы шолу. Эфирлер Эфирлер – құрамында оттек бар органикалық қосылыстар. Олар жай және күрделі эфир болып негізгі екі топқа бөлінеді. Жай эфирдің жалпы формуласы R – O – R немесе R– O– R (R, R – органикалық радикалдар). Екі радикалы бірдей жай эфир– симметриялы эфир радикалдары әр түрлі жай эфир аралас эфирдеп аталады. Жай эфир өздерінің құрамындағы радикалдар бойынша аталады: СН3–О–СН3 диметил эфирі, СН3–О–С2Н5 метил-этил эфирі, т.б. Жай эфирлер ұнамды иісті, суда нашар еритін, ұшқыш, органикалық еріткіштерде жақсы еритін, сілтілер мен сілтілік металдар әсеріне тұрақты, бейтарап, активтігі нашар қосылыстар.
5
6
Жәй эфирлер Жай эфирлер молекуласындағы екі көмірсутек радикалы оттек атомы арқылы байланысқан қосылыстар. Жай эфирлердің жалпы формуласы: R — О — R. Жай эфирлерді су молекуласындағы екі сутек атомының орнын алкил топтары басқан қосылыстар деп қарауға болады. Формулада екі радикал бірдей немесе әр түрлі болуы мүмкін. Әр түрлі радикалдары бар эфирлерді аралас эфирлер деп атайды.
7
Күрделі эфирлер Күрделі эфирлер табиғатта кең тараған. Олар биологиялық өте маңызды қосылыстар. Гүлдер мен жемістердің құрамында күрделі эфирлер болуына байланысты олардың хош иістері болады. Өсімдік және жануарлар майлары күрделі эфирлерге жатады.
8
II бөлім Атаулары Изомерлері Алынуы
9
Атаулары Жай эфирлер оттек атомымен байланысқан көмірсутектердің аттары бойынша аталады. Егер екі бірдей радикал болса, ди- қосымшасы қосылады. CH3-O-CH3 - диметил эфирі CH3-O-C2H5 - метилэтил эфирі
10
Күрделі эфирлердің аттары олардың құрамына кіретін қышқылдар мен спирттердің қалдығынан құралады (27-кесте). Халықаралық номенклатура бойынша қышқылдың атына спирт радикалының атын қосымша етіп, -оат жалғауын жалғап атайды: H - COOC2H5 - құмырсқа қышқылының этил эфирі (этилформиат немесе метилметаноат) CH3 - COOC2H5 сірке қышқылының этил эфирі (этилацетат немесе этилэтаноат)
11
Изомерлері Жай эфирлердің оттекпен байланысқан радикалдар бойынша изомерлері болады. Сонымен қатар жай эфирлер жалпы формуласы СnН2n+2O бойынша спирттерге изомер болып келеді. С4Н10О-ның изомерлері: СН3 — O — CH2 — CH2 — CH3 - метилпропил эфирі CH3 — CH2 — O — CH2 — CH3 - диэтил эфирі C4H9OH - бутанол, т.с.с
12
Күрделі эфирлердің изомерлерін оны құруға қатысқан қышқыл мен спирттің радикалдарына байланысты топтардың изомерленуі бойынша анықтайды. Күрделі эфирлер карбон қышқылдарымен класаралық изомерлер. Мысалы, С3Н6O2 изомерлері:
13
...
14
...
15
Алынуы Жай эфирлер табиғатта кездеспейді, оларды синтездік жолдармен алады. Минерал қышқылы қатысында спирттерді молекулааралық дегидратациялап алады: С2Н5ОН + НОС2Н5 → С2Н5 - О - С2Н5 (диэтил эфирі) Алкоголяттарды галогеналкилдермен әрекеттестіріп алады: C2H5ONa + СН3І → С2Н5 - О - СН3 + Nal (метилэтил эфирі)
16
1.Күрделі эфирлер көбіне табиғи өнімдерден алынады. 2.Этерификация реакциясында карбон қышқылдары мен спирттерді минерал қышқылдар қатысында әрекеттестіріп, нәтижесінде, күрделі эфир мен су түзіледі. Эфирлену реакциясы кезінде карбоксил тобының гидроксилі мен спирт молекуласындағы сутектен су молекуласы түзілетіні реакцияға изотоптар енгізу арқылы анықталды. Құрамында оттектің 180 изотопы бар спиртпен әрекеттестіргенде, оттектің ауыр изотопы судың емес күрделі эфирдің құрамында екендігі белгілі болды:
17
Этерификация реакциясының жылдамдығы қышқыл мен спирттің құрылысына байланысты. Екіншілік спирттерге қарағанда біріншілік спирттердің реакция жылдамдығы екі есе жоғары.
