7
  • Презентации
  • Презентация по географии на казахском языке на тему Алтай тауы(8 сынып)

Презентация по географии на казахском языке на тему Алтай тауы(8 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:

1
Алтай тауы
Алтай тауы
2
Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Алтайдың географиялық орны, геологиялық құр...
Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Алтайдың географиялық орны, геологиялық құрылымы және пайдалы қазбалары, өзендері мен көлдері табиғат зоналары, өсімдіктер мен жануарлар туралы білімдерін кеңейту,   Тәрбиелік: Биік таулар туралы түсінік бере отырып, табиғат көркемдігін түсіне білуге үйретіп, эстетикалық тәрбие беру, экологиялық сауаттылыққа баулу,   Дамытушылық: Қазақстанның физикалық карталармен жұмыс істеп биік тауларға сипаттама беруге үйрету, жаңа технологияны меңгерту және қосымша тапсырмалар беру негізінде, логикалық ой-өрісті қамту,
0
 
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
4
Алтай, Алтай тау жүйесі - Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығ...
Алтай, Алтай тау жүйесі - Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 км-ге созылып жатыр. Алтай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Батыс Сібір ойпатынан Гоби жазығына дейін жан-жаққа таралған. Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасы арқылы бөлінеді. Солтүстік-шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс Саянмен жалғасады.
5
Қазақстандық Алтай тауы бөлінеді    Оңтүстік Алтай Кенді Алтай Қалба жотасы
Қазақстандық Алтай тауы бөлінеді    Оңтүстік Алтай Кенді Алтай Қалба жотасы
6
Оңтүстік Алтай Солтүстігінде Бұқтырма өзені, оңтүстігінде Қара Ертіс өзені ар...
Оңтүстік Алтай Солтүстігінде Бұқтырма өзені, оңтүстігінде Қара Ертіс өзені аралығында жатыр. Ресеймен мемлекеттік шекарада Алтайдың ең биік Қатын жотасы орналасқан. Оның ең биік шыңы Мұзтау (4506 м) . Шығыстағы биік бөлігінің төбелерін қар мен мұздықтар басқан үшкір шыңды болып келеді.
7
Батыс және Кенді Алтай Қазақстан жеріне Алтайдың батыс сілемдері кіреді.Олард...
Батыс және Кенді Алтай Қазақстан жеріне Алтайдың батыс сілемдері кіреді.Олардың бастылары: Листвяга, Холзун, Көксу және олардың тармақталған Үбі, Иванов,Үлбі жоталары. Батыс Алтайдан көптеген пайдалы қазбалар табылған. Сондықтан да Батыс Алтайды Кенді Алтай деп атайды.
8
Қалба жотасы Алтай тауларының Ертіс өзенінің батысқа қарай 400-км созылған жа...
Қалба жотасы Алтай тауларының Ертіс өзенінің батысқа қарай 400-км созылған жалғасы болып есептеледі. Ең биік жері Сарышоқы шыңы(1606 м ). Батысында жота бірте—бірте аласарып, Сарыарқаға ұласып кетті.
9
Пайдалы қазбалары : Кенді Алтайда қорғасын, мырыш, қалайы, вольфрам, күміс пе...
Пайдалы қазбалары : Кенді Алтайда қорғасын, мырыш, қалайы, вольфрам, күміс пен сынаптың мол қоры бар. Нарын мен Күршім жоталарында алтын мен сирек кездесетін металл бар. Қорғасын, мырыш, мыс, темір, алтын, күміс, вольфрам, молибден, қалайы, тантал, ниобий, сынап, т.б. металдык кентастар, тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатастар, асыл және әшекей тастар, құрылыс материалдары мол. Бұлардың ішінде аса маңыздысы Шығыс Қазақстанның түсті металлургия базасын құрайтын полиметалл кентастары.
10
Климаты : Алтайдың Қазақстадық бөлігінің климаты қоңыржай континентті Шілдені...
Климаты : Алтайдың Қазақстадық бөлігінің климаты қоңыржай континентті Шілденің орташа t° +19+22°C, ал 1000 метр биіктікте +16+14°C 2500-2700 метр биіктікте +7+5°С Қыс айларындағы орташа t° -15°C кей қазаншұңқырларда -40°С дейін жетеді.   Жылдық жауын-шашын мөлшері тау бөктерінде 300-400 мм Тау ішінде 1000-1500 мм дейін жетеді.
