- Презентации
- Су - тіршілік көзі тақырыбына арналған презентация
Су - тіршілік көзі тақырыбына арналған презентация
Автор публикации: Ахмедкәрімова Г.Б.
Дата публикации: 05.11.2016
Краткое описание:
1
“Су-өмірдің бастауы”
2
Су-биосфераның аса маңызды элементі Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5 %-ін су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіздер, көлдер, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% –ін, ал оттегінің 50% –ін мұхиттар мен теңіздер береді.
0
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз, өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына жетпейді екен. Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3 жетті. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, 20-ғасырда мәдениеті дамыған елдерде о ның шамасы орта есеппен 200-400 литрге жетіп отыр. Мұхиттағы су гидросфераның барлық массаның 97% құрайды және Жер планетасы бетінің ауданының 75% аса бөлігін алады. Биосфера тіршілігінде мұхиттың алатын орны ерекше: онда биосфераның химиялық тазаруы мен биомассаның өндірісін қамтамасыз ететін толып жатқан химиялық реакциялар жүреді
4
Өзендер мен мұхиттарда су қоры 1,4млрд. км3
5
Атмосферадағы судың қоры 14 мың км3
6
Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдерінде тұщы судың дефициті байқалып отыр. Жер шарында судың әртүрлі мақсатқа пайдалануға жыл сайын шамамен 150 км3, ал өзендер мен жер асты суларынан 600 км3 алынады. Тұщы сулар 150-200 м тереңдікте орналасады да, тереңдеген сайын түздана береді. Жер астындағы тұщы сулардың көлемі жер бетілік тұщы су көлемін 100есе көп. Су табиғатта үш түрлі агрегат күйде (қатты, сұйық, газ) кездеседі. Қазіргі кезде адамзат қоғамында бір жылда тұщы судың 3000 м3 шамасындайы жұмсалады. Судың ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңінде 1500 тонна, 1 тонна күрішке 7000 тонна, 10000 тонна су жұмсалады.
7
Судың көлемді бөлігі адам көзінен тыс жер астында жасырынған. Бұндай су айдындары жер асты сулары деп аталады Жер асты суларының үш түрі белгілі. Бірінші түрі жетекші деп аталады. Бұл – жер үстіне ең жақын орналасқан сулар. Дегенмен жетекші жеткілікті тұрақты емес. Бұл қабаттан құрғақ ауа-райы кезінде су толық кетіп қалуы мүмкін, ал үздіксіз жауы-шашын нәтижесінде қайта пайда бола алады. Жер асты сулары
8
Судың адам ағзасындағы алатын орны Денеде болатын күніне 2-4 литр су бар шығынының орнын қайта толтырып отыру қажет. Ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Денеде 20 пайыз су жетіспеушілігінің болуы өте қауіпті және ол өлімге дейін жетелейді. Қажетті мөлшерде адам ағзасына су жетпегенде 1.Мидың жұмыс істеуі баяулайды. 2. Қан қоюланады. 3. Жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады. 4. Нәжіс сары түсті болады. 5. Іш қатуына (запор) себеп болады. 6. Бас ауырады. 7. Бас айналады. 8.Шаршау, әлсіздік пайда болады. 9. Ойдың тынықтығы бұзылады. 10. Тәбетсіздік туады. 11. Биік жерлерде, ауа ыстық қапырық болса, тұмау болса, температура артса ішетін су мөлшерінің көбірек болғаны дұрыс.
9
Су — иіссіз, дәмсіз көбінде түссіз мөлдір сұйықтық. Судың химиялық формуласы: H2O. Су молекуласының массасы — 18,0160 г/моль Су — табиғи ортада заттардың үш тірлі агрегаттық күйлерінде бола алатын жалғыз ғана белгі зат, тіршіліктің көзі. Су — бірегей еріткіш. Көптеген тұздар мен соған ұқсас қоспаларды ерітеді. Басқа ешқандай сұйықтық судың еріткендеріндей мөлшерде еріте алмайды. Су — тұрақты, мығым зат. Оны қышқылдандыру, ыдырату, жағу және бөліктерге жіктеп тастау өте қиын. Су барлық металдарды дерлік қышқылдандыра алады. Тау жыныстарын бұзып, бүлдіре алады. Тұщы су 0°C деңгейінде қатады, 100°C деңгейінде қайнайды. Судың агрегаттық күйлері
10
Су — табиғи ортада заттардың үш тірлі агрегаттық күйлерінде бола алатын жалғыз ғана белгі зат, тіршіліктің көзі. Судың қасиетін біле отырып, оны қастерлейік. Суды шашпайық, қадірін терең түсінейік және келер ұрпаққа сақтайық.
11
Назарларыңызға рахмет!!!