18
3.Күрделі эфирлерді қышқылдың галогенангидридтерін және ангидридтерін спирттермен әрекеттестіріп алады. Мысалы:
19
20
III бөлім Физикалық қасиеттері Химиялық қасиеттері
21
Физикалық қасиеттері
22
Химиялық қасиеттері Жай эфирлер — инертті қосылыстар. Олар гидролизденбейді. Концентрациялы күкірт қышқылын қосып қыздырғанда, олар сульфат түзеді: С2Н5—O—С2Н5 + H2SO4(конц.) → C2H5O-SO2-OC2H5+Н2O (диэтилсульфат) Металл натрийді жай эфирмен қосып қыздырғанда, эфир ыдырайды: С2H5—О—С2H5+ 2Na → C2H5ONa + C2H5Na
23
Күрделі эфир..хим-қ реакциясы Гидролиздену реакциясы. Күрделі эфирлердің гидролизі этерификация реакциясына кері реакция, қышқыл немесе сілті қатысында жүреді. Күрделі эфир сумен әрекеттесіп айырылып, реакция нәтижесінде қышқыл және спирт түзіледі: CH3COOC2H5 + H2O → CH3 - COOH + C2H5OH
24
Қорытынды бөлім Минералды қышқылдардың күрделі эфирлері Қолданылуы
25
Минералды қышқылдардың күрделі эфирлері Бейорганикалық қышқылдар да (күкірт, азот және фосфор қышқылдары) спирттермен әрекеттесіп, күрделі эфирлер түзеді. Күкірт қышқылының маңызды эфирлері — метил және этил-сульфаттар.
26
27
Бұл эфирлер — қышқыл эфирлер. Спирттің артық мөлшеріне концентрлі күкірт қышқылымен әсер еткенде, орта эфирлері C2H5O-SO2—ОС2Н5 алынады. Азот қышқылы эфирлерінің ішінде маңыздысы — глицерин эфирлері. Фосфор қышқылының көптеген эфирлері физиологиялық белсенділік көрсетеді. Мысалы, диметилфосфаттың алу жолын қарастырайық:
28
Диметилфосфаттың туындыларын инсектицид ретінде қолданады, соның бірі — хлорофос:
29
Қолданылуы Диэтил эфирі — түссіз сұйықтық, өзіне тән иісі бар, ұшқыш, тез от алғыш. Жұмыс істегенде сақ, болу керек. Оны сақтаған кезде пероксидтер түзіледі. Суда нашар ериді (6%, 20°С). Әр түрлі органикалық қосылыстар диэтил эфирінде жақсы ериді, сондықтан еріткіш ретінде қолданылады. Медицинада этил эфирі наркоз ретінде және жүрек қызметін күшейту үшін пайдаланылады. Өндірісте жасанды талшық алуда және түтінсіз оқ-дәрі жасауда қолданылады.
30
31
32
Этилацетат СН3СООС2Н5. Өзіне тән иісі бар түссіз сұйық зат, судан жеңіл, суда нашар ериді. Тамақ өнеркәсібінде, парфюмерияда және полимерлерге еріткіш ретінде қолданылады. Салицил қышқылының күрделі эфирлері аспирин (ацетилсалицил қышқылы) мен салол — дәрілік заттар.
33
34
Назарларыңызға рақмет! Орындаған: Есеева Улболсын Мұғалімі: Дүйжанов Қыдыр