11
Өзендері мен көлдері : Алтайдың ең басты өзені – Ертіс. Оған Кендірлік, Күрші...
Өзендері мен көлдері : Алтайдың ең басты өзені – Ертіс. Оған Кендірлік, Күршім, Бұқтырма,Үлбі т.б өзендер құяды. Ертіс өзені
12
Ертіс өзені
Ертіс өзені
13
Алтай көлге бай. Язовое, Черновое, Жайсан, Тұранғыкөл, Марқакөл. Көлдердің ең...
Алтай көлге бай. Язовое, Черновое, Жайсан, Тұранғыкөл, Марқакөл. Көлдердің ең үлкені Зайсан (ауданы 5510км кв) Марқакөл тектоникалық қазаншұңқырда орналасқан. Марқакөл
14
Қазақстандық Алтайдың тауларында 328 мұздықтар бар. Олардың жалпы ауданы 89,6...
Қазақстандық Алтайдың тауларында 328 мұздықтар бар. Олардың жалпы ауданы 89,6 км кв.Мұздықтар негізінен 2600м-ден жоғары тау биіктерінде жатады. Олар Қатын, Холзун, Иванов, Оңтүстік Алтай, Сарымсақты тау жоталарында көбірек сақталған.
15
Табиғат зоналары Алтай тауларының табиғатына оның алып жатқан географиялық ор...
Табиғат зоналары Алтай тауларының табиғатына оның алып жатқан географиялық орны үлкен әсер етеді. Оңтүстік-батыстағы аласа тау беткейлерінде ылғал аз түседі. Сол себептен оның батыс бөлігіндегі тауларға ылғал молырақ түседі. Солтүстік батыстың биік белдеулері дала зонасынан (1600-1800 м) басталады да, оңтүстік-батыста Жайсан қазаншұңқырына караған жағы шөлейт зонаға (900-1100 м) кіреді. Ол екеуінің шекарасы Бұқтырма өзенімен жүреді. Далалық тау беткейлерінен жоғары орманды таулар (2100-2300 м), шалғынды альпілік белдеуі (2500-2600 м) және биік шыңдағы мәңгі кар жататын белдеу (2600 м-ден жоғары) өтеді.
16
17
Өсімдіктері : Орман алқаптарында май қарағай, бал қарағай, шырша, самырсын өс...
Өсімдіктері : Орман алқаптарында май қарағай, бал қарағай, шырша, самырсын өседі. Тау жоталарындағы шалғында мал жайылады, омарта шаруашылығы дамыған. Ең жоғарғы белдеу таулы тундрадан, жалаңаш тау басындағы қар мен мұздықтардан тұрады. Тау етегі мен аласа таулар кұнарлы кара топырақты келеді, онда дала зонасының өсімдіктері (боз, бетеге және т.б.), шөлейт зонада сортаң өсімдіктер өседі. Тоғайларда итмұрын, қарақат, жидек, тау аралық аудандарда күлгінді тарғақ шөп, қоңырбас, т.б. шөп тектес өсімдіктер шығады.
18
19
Жануарлары: Алтай өлкесі аңға бай. Орманда бүғы-марал өсіретін шаруашылықтары...
Жануарлары: Алтай өлкесі аңға бай. Орманда бүғы-марал өсіретін шаруашылықтары бар. Тағы аңдардан аю, қабан, бұғы, таутеке, қар барысы тіршілік етеді. Бұлғын, қаракүзен, ақкіс сияқты терісі бағалы аңдар жиі ұшырайды. Су тышқаны, жанат тәріздес ит жерсіндірілген. Құстардан саңырау құр, шіл, кекілік, тоқылдақ, ұлар кездеседі.
20
21
Шығыс Қазақстанның әдемі табиғаты мен сирек кездесетін аңдарын, өсімдіктерін...
Шығыс Қазақстанның әдемі табиғаты мен сирек кездесетін аңдарын, өсімдіктерін қорғау мақсатында 1976 жылы Марқакөл қорығы ұйымдастырылған. Қорықта Алтайдың тау алды даласы, бал қарағайлы, шыршалы ормандары, әсем табиғаты қорғауға алынған.
