- Презентации
- Презентация по химии на тему Полимерлердің қасиеттері(11 класс)
Презентация по химии на тему Полимерлердің қасиеттері(11 класс)
Автор публикации: Исмагулова А.М.
Дата публикации: 09.05.2016
Краткое описание:
1
2 Дәріс Тақырыбы: Көмірсулар. Амин қышқылдары, пептидтер, ақуыздар.
2
Мақсаты: Жады ағзалардағы тіршілік процесстеріне қатысатын және емдеу ісіне қолданатын маңызды поли- және гетерофункционалдық қосылыстар туралы түсінікті қалыптастыру. Амин қышқылдары, ақуыздар туралы бастапқы түсінікті қалыптастыру Дәріс жоспары: 1. Амин қышқылдарының жіктелуі, изомериясы, номенклатурасы және биологиялық маңызы. 2. Аминқышқылдарының физико-химиялық қасиеттері, амфотерлігі, биологиялық маңызды реакциялары. 3. Пептидтер мен ақуыздар, пептидтік байланысжәне ди-, три-, және полипептидтер, биологиялық маңызы, құрылысы. 4. Поли- және гетерофункционалдық қосылыстардың жалпы сипаттамасы. 5. Оксоқышқылдар және және кетонды қышқылдар. Химиялық қасиеттері, кето-енолдық таутомерия. 6. Бензол қатарының гетерофункционалдық қосылыстарының туындылары. Парааминофенолдың, пара-аминобензой қышқылының, сульфанилқышқылының, салицил қышқылының туындылары.
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Аминоқышқылдар. Табиғатта 150-ге жуық аминқышқылдары кездеседі. Ақуыздардың құрылысы үшін адам ағзасында көп мөлшердегі аминқышқылдары қатысатынына қарамастан тек 20 аминқышқылдары ғана ақуыздардың құрылысы үшін пайдаланылады. Бұл 20 аминқышқылдарды протеиногендік деп те атайды және олардың құрылысында бірнеше келесі жалпы ұқсастықтар болады: 1.Олардың бәрі альфа-аминоқышқылдар болып табылады. Себебі, олардың ортақ бөлігіндегі аминотоп пен карбоксилдік топ барлық аминқышқылдары да альфа-көміртек атомына қосылған, (жалпы формуласы) 2.Альфа-көміртектік атомның стереохимиялық конфигурациясы бойынша олардың бәрі L қатарына жатқызылады. Сондықтан бұл 20 аминқышқылдардың бәрінің де фрагменттік құрамы бірдей болады. Олар тек радикалдарының құрылысы бойынша ерекшеленеді.
4
Ақуыздардың химиялық құрылысы Элементтің құрамының қарапайымдылығына қарамастан ақуыздар өте күрделі полимерлік қосылыстар. Ақуыз макромолекулалар қарапайым амин қышқылдарынан тұрады. Бұл ең алғаш 1820 ж. А.Браконноның жұмыстарынан көріне бастады. Ол желатинді қышқылдық ортада гидролизденгенде дәмі тәтті аминосірке қышқылы түзгендігін байқады. Бұл гликоголь яғни глицин деп атады. Бұл аминқышқылдарының ең қарапайым өкілі:
5
Амин қышқылдар ақуыз молекулаларының құрамды бөлігі. Олар органикалық қышқылдардың аминді қышқылдардың аминді туындылары болып табылады. Бұл қышқылдардың құрамындағы СООН тобымен байланысқан. СН3 – COOH сірке қышқылы CH3-CH2-COOH пропион қышқылы CH3-(CH2)2- COOH май қышқылы CH3(CH2)3-COOH Валериан қышқылы Изовалериан қышқылы CH3– (CH2)4 – COOH капрон қышқылы
6
Альфа көміртегідегі сутек атомы NH2- тобымен байланысқан. Сонымен, барлық ақуыз құрамындағы амин қышқылы альфа амин қышқылы болып табылады.
7
Ақуыз құрамындағы 20–ға жуық амин қышқылдары кездеседі. α-Аминқышқылдар R (Радикал) Амин қышқылдары 1. H − глицин Гли - 2. CH3 − 3. (CH3)2CH − аланин валин Ала - Вал - 4. (CH3)2CH-CH2− лейцин Лей - 5. CH3-CH2-(CH3)CH − изолейцин Иле - 6. HO-CH2− серин Сер - 7. CH3-CHOH треонин Тре - 8. HOOC-CH2 − аспаргин қышқылы Асп - 9. HOOC-(CH2)2 − глутамин қышқылы Глу - 10. H2N-CO-CH2− аспаргин Асн -
8
11. H2N-CO-(CH2)2− глутамин Глн - 12. H2N(CH2)3− CH2− лизин Лиз - 13. аргинин Арг - 14. H2S-CH2 − цистейн Цис - 15. CH3-S-(CH2)2 − метионин Мет - 16. C6H6-CH2 − фенилаланин Фен - 17. HO-C6H6-CH2 − тирозин Тир – 18. триптофан Три - 19. гистидин Гис - 20. пролин Про -
9
Химиялық қасиеттері 1.Амин қышқылдары амфотерлік қасиет көрсетеді.
10
2. Амин қышқылдары, бір амин қышқылының СООН тобының және екінші амин қышқылының NH2 тобының есебінен су молекуласын бөліп шығарып, пептидтік байланыс арқылы өзара байланысып, пептид түзеді. дипептид
11
Пептидтік байланыстың бар екендігін биурет реакциясы арқылы дәлелдеуге болады. (CuSO4 + NaOH + ақуыз) күлгін көк түсті ерітінді. Пептидтік байланыс арқылы бірнеше амин қышқылдары бірімен-бірі байланысып трипептид, тетра-, пента-, ... полипептид түзеді. Ақуыздың полипептид тізбегі жалпы түрде келесідей деп көрсетуге болады.
12
Ақуыздардың кеңістіктегі орналасуы
13
Ақуыздардың амфотерлігі Ақуыздардың қышқылдық-негіздік қасиет көрсетуі олардың құрамындағы амин қышқылдары қалдықтарының құрамындағы ион түзуші радикалдарының санына тәуелді, шеткейлік NH2− тобымен, −COOH топтарының ақуыз амфотерлік қасиетіне қосатын үлесі аз. Ақуыздардың ионизациялануына қатысатын негізгі топтар: