7

Презентация “Экологиялык апат аймактары”

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:

1
2
Қазақстан Республикасындағы білім беру саласына қойған жаңа мақсатына сәйкес...
Қазақстан Республикасындағы білім беру саласына қойған жаңа мақсатына сәйкес жас ұрпақтарға экологиялық тәрбие беру негізгі міндет болып саналады. Осы ұстанымды негізге ала отырып “Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары” атты тақырыпты ашуды жөн көрдім. Осы мақсатпен өзім сабақ беретін 4-ші сыныпты 3-топқа бөліп, алдын ала берілген тапсырма бойынша өз беттерімен ізденіп-көзденіп жинаған шығармашылық жұмыстарын ұсынғалы отырмын.
0
 
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары. Мақсаты. Білімділік:Оқушылардың Қаз...
Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары. Мақсаты. Білімділік:Оқушылардың Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары туралы білімдерін тереңдетіп,таным белсенділіктерін арттыру. Дамытушылық:Семей,Байқоңыр,Арал тағдыры-адам тағдырымен тікелей байланысты екендігін ұғындыру.Оқушыны шығармашылық ізденіске баулу. Тәрбиелік :Қоршаған ортаны экологиялық жағынан таза бүлдірмей ұстауға тәрбиелеу.Топта жұмыс жасауға үйрету.
4
Қазақстанның экологиялық апат аймақтары Семей облысы Каспий теңізі Арал Байқо...
Қазақстанның экологиялық апат аймақтары Семей облысы Каспий теңізі Арал Байқоңыр ғарыш айлағы
5
Көрнекілігі: Семей, Арал, Байқоңыр, Каспий суреттері. Әдісі: топпен жұмыс,сұ...
Көрнекілігі: Семей, Арал, Байқоңыр, Каспий суреттері. Әдісі: топпен жұмыс,сұрақ-жауап. Пәнаралық байланыс: Дүниетану, география, қазақ тілі. Барысы: Кіріспе Қызығушылықты ояту: “ой қозғау” әдісі. І-топ. Семей тобы ІІ-топ. Байқоңыр тобы ІІІ-топ. Арал тобы Қорытынды
6
І-топтың шығармашылық жұмысын қорғауы. Топ басшысы: Амантай Аружан Семей пол...
І-топтың шығармашылық жұмысын қорғауы. Топ басшысы: Амантай Аружан Семей полигоны.КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті.Ол үшін 18 млн га жер бөлініп,Семей ядролық полигоны ашылды.Бастапқысында адамдарға,жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды.Сосын оларды жер астына жасай бастады.Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды.1949-1963 жылға дейін жер бетінде сынақтардың зардабы әсіресе мол болды.Семей аймағында тұратын 500 мыңдай адам сынақтан азап шекті.
7
Семей полигонындағы ядролық жарылыс.
Семей полигонындағы ядролық жарылыс.
8
Семейдегі Абай ауданындағы ядролық жарылыс жүргізілген жерден көрініс
Семейдегі Абай ауданындағы ядролық жарылыс жүргізілген жерден көрініс
9
Семейдегі жаңа туылған баланың денесіне екінші баланың бір жамбас бөлігі бір...
Семейдегі жаңа туылған баланың денесіне екінші баланың бір жамбас бөлігі бірігіп туылған.ол баланың төрт бүйрегі бірдей жұмыс жасап тұрған..
10
1999 жылы қаңтар айында бір-біріне жабысып туылған егіз нәресте дүниеге келге...
1999 жылы қаңтар айында бір-біріне жабысып туылған егіз нәресте дүниеге келген.Жетілмей туған нәрестені медицинада кейде арамтамақ эмбрион деп те атайды.Жасалған күрделі ота кезінде дәрігерлер дені сау нәрестеге еш зақым келтірместен сол арамтамақ эмбрионды ажыратып ,кесіп алып тастаған .Отадан кейін нәрестенің жағдайы тез жақсарып ,аман-есен сауығып үйіне кеткен.Ата-анасының да емдеген дәрігерлерінің қуанышында шек болған жоқ .
11
Қызылорда облысындағы бас пішімі бұзылған миы толық емес қоянжырық , құстамақ...
Қызылорда облысындағы бас пішімі бұзылған миы толық емес қоянжырық , құстамақ пішінді кеміс болып туылған бала
12
Семей полигонында атомдық жарылысқа қарсы шыққан адамдар көтерілісінен көрініс
Семей полигонында атомдық жарылысқа қарсы шыққан адамдар көтерілісінен көрініс
13
Қазақтың ақиық ақыны,белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов басқарған Нева...