22
23
Рахман қайнары - Оңтүстік Алтайдың кішкене тектоникалык ойпатында Арасан куро...
Рахман қайнары - Оңтүстік Алтайдың кішкене тектоникалык ойпатында Арасан курорты жағасында теңіз деңгейінен 1750 м биіктікте орналасқан. Айналасын биік тау,орман қоршаған табиғаты өте көрікті жер.
24
Шығыс Қазақстан - еліміздегі негізгі ағаш даярлау, ағаш өңдеу шаруашылығының...
Шығыс Қазақстан - еліміздегі негізгі ағаш даярлау, ағаш өңдеу шаруашылығының орталығы. Орман оның басты байлығының бірі болып табылады. Бірақ кейінгі жылдары осы байлықты ысыраппен пайдалану, ағашты бақылаусыз кесу және өрттің жиі болуы орман алқаптарын азайтып барады.
25
“Алтын қақпа” интеллектуалды ойыны
“Алтын қақпа” интеллектуалды ойыны
26
Ойын 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде берілген ребустарды шешсек тас қақпа...
Ойын 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде берілген ребустарды шешсек тас қақпа ашылады.
27
Ребусты шешіңдер: Жауабы: ............................ ,,,, ,,, ,,,, , ,,
Ребусты шешіңдер: Жауабы: ............................ ,,,, ,,, ,,,, , ,,
28
ы Жауабы: ................................................... ,,,, ,,
ы Жауабы: ................................................... ,,,, ,,
29
Тас қақпа
Тас қақпа
30
Екінші кезеңде географиялық диктант орындалса күміс қақпа ашылады.
Екінші кезеңде географиялық диктант орындалса күміс қақпа ашылады.
31
1.Алтай ........ ойпатының басталып, ........... көліне дейінгі аралықты алып...
1.Алтай ........ ойпатының басталып, ........... көліне дейінгі аралықты алып жатыр.Оның оңтүстігін ............... өзені мен .......... көлі, батысы ..........жотасы. 2.Жер бедерінің ерекшелігіне қарай .............. Алтай ....... ауданға бөлінеді.Олар - ..........., ............... және ................ 3.Алтайдың қазақстандық бөлігінінің климаты ................................Шілдеде аласа тау беткейлерінде .............. болса, 1000 м биіктікте ................, 2500-2700 м биіктікте .....................аспайды. 4.Алтай өлкесі аңға бай.Орманда .................... өсіретін шаруашылықтары бар.Шығыс қазақстанның әдемі табиғаты мен сирек кездесетін аңдарын қорғау мақсатында .............. жылы .................. қорығы ұйымдастырылды. 5..........................- Оңтүстік Алтайдың кішкене тектоникалық ойпатында Арасан курорты жағасында теңіз деңгейінен ........... биіктікте орналасқан.
32
Күміс қақпа
Күміс қақпа
33
Үшінші кезеңде сурет бойынша өсімдіктері мен жануарларын тауып, сипаттама бер...
Үшінші кезеңде сурет бойынша өсімдіктері мен жануарларын тауып, сипаттама берсек, алтын қақпа ашылады.
34
35
36
37
38
Алтын қақпа
Алтын қақпа
39
Сабақты қорытындылау: 1.Алтайдағы жота. 2.Ертіс өзенінің солтүстігіндегі жота...
Сабақты қорытындылау: 1.Алтайдағы жота. 2.Ертіс өзенінің солтүстігіндегі жота. 3.Алтайдағы басты өзен. 4.Жоталардың бірі. 5.Алтайдағы көл. А Л т а й
40
Бекіту сұрақтары: Алтайдың Қазақстандық бөлігі нешеге бөлінеді? Алтай тау жү...
Бекіту сұрақтары: Алтайдың Қазақстандық бөлігі нешеге бөлінеді? Алтай тау жүйесінің ең биік нүктесі? Оңтүстік Алтай солтүстігінде қандай өзенмен шектеседі? Кенді Алтай қандай жоталардан тұрады? Қалба жотасының ең биік нүктесі? Алтайдан қандай пайдалы қазбалар алынады? Алтай тауының ең үлкен өзені? Көлдердің ең үлкені?
41
Үйге тапсырма Тақырып соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беріп келеміз
Үйге тапсырма Тақырып соңындағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беріп келеміз
 
 
X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте её своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить презентацию