7
  • Презентации
  • Презентация по химии на тему Химиялық тепе-теңдік

Презентация по химии на тему Химиялық тепе-теңдік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:

1
Күні: 18.12.15 жыл Сынып: 10 «А» Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда катализдік хи...
Күні: 18.12.15 жыл Сынып: 10 «А» Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда катализдік химияның дамуы. Химиялық тепе-теңдік және оның ығысуына әсер етуші жағдайлар. Ле Шателье-Браун принциптері Көптеген реакциялар бір бағытта жүреді. Мысалы 2КСІО3  2КСІ + 3О2 , 2Na + 2H2 O  2NaOH + H2 оларды қайтымсыз реакциялар деп атайды. Бірдей жағдайда қарама – қарсы екі бағытта жүретін реакцияларды қайтымды деп атайды. N2 + 3 H2  2NH3 , Fe3 O4 + 4H2  3Fe + 4H2 O Солдан оңға қарай жазылған реакцияны тура , оңнан солға жазылған реакцияны кері реакция деп атайды. Қайтымсыз реакция деп атау тек шартты түрде ғана. Химиялық реакция жүрген кезде алғашқы заттардың концентрациялары азаяды , олай болса, әрекеттесуші массалар заңы бойынша реакция жылдамдығы да азаяды. Егер реакция қайтымды болса, белгілі бір уақыт өткен соң кері реакцияның жылдамдығы арта бастайды , себебі реакция нәтижесінде пайда болған заттар концентрациялары артады. Тура және кері реакциялар жылдамдықтары теңескенде химиялық тепе- теңдік орнайды, енді реакцияға қатысатын заттардың концентрациялары ары қарай өзгермейді.
2
Егер жалпы теңдеуді былай жазса аА + bВ  сС + dD , онда тура реакция жылдамд...
Егер жалпы теңдеуді былай жазса аА + bВ  сС + dD , онда тура реакция жылдамдығы  = k Aa  Bb ,  = k  Cc  Dd тепе – теңдік кезінде  =   , олай болса, k Aa  Bb = k  Cc  Dd сонда, k / k  = К т – реакцияның тепе-теңдік константасы болады. Тепе-теңдік константасына кіретін концентрацияларды тепе-теңдік концентрациялары деп атайды. Сонымен, тепе-теңдік константасы сол температурада тұрақты шама , реакция нәтижесінде түзілген заттардың тепе-теңдік концентрациялары көбейтіндісінің реакцияға түскен заттардың тепе-теңдік концентрациялары көбейтіндісіне қатынасын көрсетеді: К т = Cc Dd / Aa Bb Тепе-теңдік константасы - реакцияның маңызды сипаттамасы, оның мәні көп болған сайын , реакция «тереңірек» жүреді, яғни реакция нәтижесінде түзілген заттардың шығымы жоғары болады. Гетерогенді реакциялар үшін тепе-теңдік константасы мәніне де қатты заттардың концентрациясы кірмейді Химиялық тепе-теңдік кезінде реакциялар тоқтамайды, тек қарама-қарсы реакциялардың жылдамдықтары теңеседі, уақыт бірлігінде түзілген заттар молекулаларының саны реакцияға түскен заттар молекулалары санына тең болады. Үйге: §3.10-§3.11, №6,7,8-жаттығулар
0
 
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Ле Шателье принципі. Жағдайды өзгертпесе тепе-теңдікке келген жүйенің күйі са...
Ле Шателье принципі. Жағдайды өзгертпесе тепе-теңдікке келген жүйенің күйі сақталады. Сыртқы жағдайдың ( реагенттер концентрацияларының, қысымның , температураның )өзгеруінің тепе-теңдікке әсерін Ле Шателье принципін (жылжымалы тепе-теңдік принципін) қолдану арқылы анықтауға болады: Химиялық тепе-теңдік күйге келіп тұрған жүйенің жағдайының біреуін өзгерту, тепе-теңдікті сол өзгертуге қарсы әрекет туғызатын реакция бағытына қарай ығыстырады. Температура әсері. Температура көтерілгенде тепе-теңдік эндотермиялық реакция бағытына қарай, ал температура төмендегенде экзотермиялық реакция бағытына қарай ығысады(Вант-Гофф заңы - Ле Шателье принципінің жеке бір түрі 2СО + О2  2СО2 , Н  0 , N2O4  2NO2 , H  0 . Қысымның әсері. Тепе-теңдікте тұрған жүйенің сыртқы қысымын көбейткенде тепе-теңдік жүйедегі молекулалардың жалпы саны азаятын реакцияның бағытына қарай , яғни жүйенің ішкі қысымы кемитін жаққа қарай ығысады. Керісінше, сыртқы қысымды кеміткенде тепе-теңдік жүйедегі молекулалардың жалпы саны көбейетін бағытына қарай , яғни ішкі қысымның өсуі жағына қарай ығысады. Мысалы, N2 + 3H2  2NH3 тепе-теңдіктің сол жағында 4 молекула, оң жағында 2 молекула , сонда сыртқы қысым арттқанда тепе-теңдік оң жаққа , аммиак түзілетін жаққа ығысады. Тепе-теңдіктің екі жағындағы молекулалар саны бірдей болса, N2 + O2  2NO онда қысымды өзгерту тепе-теңдікке әсер етпейді.
4
Концентрацияның әсері. Реакцияға түсетін заттардың концентрацияларын арттырса...
Концентрацияның әсері. Реакцияға түсетін заттардың концентрацияларын арттырса, тепе-теңдік сол концентрациялардың азаятын жағына, яғни реакция өнімі түзілетін жаққа ығысады (тура реакция жүреді). Керісінше, азайтса, реакция нәтижесінде түзілген өнімнің айрылуы жүреді, кері реакция жүреді. Ле-Шателье принципі N2(г) + 3H2(г) ↔ 2NH3 (г) + Q Тура реакция жылу бөліп шығара жүретін (экзотермиялық), ал кері реакция жылу сіңіре жүретін (эндотермиялық) екені көрсетілген. Сондықтан температураны жоғарылатса, 1. Ле-Шателье принципі бойынша, химиялық тепе-теңдік бұл өзгеріске қарсы әсер ететін бағытта, яғни температураны төмендететін эндотермиялық реакцияның бағытына қарай ығысады. Егер жүйенің температурасын төмендетсе, онда химиялық тепе-теңдік оны төмендететін, яғни жылу шығара жүретін NH3-тің түзілу бағытына қарай ығысады. 2. Ле-Шателье принципі бойынша, жүйенің қысымын жоғарылатса, химиялық тепе-теңдік осы қысымды азайтатын, яғни газдардың көлемдері немесе моль сандары аз заттар түзілетін реакцияның бағытына қарай ығысады, яғни NH3 түзілу бағытына қарай ығысады. 3. Ле-Шателье принципі бойынша бір заттың концентрациясының кебеюі химиялық тепе-теңдікті сол заттың концентрациясын азайтатын реакцияның бағытына қарай ығысады. 4. Ле-Шателье принципіне сәйкес аммиакты алу реакцияны тура бағытта, яғни қайтымсыз етіп жүргізу үшін, оны жоғары қысымда, төмен температурада және N2 мен H2 жеткілікті мөлшерде, ал NH3-ті бөліп алу арқылы азайта отырып, жүргізу керек.
 
 
X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте её своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить презентацию