Қазақтың ақиық ақыны,белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов басқарған Невада-Семей қозғалысының басында болған дүниежүзілік атом зардаптарына қарсы фотографтар қоғамның мүшесі марқұм Юрий Куйдиннің бір өзінің суреттерінің өзі-ақ бүкіл бір халықты құрбандыққа байлаған мейірімсіз сайқал саясаттың салдарынан бұлтартпай әшкерелейді.Фотографтың суреттері бүкіл дүние жүзін әлдеқашан аралап кетті,талай адамның тұла бойын түршіктірді.
14
Семей полигоны зардабы әсерінен туындайтын аурулар Бүйрек, бауыр аурулары Оба...
Семей полигоны зардабы әсерінен туындайтын аурулар Бүйрек, бауыр аурулары Оба ауруы Мутагенез ауруы Жүйке жүйесі ауруы Жүрек, қантамырлар ауруы Аққан ауруы
15
Нақты нәтижелерге жету үшін алдағы мақсатты жұмыстар жүргізу. Бұл шаралар Елб...
Нақты нәтижелерге жету үшін алдағы мақсатты жұмыстар жүргізу. Бұл шаралар Елбасының халыққа Жолдауында айтылғандай, елдің әл-ауқатын нығайтуға, атом сынағы кезіндегі зардап шеккен жерлерімізді сауықтыруға, адамдардың денсаулығын түзетуге қызмет ету тиіс.
16
ІІ-топтың шығармашылық жұмысы. Топ басшысы: Тиянақбаева Ұлжан Байқоңыр ғарыш...
ІІ-топтың шығармашылық жұмысы. Топ басшысы: Тиянақбаева Ұлжан Байқоңыр ғарыш айлағы.Жалпы көлемі 6,7 мың км квадр.жерді алып жатыр.Ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға мынадай кері әсерін тигізеді.1956ж бастап 260-тан астам зымыран ұшырылған. -ұшу процесінен кейін ,атмосфераның табиғи режимі бұзылады. -атмосфераны және жер беті қабаттарын токсинді зымыран жанармайының қалдықтарымен ластайды. -атмосфераның азон қабатын бұзады. -территорияларды ұшу аппаратарының қалдықтарымен,сынықтарымен зақымдайды. -қышқылды жаңбырдың жаууына себепші болады.
17
Байқоңыр ғарыш аймағында ұшырылған зымырандар ауадағы азон қабатын жұқартуда.
Байқоңыр ғарыш аймағында ұшырылған зымырандар ауадағы азон қабатын жұқартуда.
18
Байқоңырдағы ластанған ауа және ұшырылған зымырандар қалдықтары
Байқоңырдағы ластанған ауа және ұшырылған зымырандар қалдықтары
19
Байқоңыр ғарыш айлағы қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді Жанармай қалдықтар...
Байқоңыр ғарыш айлағы қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді Жанармай қалдықтарымен ластайды Атмосфераның азон қабатын бұзады Қышқылды жаңбыр жауады Зымыран қалдықтарымен ластайды Өсімдіктердің өнімділігін, сапасын төмендетеді Өсімдіктердің бойы қысқа болып өседі, морфологиялық өзгерістер байқалады
20
Байқоңыр ғарыш айлағындағы өзекті мәселелерді шешу жұмыстары: 1. Қоршаған ор...
Байқоңыр ғарыш айлағындағы өзекті мәселелерді шешу жұмыстары: 1. Қоршаған ортаның және халықтың экологиялық қауіпсіздігін нығайту. 2. Қуатты зымырандардың ұшырылуын сирету. 3. Егінді жинау, бау-бақшалардың гүлдеуі кезінде токсинді химиялық қосылыстарды бөлетін зымырандарды ұшырмау. 4. Аймақтың суы, топырағы, өсімдіктеріне, жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу. 5. Токсинді зымыран жанармайларын сақтауда және тасымалдауда қауіпсіздік шараларын сақтау.
21
ІІІ-топтың шығармашылық жұмысы Топ басшысы: Абдрахман Нұрсұлтан Арал теңізін...
ІІІ-топтың шығармашылық жұмысы Топ басшысы: Абдрахман Нұрсұлтан Арал теңізінің дүниежүзілік мұхиттан 52 метр биіктікте орналасқан.Бұл проблеманың тууына себепші болған- адам әрекеті.Қазіргі таңда 18 метр тереңдікке төмендеп ,тартылған теңіз табанынан тұзды,қышқылды шаң-тозаңдар желмен аспанға көтеріліп он мыңдаған шақырымға дейін ұшып барады екен.Теңіздің 1шқ квадр жерінен жылына 80000 тонна тұзды шаң әуеге көтеріледі екен.
22
Тартылған Аралда қалған кеме.
Тартылған Аралда қалған кеме.
23
Арал теңізінің тартылуы салдарынан туындаған Гастрит ауруы Бронхит ауруы Бола...
