7

Слайд Баскетбол 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:

1
А.Құсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп - балабақшасы Сабақтың т...
А.Құсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп - балабақшасы Сабақтың тақырыбы: Өткізген: пән мұғалімі Ишангалиева Эльмира Асқарқызы
2
1. Білімділік. Баскетбол ойынын шебер ойнау, доппен тиімді әрекет ету әдісте...
1. Білімділік. Баскетбол ойынын шебер ойнау, доппен тиімді әрекет ету әдістерін үйрену. 2. Тәрбиелік. Жолдастыққа, адамгершілікке, жасөспірім бойында спортқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. 3. Сауықтыру. Оқушылардың дене бітімін дұрыс қалыптасуын спорттық ойындар арқылы жетілдіру.
0
 
Благодаря этой рекламе сайт может продолжать свое существование, спасибо за просмотр.
3
Жүгіру жаттығулары: Тізені жоғары көтеріп жүгіру. Аяқты артқа сілтеп жүгіру....
Жүгіру жаттығулары: Тізені жоғары көтеріп жүгіру. Аяқты артқа сілтеп жүгіру. Қол белде аяқты тіке алып жүгіру. Қол желкеде аяқты тіке артқа алып жүгіру. Жай жүріспен орындалатын жаттығулар: Қол жоғарыда аяқтың ұшымен жүру. Қол белде өкшемен жүру. Қолды алға созып, жартылай жүрелеп басу. Қолды желкеге қойып толық отырып жүру. Жүрелеп отырып, секіріп алға жылысу.
4
1. ойынды тек арнаулы аяқ киім киіп ойнау керек; 2. ойын үстінде басқа ойыншы...
1. ойынды тек арнаулы аяқ киім киіп ойнау керек, 2. ойын үстінде басқа ойыншыны итеруге, әдейілеп иықпен қағып жіберуге болмайды. Байқамай қағып кеткен жағдайда да сол ойыншыдан кешірім сұрау тиіс, 3. ойнап жүргенде даурығып, орынсыз айқайлай беруге болмайды, 4. баскетбол қалқанының астында отыруға және ұзақ тұруға болмайды, 5. допты қағып аларда саусақтарды толық жазып ұстау керек, 6. ойын кезінде қандай таласты жағдай болмасын, ойыншылар бір-біріне күш көрсетуге болмайды. Баскетбол ойынын ойнаушылар мына төмендегі жалпы ережелерді біліп қана қоймай, бұларды бұлжытпай орындауға тиіс:
5
Оқушыларға арналған баскетбол ойынының үлкендерге арналған баскетбол ойынынан...
Оқушыларға арналған баскетбол ойынының үлкендерге арналған баскетбол ойынынан айырмашылықтары мынадай: 1. әр ойынға 20-ақ минут уақыт беріледі, 2. екі кезеңнен тұратын ойынның әр кезеңіне берілетін уақыт – 10 минут, 3. үзіліске 2 минут беріледі, 4.алаңдағы екі команданың әрқайсысында 5 ойыншыдан және әрқайсысының қосалқы ойыншылары болады. Оқушыларға арналған баскетбол ойыны және оның негізгі ережелері
6
1. доп торға ойын кезінде түссе – 2 ұпай, ал айып добын лақтырғанда түссе – 1...
1. доп торға ойын кезінде түссе – 2 ұпай, ал айып добын лақтырғанда түссе – 1ұпай беріледі, 2. допты ойынға төреші лақтырып қосады, 3. допты қолға ұстап екі адымнан артық жүруге болмайды, екі адым аттағаннан кейін допты не командалас ойыншыға, не торға лақтыру керек, 4. допты ұстап тұрып бір орында айналуға болады, бірақ аяғын жерден көтеруіне болмайды. Баскетбол ойынының ережесі мынадай:
7
Ойынның негізгі тәсілдері Әрбір ойыншы ең алдымен бастапқы қалыпта тұра білуд...
Ойынның негізгі тәсілдері Әрбір ойыншы ең алдымен бастапқы қалыпта тұра білуді, допты алып жүруді, допты ұстап тұрып екі адымнан артық аттамауды, оң немесе сол қолымен допты ойынға қосуды дұрыс үйренуге тиіс. Сонымен бірге ойыншыны баскетбол ойынына тән төмендегі қимыл – қозғалыс тәсілдерін жақсы меңгеруі керек: Ұшып келе жатқан допты екі қолымен қағып алу, жүгіріп, жүріп келе жатып допты басқа ойншыға кеуде тұсынан қос қолдап беру және өз орнын бірден ауыстыра қою, Қалқанның алдында, оң және сол жағында тұрып, допты торға кеуде тұсынан қос қолдап лақтыру .
8
Ойынның негізгі мақсаты қарсыластың торына доп түсіру болғанымен, әр команда...
Ойынның негізгі мақсаты қарсыластың торына доп түсіру болғанымен, әр команда өз торын қорғай білуді естен шығармауға тиіс. Сондықтан қорғаныс әрекеттеріне үйрену қажет. Ойын кезінде тез шаршап қалмау үшін әрбір ойыншының қимылы өте шапшаң әрі дәл болғаны жөн. Оған дағдылану үшін іші нығыздап толтырылған допты лақтырып, қағып алуға жаттығып, секірме жіппен секіріп, “Мерген мен үйрек”, “атысу”, “доп әкелу” т.б. қозғалмалы ойындарды жиі ойнап, қимылды жетілдіре түсуге болады. Мына төмендегі жаттығулар баскетболшының қимыл-қозғалысын жетілдіруге, шапшаңдығын арттыруға көмектеседі. Бұл жаттығуларды оқушылар өз беттерімен орындап, дағдылануға тиіс: Әр түрлі бастапқы қалыпта тұрып, 8-10 метр қашықтықты тез жүгіріп өту, Теріс қарап жүгіру, жүгіріп келе жатып, бір аяқпен бұрыла беріп, кілт тоқтай қалу, тұрған орыннан тез серпіле жүгіру, 1-2 адым аттап барып жоғары қарай секіру, бір қырымен қатарласа жүгіріп бара жатқан екі оқушы допты бір – біріне кезекпен лақтырып ұстау, Секірме жіппен 1 минутта 140-150 рет секіруге машықтану.
9
Оқушыларды сапқа тұрғызу. Жақсы, дұрыс орындаған оқушыларды мадақтау. Оқушыла...
Оқушыларды сапқа тұрғызу. Жақсы, дұрыс орындаған оқушыларды мадақтау. Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру.
 
 
X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте её своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить презентацию