Арал теңізінің тартылуы салдарынан туындаған Гастрит ауруы Бронхит ауруы Болашақ ұрпақ ата-ана болу қабілетінен айырылады Нәрестелер өлі туылған Жұқпалы аурулар Балалар организмінде қорғасын, кадмий, пестицид, тұз көп екені анықталған
24
Арал теңізін құтқару жөніндегі бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Ола...
Арал теңізін құтқару жөніндегі бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар: 1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру. 2. Амудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту. 3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу. 4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу. 5. Жер асты суларын пайдалану.
25
26
27
Табиғат шектен тыс еркіндік пен кездейсоқтықты көтермейді
Табиғат шектен тыс еркіндік пен кездейсоқтықты көтермейді
28
Теңізіндегі мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгер...
Теңізіндегі мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі,балықтардың қырылуы,уылдырық шашатын көксерке балықтардың кеміп кетуі,осы теңізге ғана тән (ендемикалық) итбалықтардың мезгіл-мезгіл қырылуынан көрініс.
29
Фабрика мен заводтардан шыққан түтіндер ауаны ластап, адам денсаулығына зиян...
Фабрика мен заводтардан шыққан түтіндер ауаны ластап, адам денсаулығына зиян келтіреді.
30
Мұнайды бұрғылау кезінде балықтардың жүйке-жүйесіне зиянды әсер етеді.
Мұнайды бұрғылау кезінде балықтардың жүйке-жүйесіне зиянды әсер етеді.
31
32
Түйіндеме Қазіргі уақытта қоршаған ортаның ластанғаны, жоғалып-құру жағдайынд...
Түйіндеме Қазіргі уақытта қоршаған ортаның ластанғаны, жоғалып-құру жағдайында екендігі жиі айтылады. Әйтсе де мұны жою немесе түзету оңай шаруа емес екендігі де белгілі. Егер де ғылымда табиғатты тазалауға арналған құрал ойлап табылса да, мұның өзі сыртқы тазалықты сақтау болып қалмақ.Ал адамдарды улап жатқан газ, түтін, улы заттар адамзаттың рухани әлеміне де өз кесірін тигізуде.Адамдардың көпшілігі түрлі ауруға ұшырауда,бұл тек ауа,су, тамақтың ластануынан ғана болып жатқан жоқ.Егер адам баласының рухани әлемі мұншама ластанбаған болса, адамдар барлық сыртқы уларды жоя алатын еді. Бірақ ауру ішкі ластанудан, яғни ойдың, сөздің, істің ластануынан басталады. Осы ішкі ластану сырттай көрініс табады. Нағыз сыртқы өзгеріс ішкі өзгерістен соң пайда болады.Демек, сыртқы әлем рухани әлемнің нақты және материалдық бейнесі.Сондықтан ауырмай, таза болу үшін адам ішкі тазалығына мән беруі керек, яғни ойы,сезімі, тілегі, мұраты таза болғанда ғана, сыртқы әлеммен үйлесімділік болады.
33
Қорытынды: сабағымызды табиғат туралы мына бір өлең шумақтарымен аяқтаймыз: Т...
Қорытынды: сабағымызды табиғат туралы мына бір өлең шумақтарымен аяқтаймыз: Табиғат ... тіршіліксің тұнып тұрған! Сен – күнсің! Көтерілген күліп қырдан . Сен – көлсің! Сен – орман! Сен – бұлақсың! Адамды сұлулыққа құнықтырған! Адамзат – болашақта бейбіт, таза ғаламшарда өмір сүруі тиіс. Демек ғаламшардың қауіпсіздігі - біздердің қолымызда !
34
Пайдаланған әдебиеттер Р.Сәтімбеков, Р.Әлімқұлова, Ж.Шілдебаева “Биология” 2...
Пайдаланған әдебиеттер Р.Сәтімбеков, Р.Әлімқұлова, Ж.Шілдебаева “Биология” 217 бет Жанаргүл Құлпыбайқызы “Экологиялық перзент” “Денсаулық” журналы 1997 жыл, 5 бет, 23 бет Гүлжан Базылқызы “Ақтөбе” газеті 12 наурыз 2009 жыл, 13 бет Аманқос Орынғалиұлы “Ақөтөбе” газеті 23 сәуір 2009 жыл, 8 бет 78-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы өндірістік бақылау. “Зерде” республикалық ғылыми-көпшілік журнал. №9. 2002 жыл “Атамекен” газеті 1 қаңтар 2001 жыл Ермек Өтетілеуұлы Салауаттану сырлары “Экология” “Денсаулық” журналы 2004 жыл Ұлан газеті “Экология – өмірдің соғып тұрған жүрегі” 10 сәуір 2001 жыл, 7 бет
35
 
 
X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте её своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить презентацию